Байланысты: Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org
лес – суды, анаксагор – ауаны, гераклит Эфесский отты санауды ұсынады. Ал анаксимандрдың ойынша, әлемнің негізін табиғаттың нақты бір заттарынан іздеу мүмкін емес. Әлемнің бастауы – апейрон – әлдебір белгісіз және шексіз нәрсе болуға тиіс. Фалесті ерекше бөле жарып айтуға болады. Оның үстіне, соны ғана кейбір ғалымдар еуропалық ғылым мен философияның негізін салушы деп атайды. Ол математик, астроном болған, қол жеткізген білімдерін іс жүзінде қолдануға тырысып, көп саяхаттаған. Нәтижесінде, ол әртүрлі техникалық жетістіктердің көпшілігін иеленді. Ол Мысыр пирамидаларының, көптеген ескерткіштер мен ғибадатханалардың өлшемін алуға қол жеткізді. Терең метеорологиялық білімдерінің нәтижесінде ол зәйтүн өнімдерінің түсімін сәтті болжайтын (соған орай Гегель әзілдеп, Фалестің сол арқылы философияның іс жүзіндегі маңызын көрсеткенін айтқан-ды). Мынадай бір философиялық-тарихи аңыз бар: астрономиямен айналысып, әрі аспан шырақтарын бақылап жүріп, Фалес алдындағы құдықты байқамай, соның ішіне құлап кетіпті. Соны көрген қызметші әйел: «Сен, немене, аспандағыларды білгің келгенде, енді аяғыңның астында не болып жатқанын көрмейсің бе?» – деп, ұзақ күлген екен. Бұл – жай ғана мысал: философиялық ойлар соншалықты жоғары көтерілсе де, жерден, яғни күнделікті қарапайым қам-қарекет даналығынан ажырамауға тиіс.
Ерте грек философиясының жарқын өкілдерінің бірі ретінде суды Ғаламның субстанциялық-генетикалық бастауы деп қараған гераклит Эфесскийді (б.з.д. 530-470 жж.) атауға болады. Ол текті әулеттен шыққан, алайда патша тағынан бас тартып, Артемида ғибадатханасында оқшау өмір сүріп, өмірінің соңында мүлдем тақуа болып кеткен. Соған қарамастан, ол әрдайым патша билігінің белгісі бар әшекейлер тағынып жүретін. Жападан-жалғыз, бірақ паңданып жүретін ол тек балалармен ғана қуана араласатын, оның «балалығын» түсінбей, сұрақ қоятын айналасындағыларға: «Сендермен бірге мемлекеттік істерді шешкенше, балалармен ойнағаным жақсы емес пе?» – деп жауап беретін. Гераклиттің мінез-құлқы мен көзқарастарын оның билеуші Дарияға жіберген хаты, сірә, жақсырақ көрсетіп берер. Ол хатта Гераклитті біраз уақыт өзінің сарайында болуға шақырған патша Дарияның шақыруынан жиіркенішпен бас тарта отырып: «Ге- раклит Эфесский патша Дарияға, Гистапстың ұлына сәлем жолдайды! Барлық адамдар шындық пен әділеттілік жолынан таяды. Олардың пайдақорлықтан басқа білері жоқ. Олар естерінен танғанша, бір ғана әбігерлі даңққа ұмтылады. Ал мен болсам... мекерлік маған жат және
мен ешкімге де жау емеспін... Азғантайды қанағат тұтып, қалауымша өмір сүремін», – деп жазған.
Гераклиттің ойынша, әлем – бұл ретке келтірілген Ғарыш, ол қашанда болған, қазір де бар және мәңгі болатын, заңдылықпен тұтанып және заңдылықпен сөніп отыратын тірі от.
Сонымен қатар Гераклит заттардың өне бойғы өзгергіштігін де мойындайды. «Pan ta rei!» – бәрі ағып өтеді, бәрі өзгереді. Өзеннің бір суларына екі рет аяқ сала алмайсың, өйткені екінші ретте алғашқы сулар ағып кетті ғой. Сөйтіп, әлем – үздіксіз қалыптасу, өзгеру. Ал оның негізінде не жатыр? Бұл сұраққа ол: «Қарама-қарсылықтар және олардың бір-біріне өтуі», – деп жауап береді. Ауру денсаулықтың қадірін көрсетіп, жағымды етсе, аштық тойымдылық тудырады... егер өкпе-реніш болмаса, біз әділеттіліктің не екенін білмес едік және т.б. Дүниедегі барлық осы өзгерістерге Логос (грекше – ілім, сөз) бақылау жасайды. Гераклиттің түсінігінде ол заңға жақын. гераклит диалектиканың – қозғалыс пен даму туралы ілімнің негізін қалады деуге болады.
Сәл кейініректе Гераклиттің адамның ішкі дүние-әлеміне қатысты идеяларын сократ (б.з.д. 470-399 жж.) зерттеген. Ол жеткілікті дәрежеде жұмбақ адам болатын. Ол туралы замандастарының тым қарама-қайшы естеліктері қалған: «Аристофанның «Бұлттарында» ол – жалған данышпан-сопылардың бірі, ал Ксенофанның естеліктерінде – заңға құлықты, салт-жораларды және өз елінің Құдайларын құрмет- тейтін, жастардың ұстазы болса, Платон үшін – ешкім тең келмейтін данышпан.
Сопылардың: «Адам – барлық заттардың өлшемі», – дейтін тұжы- рымымен келісе отырып, Сократ адамға қатысты бұл тұжырымды өмір тауқыметі еңсесін басқан нақты бір адамға емес, текті бір тірі тіршілік иесіне жатқызады. адам мәселесін ол өз философиясының түпқазығына айналдырады. Оның ойы бойынша, адамның денесі болғанмен, ондағы басты нәрсе – жан. Өз заманының адамдары- на қаратып, олардың бірінші орынға денсаулықты, байлықты және басқа да адамға қажетті заттарды қоятынын айтты, ал сол уақытта бірінші кезекте адамдар жандарының тазалығын ойлауға тиіс еді ғой. Сократтың пайымдауынша, жақсылық – білімдерде, ал жаман- дық – надандықта. Адам неге жамандық жасайды? – Білместіктен. Егер ол бұның жамандық екенін білсе, олай істемеген болар еді. Ізгілік – жақсылықты білу, батылдық – ол қауіп төнген сәтте не істеу керектігін білу, әділеттілік – ол азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынастары
туралы білу және т.б. Бірақ адамның білімге жетуі – қиын жол, адам жаны тәрбиені қажет етеді.
Бұл жол Сократтың кекесіні мен майевтикасынан тұрады. Кекесін деп әртүрлі сұрақтар қою арқылы дауласушы, ақыр соңында, талқыланып жатқан мәселе бойынша «өздерінің ештеңе білмейтіндерін білетін» адамдардың пікірлеріндегі қарама-қайшылық- тарды тауып көрсетуді түсіну керек. Содан кейін келесі кезең – майевтика – тағы да балгер кемпір баланың дүниеге келуіне қалай көмектеседі деген сияқты ілеспе сұрақтар беру арқылы шындыққа жету басталады. Мысалы, ғажайып деген не? Ол ғажап сұлу қыз, құмырадағы гүл, суретшінің туындысы сияқты құмыраның өзі және т.с.с. болуы мүмкін. Адамдар ондаған мысалдар келтіре алады. Бірақ Сократ қызға, құмыраға, гүлге қатысы жоқ ғажайып дегеннің не екені туралы сұрақ қойғанда, адамдар бастапқыда абдырап қалады. Содан кейін қойылған сұрақтың жауабын іздеу басталады, ақыр соңында, ғажайып – ол өзгеше кемелдікке, мүлтіксіздікке жеткен бірдеңе деген қорытындыға келеді.
Алайда Сократ бұнымен шектеліп қалмайды. Қандай мәселелер талқыланса да, ақырғы мақсат – мен қалай өмір сүріп жатырмын, менің өмірімнің мәні неде, басқа адамдарға қатынасым қандай және тағы сол сияқтылар туралы ойға келтіру. Енді ғана мақсат жүзеге асты: адам өзінің жан дүниесі туралы, қалай өмір сүріп жатқаны жа- йында ойлана бастады – демек, адамның ішкі дүниесі тазарды және ол көптеген нәрселерге басқа көзқараспен қарайтын болды.
Егер бұл осылай болса, онда өз-өзін танып-білу, өзінің құмар- лықтары мен орынсыз тілек-қалауларын тежеу, өз-өзін ұстау – адамның ең жоғарғы мақсаты болып табылады, осы кезде ғана адам мен қоғам арасындағы қарама-қайшылықтар шешілуі мүмкін. Ұсақ тұрмыстық мұқтаждықтардан адам жалпыадамзаттық мәселелер деңгейіне дейін көтерілуге тиіс. Осыны дәлелдеу үшін, Сократ туралы М.Монтень баяндаған бір тәмсіл әңгімені келтірейік. Туған жері туралы қойылған сұраққа Сократ: «Мен Бүкіл әлемде дүниеге келгенмін», – деп жауап беріпті-міс. Оның ұлылығы да осында шығар, сірә.