Экзистенциализм – бірегей адам тұлғасы өмірінің мағынасы туралы ілім ретінде
«Экзистенциализм» сөзі кейінгі латынның «existentia» – тіршілік ету деген сөзінен шыққан, яғни бұл тіршілік ету философиясы – ирра- ционализм бағыттарының бірі.
Экзистенциализм XX ғасырдың басында Ресейде (Н.А.Бердяев, Л.И.Шестов), ал содан кейін Германия, Франция және басқа ел- дерде пайда болды. Оның мазмұнын бөлшектеп талдап шығу өте қиын, өйткені бүгінгі күні философиялық, әдеби және әлеуметтік- гуманитарлық уәж-дәлелдердің орасан көп болуы бұл бағыттың мәнінің өзін кең түсіндіруге мүмкіндік тудырады.
Экзистенциализмнің бастапқы көзі Кьёркегордың философиясы болды, ол, алдында айтылғандай, адамның өміріне себеп болатын және оны қиындататын бүтіндіктен (адами ұйымдардан, идеялар, ұғымдар әлемінен) азат етіп, оны «қорқа-қорқа және дірілдеп-қалшылдаған» күйде дәл сондай оқшауланған Құдайдың алдына тұрғыза қояды. «Бол-
мыс» ұғымы адамның ішкі тәжірибесімен теңестіріледі. Ал осыдан барлық экзистенциалдық доктриналарға тән: «жалғыз шынайы бол- мыс деп адам тұлғасы болмысын тануға болады» дейтін сенім келіп шығады, яғни экзистенциализм адам мәселесін XX ғасырда түбегейлі жаңа тұрғыда ойлайды.
Адам тұлғасының болмысы – кез келген және, бәрінен бұрын, философиялық білімнің басы және аяғы. Алдымен адам тіршілік етеді – ойлайды, сезеді, өмір сүреді, ал содан кейін әлемдегі өзін, өзінің орнын айқындайды. Адам өзінің одан тыс емес мәнін (мысалы, өндірістік қатынастардағы немесе Құдайдың алдын ала пешенесіне жазғанын) өзі айқындайды, адамның мәні мақсат-мұратқа сай әлдебір бейне – «мәңгі», «өзгермейтін» адамдық немесе «антропологиялық» қасиеттер иеленген түптұлға (прототип) емес. Оның басқадай емес, осындай болғысы келеді, ол өз-өзін тудырады, өмірден жеке, дер- бес мақсат іздейді. Бірақ ол кезде адам «дербестіктен тыс болмыс» сағымдарының артына тығылмайды. Ол өзінің іс-әрекеттері мен одан шығатын салдарларға толық жауапкершілікті екенін түсінеді.
Адамның болмысы – ол драма. Адамның санасы азат және оның еркі өмір жолын алдын ала айқындағанмен, ал біздің таңдауымыз мәнімізді, жеке тұлға болмысының мәнін анықтайды, бірақ бұл адам өз таңдауында қоғамнан мүлдем азат деген сөз емес.
Адам өзінің сезімдерінде ғана жалғыз. Онда ол бір бос кеңістікте қалғандай. Басқа адаммен қарым-қатынас жасағанда ол оның еркін өзіне бағындырады немесе өзі оның еркіне бағынады (не «қарақшы», не «құрбандық»). Бұл жағдайда ешқандай нақты шындық жоқ екені түсінікті. Шындық көп – қанша адам бар болса, сонша шындық бар. Шындық – ол «субъектілік», өз күйзелістерін зерттей келе, оны табуға болады. Тірі адам үшін жалғыз шындық – ол өзінің жеке этикалық шындығы, ал нағыз нақтылық (шындық) – ішкі шешім. Ғылыми зертте- улермен айналысатын адам үшін бұның түбегейлі маңызы бар, өйткені дүниенің бойкүйездігі мен бейберекеттігіне ғалым әрекетті енгіз- генде, зерттелетін құбылысты өз мақсатының, еркінің сүзгісінен өткізе отырып, өзінің өзгерткіш, түрлендіргіш рөлін санамен түйсінгенде, дүние өзгереді.
Экзистенциалистер үшін Мартин Хайдеггердің «Болмыс және уақыт» атты еңбегі өзіндік Библия («Кітаптардың кітабы») іспетті бол- ды. Экзистенциалистік идеялар бұрында да алға тартылғанмен, Хай- деггер философияда, антропологияда және қоғам туралы ғылымда алғаш рет экзистенциалистік көзқарастың негізгі ұстанымдарын жүйелі түрде баяндауға әрекет жасады.
Хайдеггердің өмірбаяны тым қасіретті, бірақ нақ сол оның шығармашылығын түсінудің кілті болды. Қызметі тамаша өсті: ол оған дейін Гуссерльден тәлім алған университеттің (Фрейбург университеті) ректоры болып тағайындалды. Бірақ бұл қызметке ол нацистермен тығыз араласып, бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесінде жетті. Қызметке тағайындалуының салтанатты рәсімінде (инаугура- ция) сөйлеген сөзінде ол ұлттық социализмді әспеттей дәріптеді, өзін нацистік қозғалыспен байланыстырып, сол заманғы саясат тілінің өзінің философиялық тілімен бірігуі жайында айтты. Бірақ он айдан кейін Хайдеггер отставкаға кетуге өтініш беріп, белсенді саясаттан қол үзді.
Алайда осының бәрі бұл философтың жеке басы туралы осы уақытқа дейін толастамай келе жатқан пікірталастардың баста- уы болды, ал 1945 жылдан 1955 жылға дейін басқыншы билік оның оқытушылық қызметіне тыйым салды.
«Болмыс және уақыт» деген еңбегінде Хайдеггер «болмыстың» мағынасын зерттеді. Оның пікірінше, болмыстың өзін түсінуге апара- тын жол адамның тіршілік етуіне талдау жасау арқылы өтеді.
Дүние – біз өмір сүріп, тіршілік қарекетімен жүріп жатқан хал- ахуал (жай-күй), біздің өмірімізді сол белгілейді. Біз «дүниедегі тірі тіршілік иелеріміз», ал біздің адам ретіндегі нақтылығымыз (болмысы- мыз) немесе тіршілік ету тәсіліміз – біз өмірді жүзеге асырып жатқан жолдардың көптігі болып табылады.
Хайдеггер адам тіршілігін «dasein» деген терминмен (болмыс мағынасында) белгілейді. Сол арқылы ол адамның болмысы «осы жер- де және қазір» деп тіршілік етумен шектеле отырып, тарихи тұрғыда өлшенеді деп көрсеткісі келді. Жер бетіндегі өмірдің бірде-бір формасы өз болмысының соңын, яғни өзінің өлетінін түйсінбейді. Тек адам ғана өзінің өмір сүруінің уақытша екенін, сонымен бірге өз болмысының мағынасын түсінеді. Осы тұрғыдан алғанда, философияның міндетіне өмір сүретін адамның «осы жердегісі мен қазірінің» ішкі күйзелістерін зерттеу және осы өмір тәжірибесіне егжей-тегжейлі талдау жасау кіруі керек. М.Хайдеггердің жаңа онтологиясының негізінде нақ осы қағидалар жатқан-ды.
Жоғарыда аталған қағидалар тұрғысынан сол заманғы қоғамды, яғни конвейерден шығатын заттар сияқты, адамдар да орташала- нып, оп-оңай бір-бірлерін алмастырып жататын қоғамды талдай келе, М.Хайдеггер көңілсіз қорытындыларға келеді. Адамдар өзара бір-бірлерін алмастыратын болғандықтан, онда «басқа» – ол «нақты
басқа емес», – «кез келген басқа». Мұндай жағдайларда «ол» да, «бұл» да, «мен» де шынайы субъект емеспіз. Ондай адамға М.Хайдеггер зат есім болатын адам, бірақ тек орташа тұлғадағы – das Man (орыс тіліндегі Оно – средний род. – Аудармашы) деп ат қойды. Н.А.Бердяев бұл жағдайды «нысандау әлемі», яғни «заттанған әлем» деп атады. Бірақ егер адамның шынайы тіршілік етуі туралы айтсақ, онда ол тарихилықты, уақыттағы шектеулікті және сонымен бірге азаттықты түйсінуге байланысты.
Жоғарыда аталған жағдайды философ және жазушы, француздардың Қарсылық қозғалысына қатысушы альбер камю (1913-1960) кемеліне келмегендік, өлім-жітім, мағынасыздық жайлаған «сандырақ дүние» деп бағалады. А.Камю адамдарды бірігуге және осы мағынасыз сандырақ өмірге қарсы күресуге үндейді. Алайда торығу басым бұндай үндеу әлемді ақыл-парасатпен құруға келтіре қояр ма екен. Оны Камю жақсы түсінді. Мән-мағынасы жоқ өмірден батыл қол үзудің амалын ол өзін-өзі өлтіруден көрді. Ол көлік апатынан қайтыс болды.
Діни экзистенциалист габриэль Оноре марсель (1889-1973) – фи- лософ, драматург, соның атымен Франциядағы экзистенциализмнің пайда болуы байланыстырылатын театр және музыка сыншы- сы – А.Камюдің қателігін оның шынайы болмысты заттар болмы- сымен байланыстырғанынан көрді. Шындығында, шынайы бол- мыс – ол қашанда жеке тұлғаның болмысы. Болмыс – «бұл емес»,
Достарыңызбен бөлісу: |