Қазіргі заман тұрғысынан алғанда, герменевтика (гр.– germeneon – түсіндіру, ұғындыру) – ол нақты шындықтың (болмыстың) әртүрлі нысандарын герменевтикалық амалдарды: герменевтика шеңбері, үйреншікті және ғылыми рефлексия, мәндеп түсіндіруді пайда- лану жолымен түсіну туралы ғылым. Терминнің өзінің әртүрлі түсіндірмелері бар:
Кез келген: көркем, тарихи, философиялық, діни және басқадай шығармалар деп түсінілетін мәтіндерді түсіндіру өнері;
теориялық мағынасында: ол – мағынаға жету техникасы1 тура- лы ілім (бұл терминді «өзге, бөтен даралыққа жету өнері» деп түсіндіру де кездеседі);
гуманитарлық ғылымдардың қағидалары туралы ілім (бұл жерде енді онтологиялық және әлеуметтік-философиялық міндеттер әрекет етеді, яғни философиялық пәнге сілтеме жасалғаны байқалады). Бұл ғылымның атауы «адамдарға Олимп құдайларының ерік- қалауын түсіндіру» «міндеттерін» арқалаған ертедегі грек құдайы
Герместің атынан шыққан.
Ертедегі грек философиясы мен филологиясында – ол басқаша айтуды және көпмағыналы нышан-белгілерді түсіну және түсіндіру өнері. Неоплатониктерде – ертедегі грек ақындарының (Гомер, Эс- хил, Софокл және басқалары) шығармаларын жете түсіндіру. Христи- ан жазушыларында – Библияны – Көне және Жаңа Өсиетті түсіндіру
1 Мұнда: техника – мағынаға жету жолында қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы дегенді білдіреді.
өнері (мысалы, протестанттық теолог Уильям Баркли Інжіл мәтіндері түсіндірмелерінің 15 томын жазды). Мұсылман діндарларында Құран мен хадистердің мәтіндерін түсіндіру – 300-ден астам том құраған.
Ерекше пән – түсіндірме (интерпретация) әдістері туралы ілім ретінде – герменевтика XVII ғасырдың ортасынан басталды деуге бо- лады. Оның алғашқы құжаты деп Даннхаузердің әдейі герменевтикаға арналған трактатын (1654) санау қабылданған.
Алайда XIX ғасыр басталғанға дейін герменевтика мәселесі ерек- ше пән саласы ретінде ажыратылмады, соған байланысты герменев- тика басқа пәндердің (бәрінен бұрын теология мен филологияның) бір бөлігі болып қалып, көбінесе ғылыми-зерттеу мақсаттарында емес, дидактикалық мақсатта пайдаланылатын болды.
Герменевтиканы ғылым ретінде негіздеу – неміс философы және протестант теолог Фридрих Шлейермахердің(1768-1834) еңбегі. Ол үшін, қандай мәтіндер туралы сөз болып отырғанына қарамастан, гер- меневтика – түсіндірудің жалпыға бірдей, ортақ теориясы, өйткені түсіндіру ережелері бірыңғай. Оның анықтамасы бойынша, герменев- тика – ол мақсаты жазбаша құжаттарды түсіну мүмкіндігі шарттарын көрсетуден тұратын «түсіну ережелерінің өзара байланысы туралы» ілім.
Кез келген жазбаша құжат – екі табиғаты бар тілдік құрал: бір жағынан, ол тілдің жалпы жүйесінің бір бөлігі, ал, екінші жағынан, әлдебір жеке тұлға шығармашылығының өнімі. Сол себепті герменев- тиканың алдында екі міндет тұр:
а) тілдік құралды белгілі бір тіл жүйесінің элементі ретінде зерттеу (мәтіннің қандай уақыт кезеңіне жататынына байланысты);
ә) соның артында тұрған бірегей субъектіні табу (кім мәтін авторы бола алады).
Ол міндеттің бірінші бөлігін «объективтік» («грамматикалық») түсіндіру орындаса, ал екіншісін «техникалық» («психологиялық») түсіндіру өзіне алады.
Шлейермахер түсіну үдерісінің айналма сипатына («герменевтика шеңбері») назар аударады: бөлшекті (мысалы, жеке бір сөзді) түсіну – бүтінді (атап айтқанда, сол сөз кіретін сөйлемді) түсініп алмайын- ша мүмкін болмайды. Бірақ бүтінді түсіну, өз кезегінде, бөлшектерді түсінуді қажет етеді.
Герменевтиканың қалыптасуының маңызды бөлігі неміс филосо- фы, тарих мектебінің өкілі Вильгельм Дильтейдің(1833-1911) «өмір философиясы» болды. Ол герменевтиканы ерекше әдістемелік қызмет ретінде түсінді. «Түсіну» таным теориясының жеке саласы емес, – жалпы гуманитарлық білімнің («рух туралы ғылым») іргетасы деп са- найтын тезисті жүйелі дамыту – Дильтейдің еңбегі.
Герменевтика негізі деп Дильтей «түсінетін психологияны», ал сол арқылы бір немесе басқа ұрпақтың жан дүниесі мен рухани өмірінің тұтастығын түсінуді санайды.
Герменевтика тарихындағы «су айырғыш» М.Хайдеггердің (1889- 1976) «Болмыс және уақыт» (1927) деген еңбегі болды. Түсіну бұл жерде таным тәсілі ретінде емес, болмыс тәсілі іспетті әрекет етеді. Сол арқылы герменевтика онтологиялық мәртебе иеленеді. Ол тек гуманитарлық танымның ғана қосымша пәні немесе әдістемесі бо- луын тоқтатып, «түсінудің жан-жақты философиясына» айналады. Дәл осы қорытындыны Хайдеггер еңбегінен 1960 жылдардың басын- да философиялық герменевтика тұжырымдамасын алға тартқан ганс георг гадамер (1900-2002) жасаған.
Ол 1960 жылы классикалық шығармаға айналған «Шындық және әдіс» атты еңбегін жарыққа шығарды. Оның пайымдауынша, герменев- тика – ол түсіну құралы ғана емес, сонымен қатар болмыстың негізін айқындауға және көрсетуге ұмтылу, өйткені түсіну таным үдерісінің бір қырын құрап қана қоймайды, сондай-ақ адам болмысының тәсілі де болып табылады. Ол В.Дильтейдің бір немесе басқа дәуірдің руха- ни ахуалына ену қажеттігі туралы идеясына қарсы шығады, өйткені оны мүмкін емес деп санайды. Біз қанша тырыссақ та, мысалы, Пла- тон мен Аристотельдің дәуіріне кері орала алмаймыз және дүниені олар қабылдағандай қабылдай алмаймыз. Біз – басқамыз. Сондықтан әртүрлі уақыттағы әр алуан мәселелердің шешімдерін салыстыру ту- ралы ғана сөз ете аламыз. Негізгі мақсат – өткен оқиғаны қайтадан құрап шығу емес, оны қазіргі заман жағдайымен ұштастыру және соның негізінде жаңа мағыналар мен мәндерді құру.
Герменевтикаға осындай көзқарас пікірлердің плюрализмін1 ту- дырды. Оның үстіне, Гадамердің өзі де бірде-бір адамның шындыққа толық көлемде ие бола алмайтынына сендіреді. Сондықтан тұрақты түрде біреумен әңгімелесу, басқаның ой-пікірлеріне ықыласпен қарау, оны түсінуге тырысу қажет.
Гадамерше, өткен ғасыр адамының жан дүниесіне енудің (ол мүмкін емес!) орнына, ол айтқан идеялардың мағынасына жету, ұғыну ке-
1 Бұл жерде: плюрализм – көптеген әдістердің, көзқарастар мен бағыттардың болуы заңды деп танушылық.
рек, яғни мәтіннің ар жағынан тұлғаның қайталанбас ерекшеліктерін емес, авторды толғандырған мәселені көре білуге ұмтылу керек. Бұл жерде біз Г.Гадамердің герменевтикадағы артық психологизмге теріс көзқарасын көреміз.
Бір дәуірден екіншісіне өткенде мәдениеттегі ахуал өзгереді, ескі көзқарастар, құндылықтар мен нормалар сынға ұшырайды, жаңа философиялық, этикалық, эстетикалық және басқадай теориялар пайда болады. Алайда әлдебір тұрақты нәрсе қалады, ол тіл, соның нәтижесінде өмірлік тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа беріледі, адамдар бір-бірлерін өзара түсінеді. Осы тұрғыдан алғанда, түсінбеу – әртүрлі тілдерде сөйлеумен парапар. Сол себепті тілге құнттылықпен қарау арқылы, ұмыт болған сөздерді «тірілту», олардың құпия, жасырын мағыналарын ашу арқылы, біздің ойымызша, герменевтика мәдениетте өзінің делдалдық қызметін атқара алады.
XX ғасырдың 70 жылдарының ортасынан бері қарай Еуропа елдерінен өзге, АҚШ пен Канадаға қозғау салған «герменевтика дүңкілі» басталды.
Сонымен, герменевтика бүгінгі күні – ол тағы бір философиялық пән, бірақ ол философия мен ғылым тарихына, логикаға, психологияға лингвистикаға және т.б. негізделсе де, тіпті де философияны қайталамайды, бірақ оның назар аударатын нысанасы – нақты шындыққа енгізілген түсінетін адам болды және бола бермек.