Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Оналбекова Шынар
|
Сабақ:
|
Тақырыбы: А.Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
|
Сынып: 9 «Б»
|
Қатысқандар:20
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
Поэманың идеясын ашу, тереңіне бойлату; тарих пен шығармадағы Ескендірді салыстыру, ақынның образ жасау шеберлігін ұғыну;
оқушыларға ойларын еркін жеткізе білуге бағытталған тапсырмаларды ұсыну арқылы дүниетанымдарын кеңейту, ізденушілікке баулу;
оқушыларды мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелей отырып , тәлімі мол туындыдан үлгі алып, өмірде пайдалана білуге баулу, өзіндік ой қорытындысын жасауға үйрету;
|
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Поэма мазмұны туралы біледі.Шығарманың тәрбиелік мәнін түсінеді.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Адамгершілік қасиеттерді ажыратады.Тарихи-әдеби деректерді пайдаланып, талдай алады
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне байланысты ішкі сезімдерін тұжырымдайды.Адамгершілік қасиеттердің маңыздылығына баға береді.
|
Тілдік мақсаты:
|
Барлық оқушылар орындай алады: поэманың мазмұнын әңгімелеп, жоспар құра алады, сұрақтарға жауап бере алады.
|
Сөздік қор мен терминдер: ұят, ар, иман,кәпір көз,іші тар;
|
Диалог құру: қанағат, тойымсыздық, даналық, әділеттік
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
1.Қанағат деген не?
|
2.Ақын Ескендір образы арқылы неден сақтандырады?
|
3.Аристотель бейнесі арқылы нені дәріптейді?
|
Ишара:
|
Алдыңғы оқу
|
А.Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы
|
|
Жоспар:
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы 5 минут
|
Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал.
«Шаттық шеңберін» құру.Оқушыларға жақсы тілектер айтқызу.1 минут
-Оқушыларды топқа бөлу. «Данышпан», «Қанағат», «Рақым» сөздері жазылған қағадарды таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.Топ басшысын таңдау және бағалау критерийлерін түсіндіремін.
1 минут
Үй тапсырмасы:
«Ескендір» поэмасы бойынша жоспар құру, қосымша деректер жинақтау.
3 минут
|
Топ аттары, бағалау критерийлері жазылған парақшалар
|
Ортасы
минут
|
Интербелсенді тақтадан таразының суреті көрсетіледі.
Қызығушылықты ояту кезеңі
1.“Ой шақыру ”әдісі
(Таразы суреті)
Бұл не? Ол туралы сөз, сөз тіркесі, сөйлем айту
- таразы, таразыла, ой таразысы, ақыл таразысы
Қу жолдас болмас, әлі-ақ өтер,
Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!
Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсыз иман жоқ түпке жетер.
- Мына 4 шумақты өлеңде асты сызылған сөздер бар. Олар не деген сөздер?
- Ендеше, өз бойымыздағы қасиеттерімізді де таразылай отырайық.Алдарындағы қағаздағы кестені толтыру.
Александр Македонскийдің суреті.
- Мына суретте кім бейнеленген?
- Дұрыс, Абай қай поэмасында Ескендір Зұлқарнайын туралы жазды деп айтқан болатынмын?
- Жақсы, сонымен бүгінгі сабағымыздығң тақырыбы, мақсат пен міндеттері қандай болмақ деп ойлайсыздар?
Бүгінгі сабаққа таразының қатысы бар ма? Тарихқа шолу жасайық. Поэма кейіпкері Ескендір туралы не білесіңдер?
Проблемаға шығу:
Поэманы үйде оқып түсінгендіктен, талдау сатысына шығамыз.
- Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?
Негізгі тақырыбы:
- Ескендір Зұлқарнайын туралы.
- Поэманың негізгі идеясы не?
- Әділдік пен жауыздық арасындағы тартыс.
«Мағынаны тану» кезеңі
«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі
Ақ телпек – Статистикалық (деректерді толассыз келтіреді)
Ескендір кім?
Сары телпек – Сәттілік (сәтті кезеңдерді айтады)
Қара телпек – Сәтсіздік (поэманың сәтсіз тұстарын айтады)
Көк телпек – Аналитикалық (талдау жасайды, поэманы жатқа айтады)
Жасыл телпек – Шығармашылық (идеялар мен болжамдар айтады)
Қызыл телпек – Сезімтал (поэманы оқу барысында бастан кешірген сезімдерін тұжырымдайды)
Постермен жұмыс
І топ «Поэмадағы Ескендір бейнесі»
ІІ топ «Қанағатсыздық қайда апарады?»
ІІІ топ «Тойымсыздық сыры неде?»
|
|
Соңы
минут
|
Шығармашылық тапсырма:
«Қанағат - қарын тойғызар» тақырыбына 3 минуттық эссе жазу (7-8 сөйлем):
не ұқтым,
өзіме ұнаған жерлері,
несімен ұнады,
қандай қорытындыға келдім,
өз ойларым,
нені әлі де білгім келеді
|
|
Үй тапсырмасы:
|
Ескендірдің жорыққа шыққан жерлері туралы деректер жинақтап келу.
|
|
|
Саралау
|
|
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз
|
Бағалау—оқушыға білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс-денсаулық,қауіпсіздік,АКТ-мен байланыс.Құндылықтармен байланыс(Тәрбие элементтері)
|
Тақырыпқа қатысты қосымша деректермен жұмыс жасайды.
|
«Бас бармақ», смайликтер
|
Құндылықтармен жұмыс
|
|
Рефлексия
|
|
1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
|
Сабақтың мақсатын тақырыпқа байланысты дұрыс қоя білдім.Сабақ мақсатын жүзеге толық асырдым.
|
|
2.Бүгін оқушылар не үйренді?
|
Бүгін оқушылар жақсы мен жаманды, қанағат пен тойымсыздықты ажыратуды үйренді.
|
|
3.Сабақ қалай өтті?
|
Сабақ балаларға ұнады,оңай тапсырмалардан гөрі күрделі тапсырмаларды орындау қызықты болды.
|
|
4.Қандай деңгейде өтті?
|
Сабақ жақсы өтті,балалар тапсырмаларды бірлесе отырып орындады.
|
|
5.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
|
Жоспарланған саралау жүзеге асты.Басым көпшілігі жеңіл және орта деңгейдегі тапсырмаларды орындады.
|
|
6.Тапсырмалар сәйкес болды ма?
|
Тапсырмаларды баланың жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сай дайындадым.
|
|
7.Уақыт қалай пайдаландым?
|
Уақытты тиімді пайдаландым.
|
|
8.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
Топта отырған балалар орындай алатын тапсырмалар,қызықтыра алатын тапсырмалар ұйымдастырамын.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |