- Балалар,
олай болса, үйге берілген тапсырмаларға кезек берелік.
- Үйге Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқу, «Ескендір» поэмасымен танысу, «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Өлсем орным қара жер сыз болай ма» өлеңдерінен үзінді жаттауға берілді.
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:
Қызығушылықты ояту. ББҮ стратегиясы арқылы «Поэма» дегенімз не? Абайдың «Ескендір» поэмасы туралы білетіндерін сұрау.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
«Поэма» сөзіне түсінік беру. Поэма (грек. – «туынды») – орта көлемді эпикалық түрге жататын, өмірде болған не болуға тиісті күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттейтін жанр. Абайдың поэмалары:
Ескендір, Масғұт, Әзім әңгімесі.
Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.
Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.
Бүгінгі сабағымыз да Абай поэмаларына арналады. Тақырыбы – Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы. Мақсаты: шығарманың идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсіну, ақынның образ жасау шеберлігін ұғыну, өзіндік пікірлеріңізді қалыптастыруға дағдылану.
Үш топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз. Топ мүшелерін топбасылары бағалап отырады. Поэма мәтінін үйде оқып келген болатынсыздар.
«Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами – «Ескедір-нама» дастанында, Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында» жазып, Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А. Жуковский түпнұсқасына ұқсас болып келеді.
2. «Кубизм» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жүргіземіз. Үш топқа екі тапсырмадан беріледі.
1-қыры: «Ойланыңыз». Шығарма мазмұнына жоспар құрыңыздар.
2-қыры: «Зерттеңіз». Зерттеу сұрақтары:
1. «Абай «Ескендір» поэмасын шығыс поэзиясына сүйеніп жазды» - деген пікірді қалай түсіндіресіздер.
2. «Ескендір» дастаны тек шығыс поэзиясына ғана сүйеніп жазылған ба?
3-қыры: «Қолданыңыз». «Ескендір» поэмасының мазмұны бойынша шағын көрініс көрсетіңіздер.
4-қыры: «Суреттеңіз». Поэмадағы Ескендір бейнесін суреттеңіздер.
5-қыры: «Салыстырыңыз». Абайдың «Ескендір» поэмасы мен қарасөзін салыстыру.
6- қыры
«Талдаңыз». «Ескендір» поэмасына талдау жасау.