Диалектикалық тәсіл зерттеуде төмендегілерді қажет етеді:
а) бәрінен бұрын, зерттеліп жатқан нысанның өз қозғалысы мен кез келген өзгерісінің бастауы болып табылатын ішкі қайшылықтарын табу. Ол үшін ойлау санаттары да бір-бірімен өзара байланысты, со- нымен бірге қарама-қарсы болуға, бір-біріне өтуге дайын болуға тиіс; ә) зерттеліп жатқан құбылыстың осы әлемнің басқа заттары- мен байланыстары және қатынастарының барынша көп санын
мүмкіндігінше егжей-тегжейлі зерттеу. Әлбетте, Әлемнің барлық бай- ланыстары мен қатынастарын қамту мүмкін емес, өйткені Әлем шексіз, алайда өз-өзіңді қателіктен сақтау үшін, маңыздыларын қамту керек;
б) зерттелетін нысан бір орында тұрмайды, ол өне бойы әлдебір өзгерістерге ұшырап жатады, болмыссыздыққа кеткенге дейін өзінің даму сатысынан өтеді. Сол себепті диалектиканың талабы – зерттеуде тарихи тәсілді қолдану;
в) бұл дүниеге келетін әрбір зат өзінің меншікті түпнұсқалы бол- мысын растауға тырысады, сонымен бірге дүниенің басқа заттарымен әртүрлі байланыстарға да түседі. Егер солай болса, онда әр зат өзінің түпнұсқа екендігімен құнды. Ал осының бәрін нақтылық ұстанымына сүйеніп қана танып білуге болады.
Диалектика санаттарының кез келгенінің өз әдістемелік мағынасы бар, өйткені ол заттар мен құбылыстардың барынша ортақ, маңызды жақтарын көрсетеді. Әлем өзінің терең негізінде қайшылықты болғаннан кейін, диалектикалық санаттар жұптық сипатқа ие және бір-бірлеріне қарама-қарсы. Сондықтан тұрақты болып тұратын сандық өзгерістер, ерте ме, кеш пе, шаманың бұзылуына және заттың басқа жаңа қасиетке ие болуына келтіреді; себеп салдарды туғызады; шындық жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына; кездейсоқтық оның артында жатқан қажеттілікті іске асыруға жеткізеді және т.б.
метафизакаға келсек, онда алдымен бұл түсініктің екі мағынасын ажыратып алайық. Ертеде А.Родосский Аристотельдің «Алғашқы фи- зика» деген кітабын «Метафизика» (физиканың артында жатқан) деген атпен жарыққа шығарды. Сол уақыттан бастап осы уақытқа дейін сол түсінікпен «болмыс туралы ілім» – физикадан тыс жатқан мәселелер, яғни әлемнің: «Әлем шектеулі ме, жоқ әлде шексіз бе, уақытша ма, әлде мәңгі ме?», «Шындық, Борыш, Әдемілік деген не?», «Құдай бар ма, әлде жоқ па?» дейтін терең философиялық мәселелері ұғынылып келеді.
Жаңа заманда Г.Гегель бұл ұғымға екінші мағына – диалектикаға қарсы тұратын даму туралы ілім мағынасын берді.
Сонда метафизикадағы даму қалай қарастырылады?
Даму бастауын метафизика сыртқы әсерден көреді. Мысалы, көпшілік адамдар тұлғаның жақсы білім алуын оқытушылардың са- палы құрамына байланысты деп санайды. Рас, бұл – маңызды фак- тор. Бірақ егер білім алушы адамның ішкі талпынысы, білетіні мен білмейтіні арасындағы ішкі жалынды тудыратын қарама-қайшылықты
санамен ұғынуы болмаса, қандай академиктер сабақ берсе де, ол терең білім ала алмайды.
Метафизика дамуды заттың біртіндеп ұлғаюы немесе кішіреюі деп қарайды. Мысалы, көпшілік адамдар ана құрсағындағы ұрықты барлық органдары бар кішкентай адам деп санайды. Ол тоғыз ай бойы өседі де, ақырында, дүниеге келеді. Бірақ бұл – түп-тамырымен дұрыс емес пікір. Ұрық тоғыз ай ішінде өмірдің өзінің 3,5 млрд жыл дамуы барысында жүріп өткен жолын қысқаша қайталап шығады. Ал сәби алғашқы үш жылда өз халқының мыңжылдықтар бойы қалыптасқан тілін меңгеріп, «мен» деген сезім иеленеді. Онтогенез (нақты орга- низм) филогенезді (тек, түр) қайталайды.
Метафизика дамуды жүріп өткен сатыларды қайталау деп қарайды. «Бұл Айдың астындағының ешқайсысы жаңа емес: қыстың соңынан көктем келеді, оның артынан жаз, күз және тағы да қыс» деген терең ой толғанысын, сіздер, шамасы, аз естімеген боларсыз- дар. Бір қарағанда, ақылға қонарлық «даналық». Алайда бұл жылғы қыс өткен жылғы қысқа ұқсамайды. Табиғатта адам байқамайтын немесе айтарлықтай мән бермейтін өзгерістер болып жатады, ал мыңжылдықтар өткен соң, олар жаңа құбылыстардың пайда болуы- на келтіреді. Өкінішке қарай, адам өмірі – жел өтіндегі балауыз шам іспетті, өйткені ол тым қысқа. Егер біз мың жыл өмір сүретін болсақ, онда табиғаттағы ғажап өзгерістерді байқаған болар едік. Біз бұрын динозаврлардың, птеродактильдердің өмір сүргенін білеміз, өйткені олардың қаңқа-сүйектерін таптық. Сірә, енді «жүріп өткен жолдардың метафизикалық қайталануының» жалған екені күмән ту- дырмаса керек.
Қоғамтануда, саясатта, дипломатияда және басқа салаларда сопылық (софистика) және эклектика (түрлі идеяларды дәйексіз пай- далану) ұғымдары жиі кездеседі. Сопылықтың отаны, естеріңізде бол- са, ертедегі Грекия болып табылады. Сопылық деп қараны ақ етіп және керісінше көрсеткен, шындықты саналы түрде бұрмалау түсінілген. Сопылықтың осы уақытқа дейін, әсіресе саясатта өмір сүріп келуінің себебі қоғамдық өмірдің төтенше күрделілігі, яғни әртүрлі әлеуметтік топтардың кейде мүлдем кереғар мүдделер мен мақсаттарды көздейтіндігі болып табылады. Екінші жағынан, қолында билік бар таңдаулы топтың әртүрлі «пиар-технологиялардың» көмегімен қоғамға өз мүдделерін таңуы орын алады.
Эклектикаға келсек, ол – қосылмайтынды қосу, ол тағы да әлдекімдердің мүдделері үшін немесе жаңылысу, зерттелетін нысанның
табиғатын атүсті тану нәтижесінде іске асады. Оған «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деген мәтел дөп келеді.
Әлбетте, әдістеме, таным қоғамның, ғылым мен техниканың жетілуімен қатар дамиды. Батыста өткен ғасырдың 80 жылдарында танымның жаңа саласы – синергетика (грекше – келісілген әрекет) пайда болды. Оның негізін салғандар И.Пригожин мен Г.Хакен болды. Материалистік бағыттың философтары ертеден-ақ материяның ішкі қуатын, оның өздігінен дамуға қабілетін таныған. Бірақ бұл постулат дерексіз, нақты, шынайы мазмұнмен бекімеген күйінде қалып қойды. XX ғасырдың 70 жылдарында ғана Г.Хакен мен И.Пригожин синер- гетика деп аталатын жаңа ғылымның негіздерін құрып, ол мәселенің шешімін тапты. Бүгінгі таңда синергетика өз-өзін қалыптастырудың теориясы ретінде қарастырылады. Оның негізгі постулаттары:
Ғаламда бір-бірімен өзара байланысты екі үдеріс бар: біріншісі – бүліну, ыдырау, энтропия, бейберекеттікке ұмтылу; екіншісі – келі- сілген әрекеттер арқылы тәртіпке ұмтылу, күрделену, қайта өрлеу.
Тәртіпке ұмтылудың және күрделенудің реті (алгоритм) төмендегілерді қажет етеді:
а) дамушы жүйе ашық болуға, өне бойы қоршаған әлеммен заттар, энергия және ақпараттар алмасуы арқылы байланыста болуға тиіс;
ә) жүйе әртүрлі болуға тиіс, яғни онда термодинамикалық тепе- теңдік болмауы керек, әйтпесе ол ыдырайды. Теориялық физикада қаралатын жабық жүйелер дәріптеу болып табылады, шынайы әлемде іс жүзінде барлық жүйелер – ашық.
Синергетика ашық, тең салмақты емес, ашық жүйелерде өне бойы ары қарай реттелу және күрделену үдерістері болып жататынына сендіреді. Басында оқиғалардың орын алуы барысын болжауға бо- лады. Бірақ уақыт өте келе, жүйе өзінің орнықсыз жай-күйіне, би- фуркация деп аталатын, яғни оның ары қарайғы дамуының векторы айқындалатын нүктесіне жетеді. Ал ол векторды «Ұлы мәртебелі кездейсоқтық» айқындайды. Есепсіз мүмкіндіктердің ішінен кейіннен жүйенің бейнесін қалыптастыратыны жеңіп шығады. Жүйе күрделенуінің жаңа айналымы басталады.
Алайда жүйені қалыптастырудың деңгейін көтеру үшін, қоршаған ортадан мүмкіндігінше көп энергия мен ақпарат алу қажет, яғни соңғыны берекетсіздендіруді іске асыру керек.
Бір немесе басқа ұйымдасқан жүйе үнемі әлдебір сыртқы күштердің бүлдіргіш әсерін сезеді және сол себепті өз-өзін сақтау үшін, қарсы әрекет көрсетеді. Бірақ кез келген жүйе шектеулі, ал оны- мен салыстырғанда, Әлем – орасан үлкен. Өзінің қарсы әрекет ету
әлеуетін сарп етіп болғанда, ол сөзсіз ыдырайды. Бірақ бейберекеттік шектерінде тәртіпке, күрделенуге және жетілуге ұмтылатын жаңа құрылымдар пайда болады...
Сөйтіп, синергетика тек жанды табиғаттың дамуын ғана мойын- дап қоймайды, сонымен бірге ол осының бәрі жансыз табиғатқа да, қоғамға да, рухани өмірге де тән деп санайды. Бұл үдерісте «кездейсоқ жағдайдың» маңызы орасан және сондықтан ешкім ешқашанда Әлем- нің болашақтағы дамуын болжай алмайды. Әлем ешқашан өзінің мүлтіксіз жетілуіне жетпейді, сол себепті, бір жағынан, тәртіп пен күрделенуге ұмтылу, екінші жағынан, ыдырау мен күйреу болып жа- тады.
|