Ғылым тарихы және философиясы



бет136/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

Формализация. Формализация деп дәл түсініктер мен ұстанымдардағы ойлау нәтижелерін бейнелеу түсініледі. Матема- тикада және формальды логикада – ол білімдерді барлық ықтимал, мүмкін нышандар мен белгілерде бекіту. Формализация бір немесе басқа теорияның негізгі постулаттары арасындағы дедуктивтік өзара байланыстарды анықтаудан басталады. Оның аса тиімді құралы тұжырымдық әдіс болып табылады. Тұжырымдар – түйсіктік

айқындығына байланысты дәлелдеусіз сенімге алынған бір неме- се басқа ұйғарымдар, яғни растау. Теорияның барлық ұйғарымдары қисынды жолмен бір-біріне тәуелді емес тұжырымдардың азғантай са- нынан шығарылады.


Формализация толық және толық емес деп бөлінеді. Толық формализация кезінде теорияның барлық құрылымдық бөлшектері тұжырымдық – дедуктивтік талдауға жатқызылады. Толық емес формализацияда теорияның тілі мен логикасы тек ішінара талдауға жатады.
Ғылыми түсініктерді нақтылай отырып, формализация ғылымның санаттық жиынтығына сай болатын ғылыми тілдердің құрылуына жеткізеді. Бұл өте маңызды, өйткені кейде ғалымдар арасындағы жете түсінбеушіліктер кейбір ұғымдардың айқын еместігі, екіжақты мағыналылығы себепті туып жатады.
Алайда бұл жерде формализацияның өз шектері болатынын атап өткен жөн. Позитивистер құсап, ғылым философиясының барлық мәселелерін ғылым тілін талдауға жатқыза салуға болмайды. Аса та- нымал математиктер – Черч, Гедель, Тарский және басқаларының еңбектері математиканы таза формальды түрде негіздеудің мүмкін еместігін көрсетті. Сондықтан формализация ғылым тіліне мазмұнды талдау жасау арқылы толығуға тиіс.
Ал енді кейде таным әдістемесі деп аталатын жалпыға ортақ әдістерді қарастырайық. Жалпыға ортақ әдістердің өзгешелігін төмендегілерден көреміз:
а) олар ғылыми танымның барлық салаларында қолданылады; ә) олар зерттеудің басынан аяғына дейін танымға ілесе жүреді.
Ғылымда жан-жақты әдістемелік тұжырымдамалардың болуы бұл әлемнің тұтастығымен түсіндіріледі. Жанды және жансыз табиғат, қоғам, ойлау үдерістері – барлығы да дамудың жалпыға ортақ заңдарына бағынады. Жоғарыда аталғандар тұрғысынан алғанда, та- ным тарихында екі тәсіл, естеріңізде болса, диалектика және метафи- зика деп аталған тәсілдер пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет