Ғылым тарихы және философиясы


ғылыми мамандықтарға мамандар даярлау туралы



бет141/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

ғылыми мамандықтарға мамандар даярлау туралы


Кез келген ғылым өз қатарын талантты, ізденуші жастармен толық- тырмаса, оның сөніп қалуы немесе қасаң қағидаттық ұйқыға кетуі әбден мүмкін.

Оның үстіне, бүгінгі таңда, ғылыми-техникалық, әлеуметтік- гуманитарлық ақпараттар қарқынды өскен кезде, жаңа ғылыми пәндер пайда болғанда, – егер біз өркендеуге жетуді қаласақ, онда ғылыми мамандар даярлауға ерекше назар аударылуға тиіс. Өкінішке қарай, барлық дерлік елдерде ғылым адамдары өзінің жалақы деңгейімен де, беделі деңгейімен де басқа тартымдырақ мамандықтармен бәсекеге түсе алмайды. Ғалымның беделін, мысалы, өнер қайраткерлерінің, саясаткерлердің немесе генералдардың беделімен салыстыруға болмай- ды. Ғалымның жалақысы орта деңгейдегі мемлекеттік қызметкердің табысымен парапар. ғалымның артықшылығы тек оның сүйікті мамандығымен айналысатындығында ғана. Сондықтан ғылымға келетін жастар саналы, терең ойланған таңдау жасауға тиіс.


Алайда барлығын да солғын түске бояу дұрыс болмас. Еліміздің ары қарайға өркендеуіне қарай қоғамның зияткерлік әлеуетіне көбірек көңіл бөлінетін болды. Елдегі университеттерде зертханалық базалар дамып жатыр, оқу үдерісінде компьютерлік технология кеңінен пайдаланыла- ды, дарынды жастардың конкурстық негізде президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша дамыған елдердің жоғары оқу орындарында оқитын мүмкіндіктері бар. Жоғары білімді, ғылымға ұмтылатын жас- тар әлемдегі ірі ғылыми орталықтарда тәжірибеден өте алады. Өмірдің барлық салаларына Батыстың жоғары стандарттарына сай жаңа техноло- гиялар енгізіліп жатыр. Елдің ірі қалаларында технопарктер, инкубатор- лар салынып, пайдалануға берілген. Ғылымға ынтық жастар сол жерлер- де зерттеулерін жүргізіп, шығармашылық әлеуеттерін іске асыра алады.
Дүние жүзін жайлаған дағдарыс әлемдік экономиканың жер шарының барлық елдерінің, оның ішінде Қазақстанның да өміріне ауырлық түсірген көптеген теріс жақтарын ашып берді: экономиканың шикізаттық бағытынан тез арада шегініп, қазіргі заманға сай техноло- гиялар енгізу, адам капиталын дамыту негізінде елді индустрияланды- ру керектігі туралы мәселені төтесінен қойды.
Біздің көзқарасымыз бойынша, елді ары қарай индустрияландыру- да еңбекті әлемдік бөлу тәжірибесін ескеру қажет. Мысалы, әлемдік машина жасау өндірісінде ғасырлық тәжірибесі және онжылдықтар бойы жинақтаған қуатты шығармашылық әлеуеті бар дамыған ел- дермен бәсекелесе және сол жерден өз орнымызды таба аламыз ба?
Электрондық өнеркәсіп бойынша да соны айтуға болады. Ауыл шаруашылығына қажетті машиналар, кен-руда өнеркәсібі үшін құрал- жабдықтар жасау туралы айтсақ, онда өзіміздің меншікті индустрия- мызсыз бұл салаларда тіпті де жұмыс істей алмаған болар едік.
Қазақстандық әлеумет үшін «Құдайдың Өзі берген» мақсат та, міндет те – ауыл шаруашылығын және сонымен байланысты жеңіл өнеркәсіпті өркендету. Кеңес заманы тұсында ауыл шаруашылығын дамытуға миллиондаған қаржы салынуы кездейсоқ емес. Біздің па- йымдауымызша, мемлекеттің осы кездегі күш-қуаты, бәрінен бұрын, өнімді қайта өңдеуді және өткізуді, шағын шаруа қожалықтарына материалдық-техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін әртүрлі қауымдастықтар құру арқылы экономиканың аграрлық саласына бағытталуға тиіс. Жоғары білікті менеджерлер даярлау, техника мен құрал-жабдықтар сатып алу үшін кредиттер беруді қамқорлыққа алу аса маңызды. Осының барлығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауылдар мен шағын қалаларда жаңа жұмыс орындарын құру арқылы қалаға қысым түсуін жеңілдетуге, аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
Екінші бір кезек күттірмейтін мәселе – ол құрылыс индустриясын дамыту, халықтың қалаларға шоғырлануы қарқын алып келе жатқан қоғамның өткір қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, қалаларда ар- зан және көлемі ықшам тұрғын үйлер құрылысын кең жүргізу. Оның үстіне, басты назар шектен тыс өсіп келе жатқан мегаполистерге емес, шағын қалаларға аударылуға тиіс.
АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті А.Гор 2007 жылдың желтоқ- санында өзіне қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығы тапсырылып жатқанда жердегі климаттың өзгеруі туралы айта келе, әлдебір қолапайсыздық қазіргі заманғы өркениет негізінің өзінде жатуы мүмкін деген мағынада пікір айтқан-ды. А.Гордың ойын ары қарай жалғастыруға бекініп, қазіргі заман адамзатын құртып отырған кеселдің нақ осы рухани-адамгершілік тоқырау екенін нық сеніммен айта аламыз. Адам өмірінің сыртқы жағы жыл өткен сайын адамның орасан көп күшін босата келе, барынша жеңілге айналды, ал қазіргі заманғы өркениеттің қасіреті оның осы құбылыспен не істеу керектігін білмеуінде жатыр. Оларды материалдық игіліктерді көбірек тұтынуға, сезімдік- тәндік ләззаттарға мейлінше көбірек берілуге жұмсауға болатындай көрінген. Сондықтан да өмір сүруі сарқыла бастаған шақта: «Panem et circenses!» («Нан және қызық-думан!») деп ұрандаған ертеримдік қағида қайтадан қажеттілікке айналды. XX ғасырдың 60 жылдарында пай- да болған «Жеңсікқұмарлық революция» өзінің шығар шыңына жетіп,
ертедегі тәтті өмірге ынтық болғандарды артқа тастап, тіпті басып озды. Отбасы әдет-ғұрыптарының бұзылуы, «азаматтық неке», «біржынысты сүйіспеншілік» дегендер санының артуы қазіргі заманғы адамзаттың терең рухани-адамгершілік тоқырауының белгілері болып табылады.
«Ашықтық» жағдайында, қоғамның барлық қырларын «кешіктіріп жаңашаландыру» дегеннің іске асуы барысында қазақстандық әлеумет жетістіктерге ғана емес, шығындарға да жеткізетін «сыртқы» ықпалдың әлеуетін сезініп отыр. Дамыған елдер өмірінің жоғарыда келтірілген теріс мысалдары, өкінішке қарай, аз болса да, біздің қоғамымыздың өмірінде де көрініс беріп қалады. Сол себепті мыңжылдықтар бойы қалыптасқан адамгершілік ұстанымдарын сақтау – адамдарымыздың орнықты өмірін және жақсы моральдық жай-күйін қамтамасыз ету үшін өмірлік маңызды болып саналады.
Осындай жағдайда білім – рухани құлдыраудың өсу үдерісін тоқтата алатын, адамның шығармашылық дарынын көрсетуге мүмкіндік беретін, өмірге гуманизм және жалпыадамдық құндылықтарды енгізе алатын аса маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дамып келе жатқан әлеуметтік-экономикалық ахуал білім беру жүйесінен оқыту сапасын жақсартуды ғана емес, сонымен қатар білім беруден, кәсіби дағдыларға баулудан ғана тұрмайтын, сондай-ақ басқа – моральдық- этикалық құндылықтарға тәрбиелеу мақсаты бар білім беру жүйесінің барлық қызметтерін қайта қарауды қажет етеді.
Болашақ мамандардың терең рухани-адамгершілік дайындығынсыз жалаң сциентизмнің «бірөлшемді адам» (Маркузе) қалыптастыруға жеткізетінін түсіну керек. Ал сонымен қатар дінтану, этика және эстетика сияқты пәндердің тек гуманитарлық факультеттерде ғана оқытылатынын айтқанымыз жөн. Сондықтан бұл әрекетіміздің мәселенің өзін шеш- пейтінін білсек те, жақын болашақта оқытылып жатқан әлеуметтік- гуманитарлық пәндердің рухани-адамгершілік әлеуетін мүмкіндігінше мол пайдалануға тырысудан басқа ештеңе қалмайды.
Қоғамның рухани өмірінің күрделілігі сонша, бұл жерде саясаттың
«бұралаң жолдары» жарамсыз болмақ. Құқықтың мүмкіндіктері де шектеулі. Сондықтан рухани қайта өрлеу – ол зиялы қауымның, қоғамның барлық көзі ашық күштерінің ісі. Көптеген мыңжылдықтар бойы ең бір ақылды, жарқын ойшылдар, пайғамбарлар мен әулиелер өз ілімдерін құрды және бар күш-қуаттарын сарп етіп, соларды насихатта- ды. Алайда қиындығы мол жолда адамзат оншалықты қабілетті шәкірт болмай шықты. Бірақ жасқа да, кәріге де рухани жетілу кеш емес, әсіресе адамзат терең рухани-адамгершілік тоқыраудың құрсауында қалған қазіргі уақытта тіпті те кеш болмауға тиіс.
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет