Ғылым тарихы және философиясы



бет159/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

«ақылды жануарлар» деп аталатындардың шыңына шығып, өзінің миллиондаған әртүрлі формаларын тудырды. Олардың қатарына маймылдарды, иттерді, пілдерді, дельфиндерді, киттерді және т.б. жатқызуға болады. Олардың кейбіреулері өз дамуында сынақтар мен қателіктер, өмір сүрген кезінде әлдебір жаңашылдыққа үйрену, қоршаған ортаға икемді бейімделу арқылы нақты ойлау деңгейіне жетті. Зоологиялық күшке негізделген табындық өмір пайда болды. Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығы да материя қозғалысының биологиялық формалары аясында өмірдің жеткен жоғарғы
шыңдары болды – жетілудің ары қарайғы мүмкіндігі сарқылып бітті. Өмірдің ары қарай дамуы үшін «біртінділіктің үзілуі» және санаға секіру үшін, әлдебір «түсіргіш ілмек» қажет болды. Ол адамның пай- да болуына байланысты еді. Ал түсіргіш ілмек деп климаттың күрт өзгеруін айтсақ, соның нәтижесінде архантроптар (ерте замандар- да өмір сүрген, қазба жұмыстары арқылы табылған адамдар) жерге түсуге мәжбүр болды да, алдыңғы аяқтары босап, кейіннен адамның қолдарына айналды. Сананың пайда болуының шешуші факторы – алғашқы адамдардың бірлесе еңбек ету үдерісінде еңбек құралдарын жасауы және жүйелі түрде пайдалануы болды. Сөйтіп, материалистік философияда сананың пайда болуы қоғам мен адамның өздерінің антропосоциогенез деп аталған шығу тегімен тығыз байланыста қарастырылады. Бұл үдерістің терең мәні өмірдің қалыптасуының
биологиялық формадан әлеуметтік формаға секіруінде жатыр.
Ондай мүмкіндік климаттың өзгеруіне, ормандардың сиреуіне, соның нәтижесінде маймылдардың жерге түсуге мәжбүр болғанына байланысты ашылды. Артқы аяқтарымен тұрып, олар алдыңғы аяқтарын босатып, жемісті қағып түсіру немесе жауларынан қор- ғану үшін, олармен құрғақ бұтақтарды, тастарды ұстайтын болды. Мыңжылдықтар өте келе, маймылдардың алдыңғы аяқтары адам- дардың қолдарына ұқсай бастады.
Ф.Энгельс атап айтқандай, еңбек құралдарын жасау және жүйелі түрде пайдалану бұл үдерісте шешуші рөл атқарды. Олай болса, бұл үдерісті ойша қайта құрып көрейік. Ең қарапайым тас құрал – «ашель шапқысы».1 Сырттай сәбізге ұқсайтын бұл құралдың төменгі бөлігі сүйір болып келеді. Ондай құралды жасау үшін, тасты тасқа ұра оты- рып, құралдың қарадүрсін кейпін қашанда есте сақтау керек, онсыз құрал жасау мүмкін емес; екіншіден, лайықты тасты табу үшін, өзен бойын жағалап ұзақ жүру керек; үшіншіден, ол тасты басқа таспен ұрып, оны өңдеу қажет; бұл аңғарымдылық пен сақтықты дамыта- ды: ақырын ұрсаң – тас сынбайды, қатты ұрсаң – қақ айырыла сына- ды. Сонда өкінішке ұқсас сезім пайда болады. Ол өзін өзен жағасына баруға итермелеп, қайтадан лайықты тас іздеуге мәжбүр болады, – ерік- жігер дамиды. Енді ол мақсатына жетеді, – құрал дайын, оның бойын- да қуанышқа ұқсайтын сезім пайда болады. Бірақ егер құралдың шет- шеті біркелкі шабылмаса, ол пайдалануға қолайсыз болып, тез сынады.

1 «Ашель шапқысы» – палеолит дәуіріндегі адамдардың тастан жасаған еңбек құралы Франциядағы Сент-Ашель деген жердің атымен аталған.
Содан кейін ол басқасын, қолайлырағын жасайды. Құралы ыңғайлы, ұзақ пайдалануға жарамды болып шыққан соң, оның бойын әсемдікке жақын ерекше сезім билейді. Келесі жолы симметриялық үйлесімді пішін, айталық, қарағайдың бұтағы оның пайдалануына байланыссыз, соған ұқсас қуанышты сезім оятады, ол кейіннен ғасырлар өткенде, сұлулық сезіміне айналады.
Сонымен, тіпті ең бір қарабайыр құрал жасаудың өзі адамның бой- ында ақыл, зерде, ерік қасиеттерін дамытып, тіпті әуелі эстетикалық сезімдерді оятады.
Еңбек құралдарын жасау және бірлесе аң аулау барысында әлдебір қашықтыққа маңызды ақпарат жеткізу қажеттігі туады. Әлі сөйлей білмегендіктен, алдымен аяқ-қол, бет қимылдары, дене қозғалыстары пайда болады. Соған байланысты би – өнердің ең ертедегі түрі деп айтуымызға болады. Ал бір немесе басқа сезімдер қуанышты немесе мұңды дыбыстар шығару түрінде берілетін. Кейіннен ғұлама адамдар сөздерді ойлап таба бастады, заттарды көрсете оты- рып, сөздерді қайталап айта берген соң, – содан тіл шықты. Әлемнің түкпір-түкпірінде пайда болған әртүрлі тілдер – табиғат үндеріне, әсіресе құстар мен аңдардың үндеріне құлақ түрудің нәтижесі. Ең болмағанда, бізге солай көрінеді.
Бұл үдерісте отты игеруді және пайдалануды асыра бағалау мүмкін емес. Отқа пісірілген тамақ, әсіресе ет мидың көлемінің жедел өсуіне жеткізді. Екінші жағынан, бүкіл ас қорыту жүйесі өзгерді. Аңның ақсиған азуының қажеті болмай қалды, жақ сүйектері адамдық кейіпке келе бастады. Үңгірді жылыту үшін отты пайдалану денедегі жүннің азаюына келтірді.
Адам мен қоғам бірге пайда болғандықтан, әлеуметтіктің алғашқы формаларының пайда болуы жолымен жүріп көрейік. Алғашқы үйір, әлбетте, жартылай биологиялық және жартылай әлеуметтік құрылым болып табылады. Антропологтардың ойынша, 40-50 мың жыл бұрын үйір-үйір болып өмір сүруден қоғам өмірінің ру-тайпаға ұйымдасуы, яғни нағыз әлеуметтікке күрт секіру орын алды. Сол кезден бастап адамның бүгінгі тұрпаты (кроманьонец), оның жер бетіндегі тарихи қадамдары қалыптасты.
Ру-тайпалық ұйымдасу аясында қан араласуына (инцест) ты- йым салынды. Егер үйір өздігінен жетілген құбылыс болса, онда ру- тайпа болып ұйымдасу шектерінде олардың арасында байланыстар орнай бастайды, өйткені ұрпақ жалғастыруды жүзеге асыру қажет. Ру-тайпалық ұйымдасу аясында ғана нағыз адамдық сүйіспеншілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет