нәсілшілдік өз нәсілінің басқалардан артықшылығын көрсетуге ұмтылады. Басқа ұлттарды отарлау негізінде еуропалықтар басқаларды жетілмегендер деп санайтын ақ нәсілшілдікті тудырды. Тәуелсіздік алуы барысында ақ нәсілшілдікке қарсы қара нәсілшілдік шықты.
«Негрлік» тұжырымдамасында қара адамдардың әлемді сезімдер мен ырықсыз сезімдер арқылы игеретініне, олар музыкалық ырғаққа, спортқа көбірек бейім дегенге сендіру басым. Сары нәсілшілдік ақ адамдар пісе қоймаған, ал қара адамдар күйіп кеткен деп санайды. Бүгінгі таңдағы жаһандану үдерістері нәсілшілдіктің қалдықтарына аяусыз соққы беру үстінде. Адамзат барлық халықтар тарих үніне
1 Ломброзиандық – қылмыстық жүйеде Чезаре Ломброзо атымен аталған теория, оған сәйкес, қылмысқа биологиялық, анатомиялық-физиологиялық факторлар итермелейді деп саналады.
өздеріне тән жауаптарын беретін маңызды фактіні көрсетіп отыр. Әлемнің жоғары дамыған елдерінің қатарында бүгінгі күні Оңтүстік Африканы (қаралар), Жапонияны (сарылар), Германияны (ақтар) атауға болады. Адамзаттың ортақ біртұтас генетикалық тамырлары олардың бір-бірлерімен үйлесімділігінен (мулаттардың, метистердің дүниеге келуі) көрінеді. Кейде үйреншікті өмірде кездесіп қалатын адамдардың нәсілшілдік пиғылдары («қисық көздер, «қара қожалақтар»,
«аққұлақтар» дегендерді айту сияқты) адам өресінің төмен деңгейін немесе оның ұлтшылдық «ауруға» шалдыққанын көрсетеді.
Өткен ғасырдың басында италиялық психиатр, антрополог Че- заре ломброзо қылмыскерлердің өздерінің биологиялық табиғаты бойынша қазіргі адамдардан төмен тұратыны туралы идеясын ұсынды. Олардың жақ сүйектері ауыр, қалың қастары бірігіп кеткен, маңдайлары тар, қолдары ұзын болып келеді. Ондай адамдар қашанда әлеуметтік ауытқушылықтарға жақын болғандықтан, қылмысқа оп-оңай барады. Қылмыстарды зерттеушілердің, психиатрлардың кейінгі зерттеулері ондай тұжырымдардың толығымен негізсіз екенін көрсетті. Қылмыскерлік – әлеуметтік құбылыс. Солай болғанмен, ондай көзқарастарды ұстанатын адамдар әлі де бар.
Достарыңызбен бөлісу: |