Ғылым тарихы және философиясы



бет165/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

«күйзелістер құндылығы» дегенге көшу керек, ол кезде күйзелістің өзін жан дүниесін тазарту құралы ретінде пайдалануға болады. Өз- өзімен іштей сөйлесуге көше отырып, күйзелуші адам көп заттардың құндылықтарын қайта бағалай біліп, өмірдің жаңа мағынасын таба алады.
Ал енді үлкен экзистенциалдық мәселе – адамның өлімі және ажалсыздығына келейік.
Кез келген өмірдің ерте ме, кеш пе, өліммен аяқталатынын әркім де біледі. «Дүниеге келу де бар, кету де бар», – дейді қазақ мәтелі. Бұл – табиғат заңы. Біз оны өзгерте алмаймыз. Әрине, бұл – қасірет, әсіресе жақын адамдардың өлімі. Біз енді ешқашанда оларды көре де, арала- са да, қуаныш-ренішімізді бөлісе де алмаймыз. Бәрі де келмеске кетті, дәл сол кезде біз өзімізді де осындай тағдыр күтіп тұрғанын күйзеле түсінеміз.
Сонымен бірге, егер біз «мәңгілік өмірді» таразыға салып, сол ту- ралы терең ойлансақ, онда оның ақылға сыйымсыздығын білер едік: ол ең қорқынышты тозақ болар еді. Мәңгілік өмір сол өмірдің мағынасы мәселесін жояды. Олай болса, бірде-бір дәрісханада бірде-бір студент қалмайды: асығудың керегі не – алда мәңгілік өмір күтіп тұр. Мәңгілік өмір адамзаттың бүгінгі өткір мәселелерін бейжай қабылдауға әкеліп соқтырады: бәрі қара балшыққа батады. Сіз: «Көбірек өмір сүру жаман болмас еді!» – дерсіз. Бұл тілегіңізбен келісуге болады. Алайда мәселе өмірдің ұзақтығында емес, оның сапасында жатса керек. Алжығанға дейін ұзақ өмір сүруге болады, әрине. Бірақ бұл кімге керек?!
Мәселеге терең көзқарас өмір мағынасы мәселесінің өзі адамның ажалды екені туралы маңызды фактіден келіп шығатынын көрсетеді.
«Сана берілген адам» өз өмірінің уақытпен шектеулі екенін түсінеді және «Ұлы Мәртебелі Табиғат» сыйлаған әрбір сәтті, сағатты, күнді тиімді пайдалануға ұмтылады. Шындығында, өмір – баға жетпес байлық, оның баламасы – уақыт қана. Адамзат тарихында өздерінің ғаламат туындыларын дүниеге әкелген алыптардың өмірлерінің шектеулілігін білгендіктен де, үлгіріп қалуды ғана ойлап, ғаламат еңбектерін аяқтағанын тарихтан білеміз. Егер олар мәңгі өмір сүрсе,
мүмкін, өздерінің ұлы туындыларын бастамаған да болар еді! Анти- ка стоиктері: «Өлімді ұмытпа!» – деп айтып кетті. Бұл әрбір айтылған сөзді, істелген істі соңғы рет айтылып тұрған сөз немесе соңғы рет істеліп жатқан іс деп елестету керек дегенді білдіреді. Егер осының барлығын іс жүзіне асыра алғанда, адамдардың өзара қарым- қатынастарындағы көптеген қолдан жасалған қиындықтар болмас еді. Өздері қастарынан байқамай өтіп бара жатқан ұсақ-түйектерге көңіл аударатын да, дүниенің өлшеусіз, ғажап әсемдігін өткір сезінер де еді. Бұл әлемде өмірдің кез келген формасы ұрпақтар ауысымы арқылы жалғасып жатады. Табиғаттың дана құдіреттілігі де осында. Алға
өрлеу де, өркендеу де соған орай іске асады.
Әрбір адам өлімді тыныс алу мен жүрек соғысының тоқтауы, сананың сөнуі деп елестетеді. Бірақ адамның миына қан құйылып, есінен танып, сана-сезімі сөнсе де, өмір сүруін жалғастыратын жағдайлар кездеседі: ол тыныс алып жатыр, жүрегі соғып тұр. Кейбіреулер адамның осындай жай-күйін «тірі өлік» деп атайды, өйткені енді тұлға жоқ.
Кемеңгер Платон философияның бізді лайықты өлуге үйрететіні туралы ой айтқан. Бұнда терең мағына жатыр.
Бір адамдар өмірлерінің алғашқы жартысын «бір гүлден екінші гүлге секіріп» жүретін көбелектерше өткізеді. Жастық шақтың желігі басылып, қырыққа таяғанда, әлдебір үлкен істі бастаған болады, бірақ оны аяқтау – оған бұйырмаған шаруа. Босқа өткен жастық шағын опы- на еске алып, мақсаттарына жете алмаған күйі ол өмірден «аһ-оһ» деп үһлеумен өтеді.
Екіншілерге өлім қорқынышын аттап өтуге діни сенімі көмектеседі. Олар жандары өлмейтініне, мәңгілік өмірге ие болатынына сеніп, өмірмен қиналмай қоштасады. Ал мәңгілік өмірдің не екенін біз жоғарыда айттық.
Үшіншілердің ойынша, адам бұл өмірге бір-ақ рет келетіндіктен, өмірдің әр сәтінен ләззат алып өмір сүру керек, яғни олар гедонистік бағдар ұстанады. Бірақ кейде ондай адамдар шіркеуге немесе мешітке (кім біледі, мүмкін, Құдай бар шығар?) барады, қайыр-садақа береді, содан кейін қайтадан бұрынғы өміріне оралады. Алайда жандары жай таппайды, олар да бәрібір болашақтағы өлімнің суық лебінен қашып құтыла алмайтынын түсінеді.
Енді Платонның философиялық дайындығы жақсы адамына келсек, ол өз өмірінің Табиғатпен, Ғаламмен байланыстылығын түсінеді және өзін өмірдің жаһандық мұхитына тамған, одан үзілмейтін бір тамшы-
дай сезінеді. Бұл оны терең нұрландырып, өлімнің заңды және әділетті екенін түсінуге жеткізді. Ондай адамды өлім қорқыта алмайды.
Өмірлік тағдыр шеңберінде бұл өмірде өзінің қарапайым қолтаң- басын қалдыру үшін, қолынан келгеннің бәрін істейтін адамдар бар. Олар қуанышты да, қайғы-қасіретті де, шабыт пен күйзелісті де ба- сынан өткізіп, өмірінің соңына қалжырап шаршаған күйде жетеді. Ешқандай өкініш және реніш жоқ. Олар шамалары келгеннің бәрін істеді. Іске аспаған жоспарларына келсек (олар әркімде де бар, қазақтар айтқандай, үмітсіз – шайтан ғана), өмірден алған тәлімі мол болған соң, олар қашанда солай болатынын түсінеді. Олар – нағыз адамдар. Ондайлар қашанда басқалардың есінде сақталады.
  • ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде Батыста «аутоназия» (auto – өзі, nazia – өлім), орыс әдебиетінде «эвтаназия» деп айтылатын термин пайда болды. Бұл мәселе Батыстағы университеттер қабырғасында кең талқыланып жатыр. Ал ең «азат» ел – голландияда тіпті ауто- назия туралы заң қабылданды. Әңгіме адамның өмірден қоғамның келісімі және көмек етуі арқылы өз еркімен кетуі туралы болып отыр. суицид (өзін-өзі өлтіру) әрекетінде қоғамның бұған келісімі жоқ. Кең философиялық тұрғыда аутоназия тәндік-сезімдік бағыттағы Батыс адамының өмір бағдарламасынан келіп шығады. Қысқаша айтқанда, өмірден мейлінше көп рақат, ләззат алуға ұмтыла отырып, Батыс адамы қартайған шағында да еш қиналмастан, тәтті ұйқыда жатып болмыссыздыққа кеткісі келеді. Бұл мәселені біз де талқылап көрейік.


Бір қарағанда, Батыс өркениеті қоғамды ары қарай адамгершілік қағидаларына бұру жолында тағы бір үлкен қадам жасаған сияқты. Шындығында, қатерлі ісікке шалдыққан, адам төзгісіз зардап шегіп жатқан немесе жақын-жуықтары қалмаған және ешкімге керегі жоқ кәрі адамға неге көмектеспеске?


Алайда бұл мыңжылдықтар бойы адамзат жинақтаған тәжірибеге, көрегендікке және түйсікке қайшы келеді. Адамға өмірінің соңына қарай күйзеліс, кінә және өлім (алдында айтылған қасіретті үштік) күйін сезіну бұйырған, ешкім де одан айналып өте алмайды. Бұл да сол адамның айналасындағы жақын адамдардың ақыл-естері мен сезімдеріне күшті әсер ететін өмірлік тәжірибенің біл бөлшегі емес пе. Соңғы күйзелістерден өту – адамның рухын шексіз арттырады, оның жанының тазаруына жеткізеді және өмірден лайықты абырой- мен өтуге мүмкіндік тудырады.
Екіншіден, бұл дүниеде тән мен қаннан жаралған адамнан артық құндылық жоқ. Ендеше, қоғамның оның өмірін қиятын қандай құқы бар?
Үшіншіден, бұл құбылысты заңдық тұрғыда қоғам өміріне енгізу – тым өткір моральдық-психологиялық зардаптарға соқтыруы мүмкін. Мысалы, сол зардаптар ретінде адамның дене мүшелерін кең сатуды немесе психологиялық қысым жасау арқылы адамдарды өз еркімен өмірмен қоштасу туралы шешім қабылдауға мәжбүрлеу сияқты әрекеттерді айтуға болады.
Бұл мәселені семинарларда талқылау, сұрақты жалпылама, дерексіз қою барысында студенттердің оны адамгершілікті іс санап, ол идея- мен келісетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Бірақ сұрақ: «Сіздің анаңыз немесе басқа жақын адамыңыз ауыр науқас болса, аутаназияға келісер ме едіңіз?» – деп нақты қойылғанда, қашанда дерлік теріс жауап қайтарылады.
Енді адамның ажалсыздығы туралы мәселені талқылайтын уақыт келген сияқты. Бұл мәселенің адам өмірінің мағынасымен байланы- сы бар екені айдай анық. Егер осы дүниеге келген адам артында із қалдырмаса, оның жауын құртынан айырмашылығы бар ма?!
Ажалсыздық мәселесі кез келген діннің қасиетті өзегін құрайды. Ешкім ешқашанда Құдайдың бар немесе жоқ екенін дәлелдей алмай- ды, бірақ жер бетіндегі миллиардтаған адам Оған сенеді, өйткені ажал- сыз болғанды, жоқ дегенде, жаны өлмегенін қалайды. Ажалсыздықтың бастаулары алыс замандағы алғашқы қауымдық қоғамға, адамдар ажалдан қорқа бастаған уақытқа кетеді.
Ертедегі Үндістан мен Мысырда өлгеннен кейін адамның жанының басқа денеге ауысатыны туралы идеялар қалыптасқан. Бұдда діні адамның жаны бір денеден екінші денеге ауысқанда, күнәларынан көбірек тазарады деп санайды.
Ертедегі гректер адам өлгеннен кейін оның екінші өмірі баста- латынына сенген. Құдайлар мен адамдар арасында ерекше үлкен айырмашылықтар жоқ. Өлген соң, жақсы адам құдайлар қатарына өтіп, өзінің өлмейтін күйіне жетеді.
Бүгінгі әлемдік діндер (христиандық, ислам және бұдда діні) адам өлгенмен, оның жанының өлмейтініне сендіреді. Дегенмен әлемдегі бірде-бір дін әлі күнге дейін адамға өмір мен өлімнің не екенін ұғынықты етіп түсіндіре алмай келеді.
Бұл мәселе бойынша идеалистік философияның ұстанымы діни ұстанымға жақын. Алайда адамзаттың көп мыңдаған жылдар бойы
жинақтаған тәжірибесінде өлген адам тірілген емес, ал қазіргі за- ман адамының ажалсыз жанның денеден тыс және одан бөлек өмір сүретініне сенімі аз.
Олай болса, адамның ажалсыздығы деп нені түсінуіміз керек? Осы заманның ғылыми деректеріне сүйеніп, біз тіпті адам тәнінің де бұл өмірден мүлдем жоқ болып кетпейтінін нық сеніммен айта аламыз. Біздің бейнеміз, мінез-құлқымыз, дауысымыз, іс-әрекетіміз, дене тұрқымыз толық болмаса да, ұрпақтарымызға беріледі. Сөйтіп, біз ба- лаларымыз бен немерелеріміз арқылы өмір сүре береміз.
Жан мен рух, ұлы адамдардың істері туралы айтар болсақ, олардың туындылары қашанда адамзат тарихында өмір сүруін жалғастыра береді. Солар құрған құндылықтардан біз мәңгіліктің жылы лебін сеземіз. Егер миллиондаған қарапайым адамдардың тағдыры туралы сөз қозғасақ, онда олардың өлместігі – айналасындағылардың есінде сақталатын олардың қайырымды істерінде.
Әрине, біз осылардың барлығын да ақылымызбен түсінеміз, бірақ адам нақты ажалсыздық туралы армандайды және барлық үміттерін қазіргі заманғы ғылымға бағыттайды. Әсіресе жылдам қарқынмен дамып келе жатқан генетика адамға оның өмірін белгісіз уақытқа ұзартуға уәде береді.
Айтылғандарды қорыта келе, нақты ажалсыздықтың әлемнің миллиардтаған жылдар бойғы дамуы барысында қалыптасқан іргелі де маңызды заңдарына қайшы келетінін растауымызға болады. Бізге берілген баға жетпес сый – өмір жайында және оның кеңістік және уақытпен шектелген аясында осы өмірде ізін қалдыратын жақсылық жасаудың бақытты мүмкіндіктері туралы айтқанымыз дұрыс болар. ал оны өлім жоя алмайды.

1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет