Ғылым тарихы және философиясы


мен не нәрсеге үміттене аламын?



бет76/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

мен не нәрсеге үміттене аламын? Бұл – Канттың кезекті сұрағы. Бұл нақты әлемде ешқашанда бірде-бір адам бір ғана парыз идеясына бола, толыққанды өмір сүре алмайды. Бұны ойшыл жақсы түсінген- ді. Тек транценденттік шексіздік аясында кесімді ұйғарымның толық іске асатынына үміттенуге болады. Осыдан ол адам жанының ажалсыздығы қажеттігін шығарады.
Құдай идеясын айтсақ, қазір де, болашақта да оның бар екенін немесе жоқ екенін ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкін емес. Бұл – қашанда ашық сұрақ. Алайда ерік бостандығы мен адам жанының ажалсыздығы үшін қандай да бір онтологиялық, яғни болмыстық негіз қажет. Қисынды оймен болса да, адам әлдебір құдіретті күш бар екенін мойындауға тиіс. Ал егер солай болса, онда бұл – Құдай, сол себепті Ол бар және болуға тиіс. Сондықтан «Мен не нәрсеге үміттене ала- мын?» – деген сұраққа Кант: «Құдайға деген сенімге», – деп жауап береді.
«адам деген не?» – деген сұраққа И.Кант қарама-қайшы жа- уап береді. Адамдар табиғатынан тойымсыз, сараң, билікке, басымдыққа ұмтылады, ештеңенің парқын білмейді. Бірақ, екінші жағынан, кесімді ұйғарымға сәйкес, адамдар өздерінің іс-әрекеттерін моральдық тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Адамдар, бір жағынан, бір-бірінен алшақтайды, ал, екінші жағынан, жақындайды, өйткені

1 Эвдемонизм – өмір мақсатын адамның бақытқа, жақсы тұрмысқа жетуге ұмтылуы деп санайтын идеалистік ілім.
өз қажеттіліктерін іске асыра отырып, олар бір-бірлерінен көмек іздеуге мәжбүр. Нақты өмірде адамдар арасында қалыптасатын қарама-қайшылықтар, жалпы алғанда, қоғам тұрғысынан тарихты алға жылжытады. Қоғамды жетілдіру мүмкіндігіне қарай, адамдар көбірек еркіндік алады және сонымен бірге қарама-қайшылықтарға тап болады. Айтылғандарды қорытындылай келе, И.Кант: «Адам, ша- масы, сондай бір қисық тақтайдан жасалған болуы керек: сүргілей берсең, әрине, түзеледі, бірақ мүлтіксіз түзу болып шықпайды», – деп тұжырымдайды.
И.Канттың тарих философиясында бүгінгі күні де сабақ болуға лайық ережелер бар. Адамзаттың тарихы әлемдік азаматтық- құқықтық ахуал жағына қарай жылжып келеді, бірақ бұл әлемде оған толық қол жеткізу мүмкін емес. Моральдық жетілуге қарағанда, сыртқы материалдық мәдениет әлдеқайда жылдамырақ дамиды. Бұл адамзатқа үлкен қауіп төндіреді.
И.Кант әлемді халықаралық құқық емес, озбырлық билейтінін қынжыла айтады. Кез келген соғыс ең жоғарғы құндылық – Адамды жоқ етеді. Бір жердің шеңберінде болып жататын қақтығыстар мен соғыстарда бұрынғыдай адамдар қырылып жатқан бүгінгі күннің адамзаты үшін бұл маңызды емес пе?
Дүниежүзілік-азаматтық ахуалды жақындату үшін, барлық халықаралық-құқықтық келісімдерді қатаң сақтау керек, мемлекеттердің бір-бірлерінің істеріне араласпау ұстанымы мүлтіксіз болуға тиіс. Халықтардың сауда-саттық, мәдени байланыстарын жан- жақты, кеңірек дамыту қажет.
И.Кант неміс философиялық ойының негізін салып берді және әлі күнге дейін қазіргі заманғы адамзаттың рухани ахуалына ықпал етіп келеді.

1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет