Ғылымдардың пірі, Табиғаттың тілі



Дата01.06.2018
өлшемі68,5 Kb.
#41089
Ғылымдардың пірі,

Табиғаттың тілі,

Физика екен халайық,

Мұны жақсы ұғайық.


Дүниедегі құбылыстың мәнінде,

Табиғаттық қозғалыстың бәрін де,

Мүмкін емес физикасыз түсіну,

Физика дүние кілті бүгінде.


Физика бұл өмірдің,

Асыл бір үлкен саласы.

Жаңарды сол физикамен,

Елімнің өзен даласы.


Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.

Жансызға жан бітіріп, қолға салып,

Физика кереметті көрсетті елге.


Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған,

Қай жүйрік Архимедті басып озған.

Жалынды патриот, батыр ғалым.

Ғасырлар түкпірінен басып озған.


Физика - табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Бәрінің бағынары физика ғой.


Ұққанға табиғаттың сыры терең,

Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,

Демесең болсын егер еңбегім еш,

Әуелі физиканы оқы дер ем.


Бүгін де физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!



«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс

Ұққанға табиғаттың сыры терең,

Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,

Демесең болсын егер еңбегім еш,

Әуелі физиканы оқы дер ем.
Бүгін де физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!


Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,- деп

Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!


Ал,оқушы,ұстаздар

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шықпақ сайысқа ,

Қол соғып қарсы алайық,- деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.


1 нөмірдегі сайыскеріміз 9в сынып оқушысы Байниязова Айкөркем

2 нөмірдегі сайыскеріміз 9б сынып оқушысы Бергалиев Армат

3 нөмірдегі сайыскеріміз 9б сынып оқушысы Мұратов Айдархан

4 нөмірдегі сайыскеріміз 9а сынып оқушысы Сағадатова Дина

5 нөмірдегі сайыскеріміз 9в сынып оқушысы Сарғойшин Айдар

6 нөмірдегі сайыскеріміз 9ә сынып оқушысы Шакенова Зульфия



І-тур. Бәйге.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.


Сайысымыздың І-кезеңі - «Бәйге». Бұл кезеңде сайыскерлеріміз физикалық анықтамаларға қоңырау соғу арқылы жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал,мұқият болыңыздар:
1. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы (ішкі энергия)

2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы

(жылу мөлшері)

3. Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу, елеусіз аз болатын газ.

(идеал газ)

4. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу.

(қаныққан бу)

5. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы.(инерция)

6. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)

7. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)



8. Сұйықтың буға айналу құбылысы. (кебу)

9. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)

10. Электр заряды жоқ бөлшек. (нейтрон)

11. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі. (балқу)

12. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама.

(жылдамдық)

13. Кебу процесіне кері процесс (конденсациялану)

14. Жылу берілудің қатты заттардағы түрі (жылу өткізгіштік)

15. Балқу кезінде ішкі энергия қалай өзгереді. (артады)

16. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі.

(механикалық қозғалыс)

17. Дене пішінінің, V көлемінің өзгеруі. (деформация)

18. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі. (конвекция)

19. Дененің өзі алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті. (инерттілік)


ІІ-тур. Көкпар.

Адам - Алып таңғажайып ісімен,

«Көкпар» - ойын ой тастаған түсімен.

Зерделілер заманды алға жылжытсақ,

Физикалық заңдылықтар күшімен.
Бұл адамдар ардақтаған халықтар,

Физикада даңқы шыққан алыптар.

Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер,

Алыптарды әрқашанда танып қал.


1. Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған. Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға «Электр тоғы» ұғымын енгізген. (Андре Мари Ампер)
2. Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы. (Александро Вольта)
3. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. (Георг Ом)
4. Француз физигі, 1781 ж. электр және магниттік заңдылықтарды тағайындау үшін аспап ойлап тапқан. Сырғанау және домалау үйкелістерінің заңдылықтарын тұжырымдады. (Шарль Огюстан Кулон)
5. 1643-1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. (Исаак Ньютон)
6. Б.э.д. 287-212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан. (Архимед)

Осы екі тур қорытындысы бойыншща ең аз ұпай жинаған 1 оқушы ойыннан шығады.

ІІІ-тур. Полиглот.

Келді кезек полиглотты шешуге,

Жауаптарды аударуға үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

7 ұпай, шәкірт саған несібе.
1.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток, ток, current [каррент])


2.Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді6

Бірақ өзі көрмейді. ( компас,compass [кампәс])


3.Туыстарын шетінен,

Өбеді де бетінен.

Бала-шаға ұсағын,

Бауырына қысады. ( магнит, magnet [магнет])


4. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп, telescope [телискоуп])
5.Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды ( сағат,часы, clok [клок])


6.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді. (күш,сила, strength [стрензсі])


7.Жоғалмайды ешқашан,

Түрлендірсек егер де.

Басқа күйге ауысқан,

Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия,энергия,energy [енеджи])



Осы үш тур қорытындысы бойыншща ең аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

ІV-тур. «Ғажайып үштік»

Үштіктің сұрағы көп сабақтан,

Шәкірттердің білері алға шығады.

Асықпаңдар,ойланыңдар жақсылап,

Үш жауап бар біреуі оның шырағы.
1.Мылтық атылғанда оғы өте қауіпті, неге?

а) Потенциялдық энергия өте жоғары;

ә)Толық энергиясы потенциялдық энергияға тең;

б) Кинетикалық энергия өте жоғары.

2. Ауасы сорылыпалған шыны түтікте ағаш, тығын, құс қауырсыны төмен құлайды. Осы денелердің қайсысы үлкен үдеумен қозғалады?

а) ағаш


ә) Барлық денелер үдеумен құлайды.

б) Барлық денелердің үдеулері бірдей.

3. Жеңіл машинаға әсер ететін барлық күштер компенсацияланады, оның қозғалыс жылдамдығы өзгеріссіз қалады. Бұл құбылыс қалай аталады?

а) Тартылыс



ә) Инерция

б) Салмақ



4. Жүк машинасы жолдан тайғанақтап жүре алмай тұр. Артқы дөңгелектерінің

жермен үйкелісін арттыру үшін жүргізуші не істеу керек?

а) Машина кузовын жеңілдету;

ә) Двигательдің тарту күшін арттыру;



б) Артқы дөңгелектердің астына құм салу.

5. Пышақты қайраған уақытта оның ішкі энергиясы қалай өзгереді?

а)Жылу берілу есебінен кемиді;



ә)Жылу берілу есебінен артады;

б)Бір денеден екінші денеге жылу берілу кез келген жағдайда болады.



6. Келесі жағдайлардың қайсысында дене қозғалысын материялдық нүктенің қозғалысы ретінде қарастыруға болады?

а) Токарлық станоктағы өңдеуші дененің айналуы;



ә) Космос кораблінің қозғалысы;

б) Коньки тебушінің қозғалысы.



8. Бір кірпіштің үстіне екінші кірпіш қойып вертикаль жоғары лақтырады. Қай кезде жоғары кірпіштің астыңғы кірпішке қысым күші нөлге тең болады? Ауа кедергісін ескереміз.

а) Тек жоғары қозғалған уақытта



ә) Тек төмен қозғалған уақытта

б) Барлық ұшқан уақытта


Осы төрт тур қорытындысы бойыншща

ең аз ұпай жинаған 1 оқушы ойыннан шығады.

V- тур. Шешендік
Қалған екі 2 оқушы қатысады.
Білімдіден шығады алғыр шешен

Шешендік пен болған ғой барлық көсем

Сайра шәкірт, бұлбұлдай шарықташы

Қалмасын бұл жарыста сенің есең.

Ұпайы көп оқушы үйкеліс күшінің пайдасы көп екендігін қорғайды.

Ұпайы аз оқушы үйкеліс күшінің пайдасынан зияны көп екендігін қорғайды.



VІ – тур. Жорға.

Ең қиыны жарыстың «Жорға» келді,

Мықтылары қалыпты жеңсін енді

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Сайысымыздың соңғы кезеңі «Жорға». Бұл кезеңде әр оқушыға бөлек-бөлек 10 сұрақтан қойылады. Осы сұрақтарға 0,5 мин. ішінде шапшаңдықпен жауап беру керек.


1-оқушы:

1.Ньютонның 1867 ж. бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған не?( Алма)

2.Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым. (Торричелли)

3.Ток бағыты қай полюстен қай полюске бағытталады. (Дұрысында «-»-тен «+»-ке, бірақ есеп шығарғанда ыңғайлы болғандықтан «+» -тен «-» -ке алу келісілген)

4.Желсіз ауада гүлдер мен шөптердің хош иісінің таралуы қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі. (Диффузия)

5. «Керуен» сөзін физикалық шамаға өзгерт (кернеу)

6.Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)

7.Тұзды суда жұмыртқа бата ма? (жоқ)

8.Электр шамын ойлап тапқан кім? (Джозев Сван)

9.Рычаг ережесін тағайындаған кім? (Архимед)

10.Фотографияны ойлап тапқан француз ғалымдары? (Жозеф Ньепс, Луй Даггер)
2- оқушы:

1.Алғаш Нобель сыйлығын алған физик ғалым. (Рентген)

2.Дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама. (масса)

3.Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары әртүрлі)

4.Жерді қоршап тұрған ауа қабаты. (атмосфера)

5.Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым. (Аристотель)

6.Киноны ойлап тапқан француз ғалымдары (ағайынды Льюмерлер)

7.Электр шамының сымы неден жасалған (вольфрам)

8.Жерді айнала қозғалған жасанды серіктерге жердің тартылу күші әсер ете ме?(иә)

9.Ауаның ылғалдығын өлшейтін құрал (психрометр)

10. «Инерция »-ның қазақша баламасы не? (әрекетсіздік)
Көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады.
Дипломмен марапаттау.
Әділқазылар алқасына сөз беру:

Тұрғанова Гүлсім Кәкімқызы

Айтқалиева Баян Сабырғалиқызы

Мукаева Райхан Рахметқызы.

Бүгінгі кеш-қызықты кеш,

Көрермендер халайық.

Ой-түйсікті қозғап қазір,

Биік қанат қағайық.

Физика салтанатты,

Осы жерде құруын,

Белсенділік көрсетейік,

Бар ықылас құрулы.


Мәңгілікке есте қалар,

Қызықты бұл жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын.


Әділ-қазы алқасына бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.


Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпаз болу шарт сол.

Еңбек етіп жалықпай,

Сәтті сапар тілеумен.

Сайысты біздер бастайық,

Көрсетіңдер өнерді,



Қарап қалма жасқанып.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет