Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2
30.10.2018ж. Жаңаөзен қаласы
Қатысқандар:
Сынып жетекші – Ж. Құдабаева.
Ата-аналар – 18
Хатшы – Қ. Аккулова.
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
І тоқсан қорытындысы. /Құдабаева Ж.Б../
Сыныптағы оқушылардың үлгерімі, үздік және екпінді оқушыларды атап өту.
Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі Құдабаева Жанат ата-аналарға І-тоқсанның қорытындысын айтып өтті. І-тоқсанды 7 қыз бала және 15 ұл бала барлығы 22 оқушымен аяқтады. Каллиграфиясы төмен, оқу шапшаңдығы төмен оқушылар Төребаева Айдана, Қияқбаев Еркебұлан Беймбет Мұстафаның ата-аналарына балаларын сабақтан тыс уақытта сабақтарын қадағалау тапсырылды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі: Құдабаева Жанат ата-аналарға оқушылардың үлгерімі туралы айтты. Үздік-1 оқушы, екпінді-8 оқушы, қалған 12 оқушы қанағаттанарлық деп атап өтті.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата-аналарға оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды. Оқулықтарды таза ұстау, қаптап, күнделіктерін толытырып жүру тапсырылды.
Шешім:
І-тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
І-тоқсан қорытындысы бойынша Қ. Қайыпова, Г.Батишева, М.Худайберген, ата-аналарына үйдегі уақытта балаларының сабақтарын қадағалау жүктелсін.
Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Жанат Құдабаева
Хатшы: Қарлығаш Аккулова
Ата-аналар жиналысының хаттамасы №3
05.01.2018ж. Жаңаөзен қаласы
Қатысқандар:
Сынып жетекші – Ж. Құдабаева.
Ата-аналар – 13
Хатшы – Қ. Аккулова.
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
ІІ тоқсан қорытындысы. /Құдабаева Ж.Б../
Дөңгелек үстел: «Мен және менің балам». / Құдабаева Ж./
Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сынып жетекшісі Құдабаева Жанат ІІ тоқсан қорытындысымен ата-аналарды таныстырып өтті. Сыныпта 23 оқушы бар, олардың 8 қыз бала, 15 ұл бала. ІІ тоқсанның қорытындысын айтып өтті. ІІ тоқсан бойынша оқушылардың білім деңгейі айтылды. Реджепбай Ә, Төребаева А, Сарсен О, Сарсенғалиев Р, Беймбет Мұстафаға үйден көп көмек қажет етеді.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша ата –аналармен «Мен және менің балам» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру. Дөңгелек үстелге ата-аналар белсене қатысты.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша әр түрлі мәселелер қозғалды. Ата-аналарға оқушылардың мектеп формасын, тазалығын, сабағын, мектепке келіп-кетуін қадағалау туралы айтылды.
Сөз сөйлегендер:
Ата-ана Гаухар:
Жанат апайдың өткізген дөңгелек үстелі өте қызықты өтті. Дөңгелек үстел жақсы деңгейде өтті. Қызықты тренингтер ұйымдастырылып, баламызды сипап сезу арқылы танып, сурет салып көңіліміз бір көтеріліп қалды. Осындай дөңгелек үстелдер жиі өткізіліп тұрса деген тілек білдіреміз. Сонымен қатар қызым Айдананың сабағын үйдегі уақытта қадағалап отырамын.
Ата-ана Қарлығаш:
Дөңгелек үстел мағанда ұнады. Енді алдағы уақытта баламмен папасы ретінде емес, досы ретінде қарым-қатынас жасауға тырысамын. Ұлым Байбелестің математикадан есеп шығаруда көп қателіктер жіберетінін білемін. Қосымшаға беріпте жүрміз.
Шешім:
ІІ тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
Отбасындағы ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту ата-анаға жүктелсін.
Оқушылардың сабақ үлгерімі, тәртібі, тазалығын қадағалап отыру сынып жетекшісі мен ата-аналарға жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Ж. Құдабаева
Хатшы: Қ. Аккулова
Ата-аналар жиналысының хаттамасы №4
02.04.2018ж. Жаңаөзен қаласы
Қатысқандар:
Сынып жетекші – Ж.Құдабаева
Ата-аналар – 15
Хатшы – Қ.Аккулова
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
ІІІ тоқсан қорытындысы. /Құдабаева Ж.Б./
Баяндама «Бала тәрбиесі баршаға ортақ». /Құдабаева Ж.Б./
Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекші Ж.Құдабаева ІІІ тоқсан қорытындысымен таныстырды. ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша сынып сапасы 48% -ды көрсетті. Сыныпта 3 үздік Қонақбай Арай, Оңдасын Каусар, Амандық Ақмерей болды. 8 екпінді Бегмурад Бекназар, Қыдырбаева Адина, Ембергенов Шыңғыс, Орынтұрлы Жанар, Жұбай Байбелес, Чемчедин Ерасыл, Қыдыркелді Арман, Абишова Аружан. Қалған оқушылар орташа білім көрсеткішін көрсетті.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сынып жетекші Ж.Құдабаева «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» тақырыбында баяндама оқыды. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар еңбек тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Балаларға адамгершілік салаларды қалыптастыруда отбасы шешуші рол атқарады. Сол себепті әр ата-ана өз баласымен тығыз байланыс орнату қажет.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата-аналар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойып пікірлесті.
Сөз сөйлегендер:
Ата-ана Анаргүл:
Баяндама жақсы, түсінікті болды. Мектеппен әрқашанда тығыз байланыста болуға тырысамыз. Баламыздың тәрбиелі білімді болғаны барлық ата-ана үшін маңызды деп ойлаймын. Мектеппен, сынып жетекшімен жақсы қарым-қатынас жасаған. Ұйымдастыру жұмысы да жақсы.
Ата-ана Қарылғаш:
Жиналыста баламыздың тәрбиелі, жақыс білім алу үшін сынып жетекшімен, мектеппен жақсы қарым-қатынаста болу керек екендігін түсіндім. Сонымен қатар өткізілетін шараларға да қатысуға мүмкіндігімше тырысамын.
Шешім:
ІІІ тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
Бала тәрбиесін қадағалау жұмыстары ата-ана жағынан күшейтілсін.
Оқушылардың сабақ үлгерімін, тәртібін, тазалығын қадағалап отыру сынып жетекшісі мен ата-аналарға жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Ж. Құдабаева
Хатшы: Қ. Аккулова
Ата-аналар жиналысының хаттамасы №5
19.05.2018ж. Жаңаөзен қаласы
Қатысқандар:
Сынып жетекші – Ж.Құдабаева
Ата-аналар – 18
Күн тәртібінде:
1. Жылдық қорытынды есебі. /Ж.Құдабаева/
2. «Жазғы демалысты балалар қалай өткізу керек?» (сұхбат) /Ж.Құдабаева/
3. Ағымдағы мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі І- ші мәселеге сәйкес ата-аналар балаларының ІҮ оқу тоқсаны мен жылдық оқу қортындысын тыңдады. ІІІ тоқсан қорытындысымен салыстырғанда осы тоқсанда үздіктер қатарына Абишова Аружан қосылып сапа 52%-ға көтерілді. Ата-аналарға баланың сабағына дұрыс көңіл бөлінбейтіндігі, ешқандай себепсіз сабақтан қалатын оқушылардың бар екендігі айтылды. Сонымен бірге ата-ана жиналысына шақырғанда түгел келмейтіндігі, жалпы ата-аналардың балдарына 2 сынып болса да онша көңіл бөлмейтіндігі айтылды.
Күн тәртібіндегі ІІ- ші мәселе бойынша «Жазғы демалысты балалар қайда өткізу керек?» тақырыбында ата-аналармен сұхбаттасты. Балалар жазғы демалысында лагерьге барып демалғандары жақсы екені айтылды. Әр ата-ана өз баласының біліміне толықтай қанағаттанатынын айтты. Шындығыны келгенде баланың сабағына өте қатты мән бермейтіндіктерін мойындады. Келешек әр ата-ана өз баласының оқуына, сабағынан ретсіз қалмауына баса көңіл аударатындарын айтты.
Шығып сөйлеушілер:
Дунбаева Н. Алғашқы кезде біраз қиналдық. Үйден өзіміздің, мектепте мұғалімнің
үйретуі арқасында біраз жақсы болдық. Сонда да жазуы, сын жұмысынан алған бағасы дұрыстала қоймады. Меңінше бар күш ата-анада болуы керек, себебі мұғалімнің 4-5 сағат үйреткені аздық етеді. Баламның оқу қортындысына көңілім толады. Баламды жазғы демалыста ата-әжесінің ауылына жіберемін.
Булкебаева А. Қызымды бір мезгіл лагерьге жіберім аламын. Өйткені үйде баланың сабағына уақтылы көңіл бөлмейтініміз анық. Бала әлі кішкентай, ойын баласы қараған күні алған бағасы мен онша мән бере қоймаған, сабағының бағасының арасы өте алшақ. Мұғалімге қояр кінәміз жоқ. Сондықтан сіз, біз болып келешек баламыздың сабағына дұрыс көңіл бөлуіміз керек-ақ.
3. Қайыпова Қ. Қызымның сабағы төмен, оған келісем. Себебі өзім ертелі-кеш жұмыстамын. Үйде бала-шаға болып өздері қалады. Егер үйден оқытатын адам болса, ақылы оқытар едім. 2 сыныптағы оқу үлгірімі қортындысы дұрыс деп есептеймін.
Шешім:
ІҮ оқу тоқсан, жылдық оқу қортындысы «қанағаттанарлық» деп бағалансын.
Балалардың жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыру ата-аналарға жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Ж. Құдабаева
Хатшы: Қ. Аккулова
«Мен және менің балам» тақырыбындағы дөңгелек үстел
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру.
«Ата-ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді». (Б.Г.Белинский)
Тәрбиелеудің мақсаты-баламызды бізсіз өмір сүруге үйрету.
Балалар-бүгінгінің қонағы, ертеңгінің қожайыны.
Барысы:
І.Кіріспе:
Құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің сыныбымызда ұйымдастырылып отырған «Мен және менің балам» тақырыбындағы ата-аналармен өткізгелі отырған дөңгелек үстелімізге алтын уақыттарыңызды бөліп, бала тәрбиесіндегі өз жауапкершілігіңізді сезініп, келіп отырғандарыңызға көп-көп рахмет! Сіздерден жұмысымыздың барысында мына заңдылықтардың орындалуын сұраймыз.
-Бір-бірімізді тыңдаймыз
-Белсенділік танытамыз
-Уақытты үнемдейміз
-Өз ойларымызды ортаға саламыз
Ұйымдастыру
Қызығушылықты ояту
Психологиялық тренингтер
Топқа бөлу. Тренинг: «Үш түс-үш есік»
Үш столда сары, көк, қызыл үш түсті қағаз қойылады. Бұлар үш есік деп аталады. Тренир қатысушылардан қай есікке кіретіндіктерін сұрайды. Әр қатысушы өзінің кіретін есігін пайымдайды. Жауабы төмендегіше:
Сары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы жансыз.Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз. Баланың жетік дамуына барлық жағдай жасайсыз.
Қызыл түс-бірбеткей, мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз. Балаға қатал талап қоясыз. Ескертулеріңізді балаңызға мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіз.
Көк түс-ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз. Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз. Балаңыздың оқу істерін жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз.
Эксперимент ойын «Өз балаңызды таныңыз»
Мақсаты: Ата-ананы қаншалықты өз баласын білетіндігі жөнінде ойландыру.
Қатысушылардың балаларының сүйікті жыл мезгілі, сүйікті тағамы, сүйікті ісі, достарының есімі аталады.Ата-ана менің балам деп танығаны қолын көтеруі керек.
«Менің жанұям» суретті тестін көрсете отырып, ата-аналарға талдау.
«Жанұя» ойыны.Сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру.
1.Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
2.Тәрбиешісінің аты-жөні кім?
3.Парталас көршісі
4.Балаңыздың сүйікті асы
5.Балаңызды еркелетіп қандай сөзбен айтасыз?
6.1-сыныпқа қай жылы барды?
7.Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?
8.Ең жақын досы кім?
9.Қандай түсті жақсы көреді?
10.Қандай әнді жақсы көреді?
«Байқағыштық»
Мақсаты: Ананың өз баласын тануы, сезімталдығын анықтау.
Сыныптың оқушылары және 3-4 ата-ана ортаға шығамыз. Балалар алақандарын жайып тұрады, ана көзі байлаулы балалардың алақандарын сипап сезіну арқылы , өз баласын тауып алады.
Ата-анаға сұрақ:
-Өз балаңызды қалай таныдыңыз, қандай сезім болды?
-Балаларға қандай тілек айтар едіңіз? (таба алмаған жағдайда).
ІІ. «Ой-толғаныс»
Ұжымдық жұмыс
І топ
1.Жанұяда бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
2.Балаңызға еңбек етуді неше жастан және қалай үйретесіз?
3.Сізге көмектесемін деп балаңыз өте қымбат тұратын ыдысты сындырып алды, сіздің әрекетіңіз?
4.Балаңызға берген уәдеңізді ұмытпайсыз ба?
ІІ топ
1.Балаңыз сізден көмек сұраса, сіз істеп жатқан жұмысыңызды немесе көріп отырған телекөрілімді тоқтата аласыз ба?
2.Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
3.Балаңыздың жасына қарамай онымен ақылдасасыз ба, пікірімен санасасыз ба?
4.Өз балаңыздың досының ата-анасымен байланыс жасайсыз ба?
ІІІ топ
1.Балаңыздың байқау-бақылау қабілетін дамытуда әрбір сәттерді пайдалана аласыз ба?
2.Сіздің балаңыз туралы жағымсыз ескертпелер айтылса, себебін қайдан іздейсіз?
3.Балаңыздың кемшіліктері бола тұрса да, оның жетістіктеріне қуана аласыз ба?
4.Балаға қатаң талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмей ме?
Тренинг «Сиқырлы қарандаш»
Әр топтағы барлық қатысушыларға ортақ бір қағаз беріледі.Қатысушылардың біреуі таза қағазға бала тәрбиесіне байланысты тақырыптағы суреттің бір бөлшегін бастап салады.Келесі қатысушы осы суретті толықтыра түседі.Осылайша барлығы қатыса отырып (шеңбермен) суретті аяқтап шығуы тиіс.Соңында суретті сипаттауы тиіс.(Әр топ).
Тренинг: «Қолғаптар»
Қатысушыларға бір-бірден қолғап үлестіріле отырып, сұрақ қойылады.Мыс: бұл неге ұқсайды? т.б.
Нұсқау: Алдымен қолғабымыздың тырнақтарына мән бере отырып, сыңарын табыңыз.Табылған сыңарлы қолғаптарға өз балаларыңызға арнап тілек жазыңыз!
«Мен және менің балам», шын жүректен (ілінген плакатқа ата-аналар өз тілектерін, ойларын, ұсыныстарын жазып, плакатқа түйрейді).
Қорытындылау.
Тақырыбы: «Бала қабілетінің артуында отбасының рөлі»
Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие сапасының құлдырап кетуі, қоғамдағы жат қылықтар, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасын құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қалыптасуына әкеліп соқты Осы мәселені шешу, бүгінгі күн талабының көкейкесті мәселесі болып отыр.
Бүгінгі таңда толық емес отбасыларында өскен балалар өте қамкөңіл, ренжігіш, күйгелек мінезді болып өсіп келеді. Аналық мейірімді қатты аңсайды. Ондай бала көңіліне ұнамағанды істемейді, қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуға әрекет жасайды. Баланың мінез ерекшеліктеріндегі мұндай кемшіліктер отбасы тәрбиесінде көптеп кездесуде.
Отбасы тәрбиесінде Отанымыздың демократиялық құрылымға бет бұрған алғашқы, өтпелі кезеңінде, қазіргі кездегі ата-ана баланы патриотизмге тәрбиелеу ісінің бәсеңдігінің куәсі болдық. Сонымен бірге, еңбек тәрбиесіне көңіл бөлмеген жанұяларда бала бос уақытын көптеген жағдайда әртүрлі қызықтар қуумен өткізеді. Ол жастардың азғындауына апарып соғатын бірден-бір нақты жағдай болып отыр.
Жалпы отбасы тәрбиесін, келсек бүгінгі таңдағы әке түрлі себептерге байланысты өзінің отбасындағы патриархалды күшін жоғалтқан. Сонымен бірге балада әке тәрбиесі жетіспейтін отбасы арасындағы қарым-қатынаста сұхбаттасу жетіспейді. Баланың әлеуметтік даму деңгейі төмендейді. Әлеуметтік даму деңгейі деген не? Ол, мінез-құлқы, қоршаған ортамен қарым-қатынасы жетіспеушілік. Отбасындағы берілетін тәрбиеге келетін болсақ, отбасын екіге бөліп қарастыруға болады: жақсы тәрбие беретін отбасы бар, мүмкіндігі келмейтін отбасы бар. Баласын тастап саудаға кетеді, қызмет істейді. Ондай бала үйде жалғыз отырады. Ол баланың тамағы тоқ, киімі бүтін болғанымен жақсы тәрбие ала алмайды.
Отбасында кездесетін көп кемшіліктердің бірі, баланың тілін дұрыстамаймыз. Бала еркелікпен тіл бұрап, басқаша сөз айтады.
Қазіргі кездегі отбасындағы бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігінің төмендеуінің салдарынан балаларымыз көше кезіп, қыздарымыз кезбелікке салынып, қаңғыбас бала саны көбейе түсуде. Отбасы тәрбиесінде , әсіресе жастарымыздың арасында мейірімділіктің, имандылықтың, адамгершіліктің төмендеуі салдарынан әртүрлі жағдайлар туындауда.
Әбу Насыр әл-Фараби атамыз: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас-жауы» дегендей отбасындағы ата-ана бала тәрбиелеуде ең бірінші мына төмендегі ұсыныстарды есте ұстаған жөн:
-баланың бойына өз елінің салт-дәстүрін, ана тілін, дінін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
-баланы отбасында Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу;
-ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыстау;
-баланы табиғатына сәйкестендіріп, қабілетін анықтап, бейімділігін дамыту;
-баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу;
-отбасында баланың рухани байлығын (эстетика, еңбек, адамгершілік, имандылық т.б.) дамыту;
-отбасында баланы жеке тұлға ретінде қарау;
-баланың өзін-өзі басқаруы (қаржы, іс-әрекет т.б.);
-баланың табиғатына сәйкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт-бағдар беру.
Сонымен, жаңа ғасырда қоғам мүддесіне сай лайықты жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру, отбасының, балабақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.
Тренинг тақырыбы: «Мен кіммін?»
Тренинг мақсаты: жасөспірімдердің өзіндік анықталуын қалыптастыру. Өзіне баға беру, өз ерекшеліктерін білу, өз мүмкіндіктерін анықтау, жалпы талдау жасауды меңгерту.
Тренинг міндеті:
оқушыларды өзіндік диагностикаға үйрету, рефлексияға үйрету;
өз мінез-құлқынын реакциясын, қатынасын, қажеттілігін түсіндіру;
өз кемшіліктері мен қателіктерін жете түсінуін қалыптастыру.
«Өзіңді - өзің қалай қабылдайсың» атты тренинг жүргізу.
Бұл тренингтің мақсаты - оқушылардың өз-өзіне деген және өзгелерге деген сыйласым, өзінің жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу. Көрнекілік негізінде шарлар, плакатқа жазылған сөздер, үнтаспа және тренинг сабағының мақсаты мен міндеттері қабырғаға ілінді. Жалпы тренинг сабағы 4 турдан тұрады:
l. «Ұйымдастыру» - мұнда балалар бір-біріне күлімдеп сәлем береді, бір-біріне күлкі сыйлайды.
2. «Өз - өзіңді қалай қабылдайсың» - мұнда әр оқушы өзінің жағымды және жағымсыз жақтарын қағазға жазады.
3. «Жақсының жақсылығын айт, нұры толсын» - бұл турда бір оқушы өзіне жақын, ұнататын бір баланың жақсылығын, жағымды жақтарын айтады. Бұған 5 минут беріледі.
4. «Өзгені тани білесің бе?" - мұнда әр оқушы қалаған бір оқушыны таңдап, атын айтпай жасырын түрде оған мінездеме береді, ал топ сол жасырылған оқушыны табуы керек. Егер таба алса, онда топ жасырын оқушыны толық біледі деген сөз. Ал таба алмаса топ ішіндегі қарым-қатынас күшті, тығыз орнатылмаған.
Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді қалай қабылдайсың?»
Сабақтың мақсаты: Өз - өзіне деген және өзгелерге деген сыйласым, өзінің жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу.
Сабақтың көрнекілігі. Тренингке қойылатын мақсат пен міндеттер жазылған плакаттар, шар, үнтаспа.
Сабақтың түрі: Тренинг.
1 тур. Үйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме балалар, «Өзіңді - өзің тани білесің бе?» деген такырыптағы тренингімізді ашық деп жариялаймын.
Бірінші кезекте бір- бірімізді жақсы танып білу үшін амандасу қажет.
Қазір көтеріңкі көңіл-күй мен күліп жүрген адамдарды сиректеу кездестіреміз. Енді бір-бірімізге күлкі сыйлайық. Амандасуды мейірімді күлкімен бастайық.
Міне, бір-бірімізге қарама-қарсы тұрып, жақсы сөздер айтамыз. Мейіріммен күліңіздер.
Енді өзперініэдіи сезімдерінізге назар аударыңыздар.
Мейірімді күлкі мен әдемі жымиып та кедергілерді жеңуге болады. Неғұрлым адам көңілді жүрсе, айналасына адамдар мен жақсылық өзі - ақ келеді.
2. «Өзіңді-өзің қалай қабылдайсың?»
Қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына «менің кемшіліктерім» деп, ал оң жағына «менің жетістіктерім» деп өз ойларын бүкпей ашық жазуы керек. Бес минуттан кейін 3-4 оқушының өз жазғандарын топпен талдауға саламыз. Бұл әрекетке он минут уақыт беріледі. Төмендегі ережені есте сақтаған жөн:бір - біріне сұрақ қоюға болады, бірақ сын айтуға тыйым салынады.
3. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын».
Бұл өмірде мейірімді адамдар көп, өзімізге ғана мейірімді болмай, өзгелерге де мейірімді турде қарайық. Жақсы сөз жаныңызды жадыратады, қуаныш сезімі билейді. Енді өзгелерге де жақсылық сыйлап көрейік. өзіңнің жақын танысың туралы қандай жақсы, жағымды пікірлер айтар едің? Дайындыққа бес минут беріледі. Көңліңіз қалаған адамды таңдайсыз да, ол туралы әңгімеңіз қысқа да нақты болуы шарт, әсіресе қандай қасиетін бағалайтыңызды айтып тоқталу керек.
4 тур. «Өзгені тани білесің бе?»
Мұнда сіз қалаған бір адамыңызды тандап, оның аты-жөнін айтпай, сол адамға мінездеме бересіз.Сипаттама бергеннен кейін топ сіздің қай адамға сипаттама жазғаныңызды табу керек. Егер де жасырын адамды таба алса, онда топ сол адамды тани біледі деген сөз.Мұнда тек қана жақсы жақтарын ғана емес, сонымен қоса жағымсыз жақтарын да айтуға болады
№9 орта мектеп
Баяндама
Тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»
Өткізген: 2 «Г» сынып мұғалімі
Ж. Құдабаева
2017-2018 оқу жылы
Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1
08.09.2017ж. Жаңаөзен қаласы
Қатысқандар:
Сынып жетекші – Ж. Құдабаева.
Ата-аналар – 14
Хатшы – Қ. Аккулова.
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
1. Ата-анамен жұмыстың жылдық жоспарын жасақтау.
2. Ата-ана комитетін сайлау
Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі Құдабаева Жанат ата-аналарды жылдық жоспармен таныстырды. Ата-аналарыға балаларын сабақтан тыс уақытта сабақтарын қадағалау тапсырылды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі: Құдабаева Жанат ата-аналар комитетін сайлау.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата-аналарға оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды. Оқулықтарды таза ұстау, қаптап, күнделіктерін толытырып жүру тапсырылды.
Шешім:
Ата-анамен жүргізілетін жұмыстың жылдық жоспары бекітілсін.
2 Ата-аналар комитетінің құрамы:
Төрайымы: Байтишова Гаухар.
Мүшелері: Қайыпова Қ, Оспанова Ж.
3 Оқушылардың мектеп формасымен келуі, ішкі тәртіп ережелерін орындауы ата-аналармен сынып жетекшісіне жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Жанат Құдабаева
Хатшы: Қарлығаш Аккулова
Достарыңызбен бөлісу: |