ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ: бала тәрбиесінде отбасы рөлін көтеру. Білім алушылардың отбасылық және әлеуметтік құндылықтары мен құзыреттерін қалыптастыруда отбасы, мектеп, әлеуметтік серіктестердің өзара ынтымақтастығын орнатуға жағдай жасау.
ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ: · Отбасылық құндылықтарды сақтау;
· Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау
· «Отбасы-мектеп-бала» үштігінің өзара байланысын дамыту;
· білім алушыларды тәрбиелеу ісіне шетелдік және Қазақстандық тәжірибеде анықталған тәрбие жұмысының ең үздік түрлі нысандары мен әдістері арқылы ата-аналар қоғамдастығы мен әлеуметтік серіктестіктердің қатысуын жандандыру;
· отбасы мен мектептің ынтымақтастығын отбасылық тәрбиені ұйымдастырудағы серіктестік байланыстар арқылы үйлестіру;
· жалпыұлттық рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар мен құзыреттер жүйесіне баса назар аудара отырып, отбасындағы, мектептегі және қоғамдағы тәрбие ұстанымдарын қамтамасыз ету;
· үлгілі отбасының тәжірибесін тарату арқылы отбасының беделін арттыру.
· Әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру
· Ата-аналардың жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.
ЖОБАДА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР: · Ата-аналардың оқу процесіне белсенді қатынаспауы;
· Бала тәрбиесіне әкелердің белсенді араласпауы;
ОТБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: 1. Отбасындағы сенімділік
2. Дәстүрлерді сақтау
3. Үлкенге құрмет , кішіге ізет
4. Туысқандық қатынастағы отбасы
5. Еңбексүйгіштік
6. Сүйіспеншілік
7. Жомарттық
Күтілетін нәтиже: Ата-ана мен бала арасындағы алшақтық жойылып, өзара ынтымақтастық орнауы, әкенің бала тәрбиесіне көңіл бөлуінің жақсаруы, отбасылық тәрбиеде әкенің рөлін ұғынуы.
Бекітемін
Мектеп директоры
_________ Ж.Азимбаева
«____»________ 2024 ж.
«Бәйтерек» әкелер мектебінің жұмыс жоспары