«Ғылыми- зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері»


Педагогикалык тәжірибені зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата15.04.2024
өлшемі0,64 Mb.
#200840
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
UMK KAZ Magister gilimi zertteu

Педагогикалык тәжірибені зерттеу әдістері
- білім беру процесін 
ұйымдастырудың кӛз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. 
Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен катардағы тәлімгерлер 
қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар 
педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болган не енді туындауы мүмкін 
проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында 
келесідей әдістер коғаданылады: бақылау, әңгімелеу, интервью, анкеттеу, 
оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын кӛзден откеру, 
педагогикалық кұжаттармен танысу. 
Бақылау әдісі
— зерттеу барысында накты дерек материал жинақтау 
максатымен қандай да педагогикалык құбылыстың назарға алынуы. Бакыланған 
құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанамен жете танысуға 
орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі 
кезендерге бӛлінеді: 
1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 
2) бақыланатын объект, оның элементтерін және ситуацияларын тандастыру; 
3) бакылау және оның барысында ақпарат топтастыруга оңтайлы әрі тиімді 
тәсілдерді іріктеу; 
4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 
5) жинақталған ақпараттарды ӛндеу және дәйектеу. 
Бақылау түрлері: 
Араласа бақылау
- ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде 
катысады; Сырттай бақылау - зерттеуші ізденіс жүмыстарына тікелей араласпайды; 
Ашык және жасырын бакылау; Тұтастай және тандамалы бақылау. 
Бакылау
- орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірак ӛзіндік кемшілігі де 
жоқ емес: кӛп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің 
тұлғалық-әлеуметтік жеке дара бітістері (кӛзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал 
жасап, оның кандай да шынайылықтан ауыткуына себепші болуы мүмкін. 
Сұхбат әдісі
- кажетті акпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу 
болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес немесе косымша 
қолданылатын зерттеу тәсілі. Сүхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні 
ілгері түзілген жоспармен орындалады. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға 
әлеуметтану саласынан енген - интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, 
бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет