«6М050300-Психология» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсушілердің оқуға түсу сұрақтары олардың жалпы білім деңгейі мен осы саладағы ғылыми білімдерінің дайындық деңгейін анықтауға әзірленген.
Міндеттері:
психология ғылымының теориялық негіздері мен психологиялық зерттеу ерекшеліктерінің білім деңгейін анықтау;
отандық және шет елдік психология ғылымы саласындағы білімдерді еркін игеру.
Оқуға түсу емтиханының формасы –жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушы емтиханда берілген сұрақтарға жауаптарын арнайы қағазға жазып және жауап парағына шифр қойылады. Апелляция жағдайында жұмысты қарастыру үшін жауап парағындағы жазбаша ақпарат қолданылады.