Ғылыми-әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді №6 хаттама


Ес психикалық процестер құрылымының ядросы ретінде



бет5/19
Дата13.11.2023
өлшемі61,87 Kb.
#191130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
6М050300- Психология каз 2

11. Ес психикалық процестер құрылымының ядросы ретінде. Танымдық процесс ретінде ес туралы түсінік. Танымдық іс-әрекет жүйесіндегі ес. Естің физиологиялық негіздері. Ес процестері. Естің түрлері. Естің продуктивтілігінің негізгі сипаттамасы. Естің механизмдері. Феноменалды ес. Естің бұзылуы және олардың адам өміріне әсері мен шындықты қабылдаудың ерекшеліктері. Ес мнемалық іс-әрекет ретінде.
12. Ойлау ақпартты өңдеудің жоғарғы деңгейі ретінде. Танымдық процесс ретінде ойлау туралы түсінік. Ойлау танымдық іс-әрекет жүйесінде. Ойлау объектісі мен субъектісі. Адамның ақпаратты өңдеу жүйесі. Ойлаудың мазмұны: ойлау түрлері, ойлау операцияларындағы ойлаудың тәсілдері, ойлау формалары. Есепті шешу процесі үшін тән ойлау әрекетінің негізгі типтері. Ойлау іс-әрекетінің құрылымы (О.К.Тихомиров). Псевдоиндивидуалды ойлау іс-әрекеті шығармашылық ойлаудың негізі ретінде (С.М. Жақыпов).
13. Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде. Адамтану жүйесіндегі тұлға түсінігі. Философия, әлеуметтану және психологиядағы индивид, жеке даралық, тұлға. Тұлғанығ психологиялық қорғаныс механизмдері: жоққа шығару, ығыстыру, проекция, сәйкестендіту, рационализация, ауыстыру және оқшаулау (алыстату). Адамдағы биологиялық және әлеуметтік арақатынас мәселесіне негізгі бағыттар. Адамның биотиптері. Генотип және фенотип.Тұлға әлеуметтік құбылыс ретінде; тұлғаның құндылық-нормалық жүйесі. Тұлғаның өзіндік санасы.
14. Темперамент және мінез. Темперамент туралы жалпы түсінік. Э.Кречмер мен У.Шелдон бойынша темпераменттің конституционалды типологиясы. И.П. Павловтың темперамент туралы ілімі: жүйке жүйелері типтері мен жүйке процестерінің қасиеттері. Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы, темперамент қасиеттері. Темперамент және іс-әрекет. Сәйкес темпераментке ие психолог пен педагог жұмысының ерекшеліктері. Мінез туралы түсінік. Тұлғаның мінезі мен бағыттылығы. Мінез және темперамент; мінез және ерік. Мінез және сыртқы келбет- идеография. Мінез акцентуациясы мен психопатология теориясы. (К.Леонгард, А.Е.Личко, П.Б.Ганнушкин). К.Юнгтың индивидуалды мінез типологиялық моделі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет