Ғылыми философияның ПӘні әдістері қҰрылымы және жүйесі жақсылық Н. С алматы,2020 Ғылым философиясы


декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу; селекци



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі23,42 Kb.
#84310
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ ӘДІСТЕРІ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ

декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;
селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау;
агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру.
Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді[7].

Ғылымдардың топқа жіктелуі—ғылымдардың өзара байланысы, олардың ғылыми білімдер жүйесәндегі,ең алдымен, әртүрлі ғылымдардың зертелеттін белгілі бір принциптерге байланысты туындайтын өзара орналасу тәртібі, сондай-ақ олардың зерттеу әдісі. Ғылымдардың топңа жіктелуі формальды (үйлестіру принципіне негізделген) немесе диалектикалық мазмұны (субординация принципіне негізделген) болады. Энгельс « Табиғат диалектикасында» бұрынғы топқа жіктеудің (Сен-Симонның, Канттың және Гегельдің) бір жақтылығынан арылған ғылымдардың топңа жіктелуін жасады. Энгельс ғылымдардың топңа жіктелуін жекеленген ғылымдар зерттейтін материя қозғалысыныңформаларының өзінің және оолардың материалдық негіздернің (материалды дискретті түрлерінің) байланысы мен алмасуының бейнесі деп түсінеді. Ол бірқатар ғылымдарды механиканы , физиканы,химияны биологияны анықтады.Кейінен (биологиядан) Энгельс жасаған антропогенездің еңбек теориясы арқылы табиғаттан адамға тарихқа, жаратылыстанудан қоғамдық ғылымдарға және ойлау туралы ғылымдарға ойысы ашылды. Механикадан математикаға көшу жүзеге асырылды. Энгельс жекелеген ғылымдардың арасындағы ( қозғалыс формалары арсындағы (қозғалыс формалары арасындағы ) ойысуға баса назар назар аударды, бұл орайда қозғалыстың неғұрлым жоғары формасының мәні бұл формалардан оның төменгі формаларымен байланысын тану тану арқылы ашылатыны басшылықа алынды, ол генетика жағынан туындайды және олар бағынышты формаларретінде көрінеді. Ғылымдарда бұдан былайғы саралау олардың барған сайын күшейе түскен интеграциялануын, бұрынғы бытырынқы ғылымдар мен қалған арқау болып тартылып жатқан неғұрлым жалпы сипаттағы ғылымдардың арасындағы өтпелі (аралық) ғылымдардың туу жолымен біртұтас болып бірігуіне жағдай жасады. Жаратылыстану мен әлеуметтік ғылымдардың арасында техникалық ғылымдардың арасында техникалық ғылымдар, ал жаратылыстану мен тұр. Психологияның негізгі салалары: зоопсихология мен жоғары нерв қызмет туралы ілім арқылы жаратылыстанумен, тіл білімі, педагогика, әлеуметтік психология т.т. арқылы қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Басқа ғылымдарға терең тамыр тартып жатқан және матиматикалық бөлімнің өкілі болып табылатын кибернетиканың алатын орны ерекше. Жүйелі талдау моделдеу және басқалар сияқты ғылыми әдістер онымен өзара байланысты. Ғылымның қазіргі дамуы Энгельстің ғылымдардың топқа жіктелуінің алғашқы схемасына түбегейлі өзгерістер енгізді: Микродүние туралы жаңа ғылым (ядролық—субатомдық физика, кванттық механика,) аралық ғылымдар пайда болды (биохимия, биофизика, геохимия ) барлық жерде ғылымдардың өзінің ерекше маткериалдық қолданушысы бар неғұрлым ортақ абстрактілі және нақты ғылымдарға бөліне отырып, күрделі тарамдану іске асады. Барлық жеке ғылымдар жалпы ғылым ретінде диалектикалық- материалистік философияда қамтылды[8].


Ф.Энгельстің пікірінше, «философия «ғылымның ғылымы» деген атағынан бас тарту керек.Ғылыми көзқарас басқа ,ғылымнан жоғары тұратын философияны қажет етпейді. Әр ғылымның алдына жалпы заттар мен құбылыстардың жүйесінде қандай орын аласың деген сұрақ қойылғанда, сол жалпы байланыс сонда бұзылады.Сонда,алғашқы философиядан ойлау және оның заңдары туралы ілім –формальды логика мен диалектика қалады.Басқаның бәрі табиғат пен тарих туралы жағымды ғылымға қатысты»,-деген[9].
Қазіргі кезде ғылым философиясы үшін өзекті мәселелер: ғылым жалпы ,біртұтас,антроологиялық мөлшермен өлшенеді,жауапкершілік мөлшерінен өтпеген ғылым қазір қажетті емес деген;ғылымның нәтижелерін қадағалау қажет деген;мемлекет институты ,құқық,идеология,қоғамдық пікірлер жағынан ғылымға дұрыс көмек қажет деген;философияның жағымды мақсаты- арбитр функциясын атқару ,ал , ғылыми зерттеулердің нәтижелерін гуманистік болашақта байқау деген; мәселелер шешімінде этикалық-көзқарастық жағын соңғы нүктеге айналдыру деген.[10]

1.Ғылым тарихы мен философиясы .,Тойматаев Д.Б.,Қостанай 2016--4б.


2.Ғабитов Т.Х.,Қазақ философиясы. –Алматы : Раритет,2011-280б.
3.Тұрғынбаев Ә.Х.,Философия . –Алматы:Білім ,2001.-328б
4.Философмя : Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық.Ғабитов Т.,Алматы: Қаржы-Қаражат,2002—352б.
5.Қазақ энциклопедиясы
6. Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-сыныбына арналған окулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл
7. http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/231-kazak-adebieti/2521-gilimi-tanim.html
8.Қ.Ш. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау. Алматы АЭЖБИ 2007
9. Ғылым тарихы мен философиясы. Тойматаев Д.Б ,Қостанай,2016-130б
10.Ғылым тарихы мен философиясы: Тойматаев Д.Б.,Қостанай 2016-132б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет