Ғылыми философияның ПӘні әдістері қҰрылымы және жүйесі жақсылық Н. С алматы,2020 Ғылым философиясы



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі23,42 Kb.
#84310
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ ӘДІСТЕРІ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
Алина, Арука слайд1, problemnoe obuchenie diplom
Эмпирикалық әдістер
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады: 1) формаландыру – зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық-дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет