Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология және әлем тілдері факультеті «Аударма ісі» мамандығының 4 - курс студенті Сапарғалиева Әселге
МІНЕЗДЕМЕ
Сапарғалиева Әсел университеттегі төрт жылдық білім алу барысында өзінің ізденісімен, әр пәнге жақсы әзірлікпен келуімен, берілген тапсырмаларды дер кезінде сапалы орындауымен факультеттегі үздік студенттердің қатарында саналады. Ол аударма теориясына қатысты қосымша әдебиеттерді оқумен бірге әр тақырыпта түрлі ғылыми әдебиеттерден аудармалар жасап, аудармашылық машығын, ізденісін жетілдірді. Факультет деңгейіндегі түрлі студенттер арасындағы ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама жасап, өзінің алған білімін тәжірибе жүзінде дәлелдей алды. Факультеттегі және кафедрадағы қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Бірге оқитын құрбыларының арасында білімділігі мен ізденістігімен ерекшеленді. Заманауи талапқа сай үш тілді еркін, жақсы меңгерген. «Э. По әңгімелерінің аудармаларындағы сәйкестік мәселесі ағылшын, орыс тілдері негізінде» дипломдық жұмысы теориялық білімі мен практикалық ізденісінің айқын дәлелі. Мемлекеттік комиссия бұл дипломдық жұмысты жоғары бағалады. Сапарғалиева Әсел болашақта өзін жан-жақты, білімді, білікті, өз ісінің маманы ретінде толық таныта алатындығына сенімдіміз.
Ғылыми жетекші, филология ғылымдарының докторы,
профессор Тарақов Ә.С.
Достарыңызбен бөлісу: |