«Шардара ГЭС» АҚ-100 МВт; «Мойнақ ГЭС» АҚ -30 МВт;
«Қапшағай ГЭС» - 2 МВт;
«Бұқтырма ГЭС» -675 МВт;
«Шүлбі ГЭС» - 702 МВт;
«Өскемен ГЭС» -331,2 МВт;
«Алматы Каскад ГЭС»- 46,9 МВт;
«Қапшағай ГЭС» - 364 МВт.
«ӨСКЕМЕН ГЭС» АҚ
Қазіргі уақытта Өскемен ГЭС-і Өскеменнің Солтүстік-Шығыс шетінде орналасқан, белгіленген қуаты – 331,2 МВт, төрт турбинасы бар (82,8 МВт).
ГЭС құрылыстарының құрамы мыналар:
төрт су төгетін саңылауы бар қырқасы бойынша ұзындығы 92 м су төгетін бетон бөгет;
ұзындығы 300 м бітеу бетон бөгеттер;
ұзындығы 129 м бөгет бойындағы ГЭС ғимараты;
бір камералы кеме жүзетін шлюз.
3.2 Баламалы энергия көздерін пайдалануды іске асыру жолдары
«Қазақстан-2050» Стратегиясында , «көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы және жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс. Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс»- деп болжам жасаған болатын.
«Бұл ең алдымен, планетамыздағы барған сайын күрделеніп бара жатқан экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталған игілікті іс. Күннен-күнге өсіп келе жатқан энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзды. Жаһандық жылыну үрдісінде көмірсутегі шикізатынан шығатын зиянды қалдықтардың да әсері мол. Ғалымдардың болжамынша, осы жүзжылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметр көтеріледі екен. Қазірдің өзінде құрлықтарды басып жатқан топан су соның салдары. Сондықтан, әлем сарапшылары энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып отыр. Қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын энергия әлемде өндірілетін электр қуатының 2 пайызын ғана құрайды. Осы реттен келгенде Қазақстанның балама энергия көздері бойынша әлеуеті аса зор.