1.4.«Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологындағы көтерілген проблемалар: (арман, ғұмыр, уақыт, үрей, сенім, адамгершілік).
Әрине, тақырып, проблематикасыз, жанрсыз ешқандай көркем туынды жоқ. Солар шығарма ұйытқысы, шығарманың стильдік элементтерінің қызығы, діңгегі, жаны, өзегі. Соның ішінде ең бастысы әсіресе, шығармада көтерілген проблематлар. Проблематика тек форманы ғана емес, форманы тудырушы жанрды да айқындайды. Енді жазушының «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологындағы көтерген проблемалаға тоқталсақ:
Арман - өз қалауымызша жаңа образдар жасау, яғни адамның тілегін білдіретін, болашағына бағытталған өздігінше жаңа бейнелер құруы.
«...Ертегілерде ғана кездесетін арман ауылын емін-еркін аралаудың өзіде бар ғанибет емес пе? Балауса шақта қиял қуып, армандап, көрмеген жандар өмірде көп нәрседен құр алақан қалғанын сезе ме екен? Егер адамдар тек нақты есептерге арқа сүйер арман атаулыны ұмытып кетсе не болар еді? Армандауды ұмыту жөнінде ойланудың өзі үрейлі емес пе? Біреудің қандай адам екенін білу үшін оның ақыл-парасатынан гөрі, арман-мақсатына көбірек назар аударамыз ғой. Адамды өмірге ынталандырып, күллі тіршілікке мән-мағына беретін де сол арман емес пе? Бізді ғұмыр бойы алға жетелеп биік шыңдарға шығаратын, шабытты еңбекке жігерлендіретін осы арман ғой...» Осыдан келіп шығатын қортынды: «Армансыз – адам, қанатсыз құспен тең»- дегенге саяды. Жазушы «арман» проблемасын психологиялық оймен саппа-сай ете қорытады.
«Ғұмыр» дегеніміз – қанша оқып жатсаңда да, мәңгі бақи таусылмайтын ғажайып дастан емес пе? Күн сайын сол дастанның бір бетін оқып тастаймыз дейік. Ертеңгі оқылатын бетте қандай оқиға болары бүгін бізге беймәлім. Сондықтан ертеңгі күнде бәрімізге қызық көрінеді. Ертеңде сол келген жерімізден бастап, тағыда тамсана оқимыз. Сөйтіп күн сайын жаңа, бұрын өзімізге беймәлім хикаялар оқып, ләззаттана береміз.
Немат аға қарастырған проблеманың бірі: «ғұмыр» философиялық тұрғыдан қарастырғанын көруімізге болады: «...Меніңше, ерлі-зайыпты адамдар да біріне бірі хақ осындай ғұмыр бойы оқыса да, таусылмайтын, кереметтей қызық жыр-дастан болса білуі керек. Ғұмыр бойы рахаттануға болатын сұмдық үлкен дастанды бірер күнде асығып, аптығып, парақтап шыққаннан не пайда? Біз қайда асығамыз?
Күн сайын көкжиектен көтерілер күн шығады. Бүкіл әлемге шұғыла шашады. Таң атады. Біз мұны күнде көреміз. Сондықтан күннің әр жолы қалай шығып, қалай болып жатқанына жөнді мән де бермейміз. Оған қарамамаймыз да. Өйткені біз бүгін де күн құдды кеше өзіміз көргендей боп
шығады, кешегідей боп ұясына батады деп ойлаймыз. Солай екеніне тіпті күні бұрын кәміл сенімде боламыз.
Ал, шындығында, ертең де күн тура бүгінгідей боп шыға ма! Жоқ! Өмір қайталанбайды дейміз. Әрбір секунд өмірдің ешқашанда қайталанбайтын өзіндік ерекшелігі бар емес пе? ...»
Демек, «Ғұмыр» атаулыны әрбір адамға өлшеулі екені хақ, бірақта сол өлшеуші «ғұмырды» бақытты етіп өткіз әрбір тұлғаның өз қолында демекпіз.
«Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологында көтерілген басты проблеманың «уақыт» екенін аңғардық. Біз сау болып жүріп «уақыттың біз үшін тапшы» екенін білеміз. Ал, мұнда қалай екен! «...Уақыт дегеніміз не? Ол хақында ойланып па едің, сірә? Әншейін кезде зырылдауық уақыттың сиқырлы сырларына жөнді мәнде бермейді екенбіз ғой. Бірде жайбасар жандай сылбыр қимылдап, бірде жүйрік аттай құйындата жөнелетін «уақыт» жөнінде мен бүгін көзденіп жатып көп ойландым. Бірақ ол маған түпсіз терең теңіздей боп көрінді.
«Уақыт дегеніміз не» деген мәңгілік сауалға жауап іздедім. Қиялға ерік беріп, бұл сауалдың жауабын өзгелерден де сұрап көрдім.
Бұған әркім әртүрлі жауап берді. Уақыт - әр адамның көзіне әртүрлі боп көрінетін сиқырлы тас секілді екен.
Уақыт – материяның өмір сүруінің бір формасы, - деді ғалым.
Көпті көрген көне көз қарияның жауабы бұдан басқашалау еді.
Уа, дариға. Уақыт-ай! Келмеске кеткен жігіт – желең шағым емес пе ол! – деді ақсақал.
Сосын жас жігіттен сұрадым.
Уақыт - алдағы биік асуларға шығу үшін қажетті құрал, - деді ол.
Демек, уақыт біреулер үшін өткен шақ, ал біреулер үшін болашақ екен ғой. Естен кетпес қайғы-қасіретті ұмыттыратын да, айықпас ауыр дерттің емдеушісі де, даулы істердің ең төрешісі де уақыт емес пе?
«Уақыт – ғажайып ұстаз, бірақ өкінішке орай түбінде ол өз шәкірттерін жалмап жеп бітеді». Әлемге мәшһүр француздың ұлы композитор Луи Берлиоз осылай депті. Бәрімізге өмірді үйрететін де, бәрімізді өмірден әкететін де, уақыт демекші ғой ол...». Жоғарыда айтып өткеніміздей «уақыт» жайлы әртүрлі пікірлер бар. Біз әдетте адам үшін ең қымбат нәрсе өмір дегенді көп айтамыз ғой. Сол өмірдің өлшемі «уақыт» емес пе? Демек, өмір дегеніміздің өзі ең алдымен белгілі мөлшердегі «уақыт» қой. Олай болса, адам үшін «уақыттан қымбат асыл қазына жоқ» демекпіз.
Ал, хикаят-монологтың басты кейіпкері Ержан уақыт жайлы былай: «...Ал, мен үшін тап қазір уақыт әрі қуанышты, әрі қорқынышты нәрсе боп тұр. Қуанышты болатын себебім – аса күрделі де, қауіпті операциядан тірі шықтым. Осыдан біржола айығып, аяғыма мініп кетуім де ғажап емес. Қорқынышты болатын себебім бұдан былай ғұмыр мүгедек боп қалуым да ықтимал. Өйткені мұндай операцияны кейде аяқ-қолды емдеу үшін емес, адамды ажалдан арашалап қалу үшін жасайды.
Бұл адамның сенімсіздігінен туып отыратын қорқыныш сезімі десекте, болады. «Үрей» сезімін автор былайша түсіндіреді: «...Үрей сезімі барлық адамға тән табиғи қасиет, одам ешкім қашып құтылған емес. Қорқыныш сезімінің ең күштісі – ажал үрейі. Ажалдың қыл арқаны мойынға түсіп, қылқындыра бастағанда ғана адмамды ажал үрейі билей ме? Жоқ. Сау-саламат шапқылап жүргенде-ақ бойымызда азды-көпті қорқыныш сезімі болатын шығар. Әйтпесе неге өлікті көргенде төбе құйқамыз шымырлап кетеді.
Әйтсе де, өлім қауіпі ұдайы төбемізден төніп тұрмайды. Көбінесе оны өз басымызға қатар төнген сәттерде ғана еске аламыз. Өйткені «адамның ақыл-
ойын үрей сезіміне билетіп қоюға болмайды». Көне заманның ұлы ақыны Данте Алегьери осылай депті».
Бір қызығы – адам бойындағы қорқыныш сезімінің табиғатын, әсіресе, ажал үрейінің ішкі сырын ғалымдар көптен бері-ақ зерттеп келеді екен.Орыстың ұлы ғалымы, атақты физиолог М.М.Мечников бұл салада бүкіл әлемдік ғылымға қыруар үлес қосқан жан саналады. Алайда ол «қорқыныш сезімін зертеуге, оның құпяларын ашуға, ажал үрейінің бейнесін жасауға» ғалымдардан гөрі, ақын-жазушылар көбірек еңбек сіңірген деп мойындайды.
Өз шығармаларында қорқыныш сезімі, ажал үрейі хақында мейлінше ғалым дәлдікпен жаза білген бірнеше жазушының есімін ұлы физиолог М.М.Мечников зор ілтипатпен атап көрсетеді. «...Олар ағылшын ғалым Джордж Байрон, француз жазушылары Альфон Доде мен Эмиль Золья, орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой». Мәшқұр ғалым М.М.Мечников солардың ішінде, әсіресе Толстойды айрықша жоғары бағалайды. Жазушы логикалық ойлану әдісімен-ақ сол кезде ғылымның күші жетпеген сырларды ашқан екен. Біздің қазақ әдебиетімізде де, Н.Келімбетов көтерген «Үрей» проблемасын жан-жақты, егжей-тегжейлі ойлау арқылы жеткізе білген.
Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологында көтерілген проблемалардың қай-қайсысын алып қарасақта, олардың барлығына өзінше психологиялық, философиялық, физиологиялық, педагогикалық жақтарын қарастыра келіп, өзінше жазушы, әдебиетші ретінде үлкен дайындықпен, ізденіспен, дүние танымы арқылы автордың идеал, биік мұрат тұрғысынан екшелген, сұрыпталған өмір құбылыстарының шебері ретінде баға бере білген.