Жұмыстың мақсаты: Орта Азия мен Қазақстандағы библиографияның дамуына үлес қосқан ағартушылармен таңысып,оның бүгінгі таңдағы жұмысы жайлы.
Кітапнама немесе Библиография(көне грекше:«bіblіon»–кітап және көне грекше«drapho»–жазу)–баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылыми мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси,философия және эстетика көзқарастарды, техника жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады.
Ең алдымен Қазақстандағы библиографияның дамуына тоқталмай тақырыпты кеңінен ашу мақсатында Орта Азияда баспа ісі қаншалықты деңгейде болғандығы туралы айтайық. Орта Азия мен Қазақстанда түркі тілдес халықтардың,тілдік жағынан,бет-пішінінен де ұқсас туыстарымыздың кезінде мәдениет едәуір дамыды. Оған дәлел «Түркістан ошағы».
Түркістан-Орта Азия мен Қазақстандағы ірі қала.Мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, білімі мен өнері ұштасқан өнір. Бұл қалада тарих беттерінен ойып тұрып орын алатын «әлемдегі екінші кітапхана» деген атауға ие болған «Отырар кітапханасы» болды. Аңыз бен ақиқатқа толы осынау кітапханада екінші ұстаз-Әбу Насыр әл-Фарибидың шыққаны бәрімізге белгілі. Кітап қорына бай кітапханада библиографияда өз деңгейінде қызмет атқарды.
Ежелден қазақ халқы көшпелі өмір салтын ұстанды. Сол себептен де, Қазақстан библиографиясын зерттеу барысында қазақтардың кітап жазу ісінде кейін қалдыдеп есептейді. Бұл мүмкін емес, себебі,олар көшпелі халық болса да кітап жазды. Тарихты, жалпы кітапты қазақ даласындаға көшпелі ел де, қаланы мекендеген отырықшы қазақтар да жаза бастаған.Мұндай кесімді жауап француз ғалымдары:Делез бен Гварати құрған «Номодология теориясынан» келіп шығады. Олар былай деген: «Біз тарихты отырықшы тұрмыс салтын ұстанған адамның көзқарасы тұрғысынан жазамыз... тарих ешуақытта сыртқы дүниені түсінбеген». Тарихты, жалпы кітапты қазақ даласындаға көшпелі ел де, қаланы мекендеген отырықшы қазақтар да жаза бастаған. Қазақ библиографиясының дамуы сонау ежелгі дәуірлерден тамыр алып келеді. Қазақ даласында көптеген шығармалар дүниеге келіп, қазіргі қазақ библиографиясының дамуына үлкен үлес қосып жатыр. Сол кездегі ғалымдардың еңбектері бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.Мәселен Түркітілдес халықтардың толық энциклопедиялық өмірі ретінде Махмуд Қашқаридің «Түркі тілдерінде түсіндірме сөздігі» атты еңбегін атауға болады. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты поэмасы оқырмандарға өте қызықты поэма ретінде ұсынылады.
Қазақстан библиографиясының шығуы өткен ғасырлармен тығыз байланысты. Араб жазбалары мен түркі тілдес кітаптар Шығыстың орасан зор жерінде шыққан және көшірілген. Түркі тілдес қолжазба кітаптардың тақырыптары әртүрлі болады. Мысалы, олар мерзімді календарлар, энциклопедиялар, көшірмелер, география, астрономия т.б. Түркітілдес қолжазба шығармаларымен тізімдер поэзия түрінде берілген. Қазақстанда XVIII ғасырға дейінгі және Қазақстанның жеке жерлері туралы мәліметтер араб жазбаларының түркітілдес әдебиеттерінде сол сияқты шығыс Еуропалық шығыстану құжаттар әдебиеттерінде берілген.
Академик В.В. Бартольд өз жазбаларында былай деп қалдырды: «Орта ғасырдағы мұсылман ғалымдары арнайы араб терминологиясы бойынша өзінің ғылыми классификациясын құрастырды»-деп Орта ғасырдағы бірқатар ислам ғалымдарының еңбектеріне нақты дәлел келтіреді.
Ежелгі Қазақстан библиографиясы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұнымен сипаты жағынан сан алуан. Қытайдың Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинаудан басталды. Қытай жазба деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығы мен ерекшеленеді.Қазақстан туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (біздің заманымызға дейін 140-87 жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы "Батыс өңір" деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстанмен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды деген ойға келіп тоқталамыз. Жалпы Қазақстан жайлы оның тарихы, әдебиетті туралы көршілес елдер біраз деректер қалдырған.
Қазақстан библиографиясы жайлы бертін келе көптеген библиографтар еңбектер жазып қалдырды. Мәселен; 1868 жылдан бастап В.И.Межов Түркістан туралы материалдарды жинақтауды өзіне мақсат етіп қойды. «Түркістан туралы жинақта» физика, география, геология, өлке жайында ғана емес, оның тарихы, этнографиясы, өмірдегі тұрмыс жайында, қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен халықтарының тұрмыс жағдайы туралы материалдар жинақталған. Бұл жинақта 519 томға арналған жүйелік және алфавиттік көрсеткіштер жасалған.
«Түркістан жинағы» 2 бөлімнен тұрады:
Жалпы Орта Азия
Орта Азия
2-ші бөлімде мынандай бөлімшелер бар:
Орта Азиядағы орыс
Ресей мен Орта Азия
«Түркістан жинағында» әдебиеттердің көбісі көшпелі халықтарға арналған. Жинақтың «Этнография», «Қазақтың ауыз әдебиеті» бөлімдерінде әртүрлі салт-дәстүрлер, ойындар, өлеңдер т.б. туралы әдебиеттер берілген. Библиографтың осы еңбегі Орта Азия мен Қазақстандағы бірқатар мәлелерден хабар береді.
Көпшілігінің пайымдауынша қазақ халқы көшпелілер болған оларда мәдениет,білім,өнер деген түсініктер болмаған деген ойда болу үлкен қателік. Жоқ қателік емес,тарихы тереңнен бастау алатын осынау елдің тұрмыс-тірілігін білмей осындай тұжырымғ келу сауатсыздық дер едім. Аузымызды толтырып тарихымызбен мақтана отырып, бүгігі күнімізге шүкір етеміз. Себебі,бізде қандай өзекті мәселе болсын тархымыздан берер жауабымыз дайын. Дәл солай библиографияның дамуы да өте ертеден бастау алады.
Достарыңызбен бөлісу: |