Ғылыми жоба «Шолпының тәрбиелік мәні» Орындаған: Әзілхан Сандуғаш Дәулетқызы



бет9/10
Дата17.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#191719
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Шолпы ғылыми жоба

3.4 Шолпы – ақындардың жыры
Шолпы, шашбау туралы әндер, шығармалар баршылық. Солардың бірі Мағжан Жұмабаевтың “Шолпы” өлеңін айтуға болады. Бұл өлеңде шолпысы сылдырлаған қыздың адам бойын шымырлатар қасиеті бары анық көрінеді. "Шолпы" өлеңінде Мағжан өлеңдеріне тән ерекше бір әуезділігі айқын көрінеді. Соған тоқталып өтейік:
«Шолпы» өлеңі.
Сылдыр, сылдыр, сылдыр…
Қанымды қайнатты құрғыр.
Шық - шық жүрекке тиеді,
Күлпара талқан боп сынғыр.
Сылдыр, сылдыр, сылдыр…
Өзекті өртеді құрғыр.
Әдейі іргеден жүреді,
Сұлу қыз санадан солғыр.
Алтынбек Қоразбаев ағамыздың мына өлең шумақтарын қоссақ болады. Бұл өлеңді тыңдаған кезде, көз алдымызға заманымыздың көрікті ұзын шашты қыздары елестейді:
Сыңғыр шолпы шашбаулым,
Жарасады таққаның.
Осы сәнің тұрғанда ,
Қаламаймын басқаны.
Сүйіншілер жеңгелер ,
Шашбаулы қыз келді деп.
Алаш ақыны Міржақып Дулат та осы бір жарасымды жайды былай :
Шекеде кәмшат бөрік,
киген асыл,
Сылдырап алтын шолпы,
иықта шаш-деп жырына арқау еткен.
Ұлы ақынымыз Абай да шолпысы сылдыр қаққан сұлу қызды төмендегідей суреттеген екен:

Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?–деп те жырлайтын ақындарымыз бар.



IV.Қорытынды
Ерте замандағы Қыз Жібек, Баян сұлу, т.б. қазақ қыздары ерекше сұлу болған. Себебі, олар өз сұлулықтарын сақтап, қос бұрымын бұландатып, шашының ұшына шолпы, шашбау тағып жүрген.Ал 13-14 жасында құлағындағы сыңғырлаған сырғаларға асыл тасты бойтұмар, шолпы үндері қосылып, ырғақты әдемі әуен, кішігірім симфониялық оркестр үнін құраған. Бешпетіне таққан ұсақ тиындар мен теңгелер қыз қозғалғанда шолпыға қосылып сыңғырлап дыбыс береді. Оны ақындарымыз былай жырға қосқан :
Болса да қудай сұлу сырын ашпас,
Құлпыра сыңғырлаған шолпы тақпас.
Астарына үңілсек, қоңыраулы шолпыны таққан қыздар далада жүргенде, қатты күлсе, жүгірсе, шолпы сыңғырлап, дабыл қаққан. Бұл – бір. Ал шолпысына, маржан моншақ таққан қыздар оғаш қимыл жасаса, шолпы моншақтары салдырлап жағымсыз дыбыс шығарып, иесі оқыс қылығын дереу тоқтатқан. Қандай ғажап үйлесім... Шолпының бұл сылдыры оларды елең еткізіп, жинақы болуға мәжбүрлеген. Екіншіден, шолпының әуеніне байланысты ырғақты қозғалысты сезініп, аяғын аңдап басып, қалқып жүруге дағдыланған. Қазіргі тілмен айтқанда, дефиле – көрікті әсем бой түзеуді (осанка), түзу сәнді жүруді арнайы үйрететін модельдер мектебінің рөлін атқарған. Үшіншіден, ауыр шолпы таққанда бас ауырмайтын басқа да емдік қасиеті болған. Төртіншіден, шолпы, шашбау сыңғыры қыз баланың үйге қарай келе жатқанынан хабар берген. Үлкендер жағы артық сөзін тыйып, қыз алдында өздерін тәртіпке шақырған. Бесіншіден, балғын қыздар денесін тік ұстап, бойдағы сенімділікті қайрап, кез келген ортада өзін-өзі еркін ұстай білуді балалық шақтан үйренеді. Алтыншыдан, шолпының салмағының әсерінен шаш ұзын болып өскен, бұл тұжырым биологиялық тұрғыдан расталған ақиқат. Жетіншіден, шолпы мен шашбауды бұрымы тарқатылып кетпеу үшін таққан және ол этномәдени ұғым. Міне, әшекейлер әуені осылайша бірнеше міндетті қатар атқарған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет