2-ТӘЖІРИБЕ ҚАТЫНАС ЫДЫСТАР Мақсаты: қатынас ыдыстардағы біртекті сұйықтық бетінің орналасуын бір деңгейде көрсету.
Құрал-жабдық: әр түрлі қимадағы пластикалық бөтелкелердің төменгі бөліктері, резеңке түтік.
Жасалу схемасы:
Екі немесе үш пластикалық бөтелке
Резеңке түтік(медициналық түтік)
Жасалынған құрал :
Нәтиже: ыдыстардағы су деңгейі бір деңгейде болды.
Талдау: біртекті сұйықтықтың кез-келген түріндегі қатынас ыдыстарында беттер бірдей деңгейде орнатылады (егер сұйықтықтың үстіндегі ауа қысымы бірдей болса).
3-ТӘЖІРИБЕ ГИДРОСТАТИКАЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ ЗЕРТТЕУ Мақсаты: қысымның сұйықтық бағанының биіктігіне тәуелділігін көрсету.
Құрал-жабдық: әр түрлі биіктікте тесіктері бар пластикалық бөтелке, кювета, таспа.
Жасалу схемасы:
2
3
1
Пластикалық бөтелке
Гель қаламынан жасалған түтіктер
Кювета
Жасалынған құрал:
Нәтиже: төмендегі тесіктен су қарқынды ағады.
Талдау: ыдыстың түбіне және қабырғаларына түсірілген сұйықтықтың қысымы сұйықтық бағанының биіктігіне байланысты(Биіктік неғұрлым үлкен болса, сұйықтық қысымы соғұрлым көп болады p=ρgh).
4-ТӘЖІРИБЕ