ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Ұялы телефонның шығу тарихы.
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шетелдік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірбиелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.
2.2.Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:
1)Жай ұялы телефон
2)Ұялы бейнетелефон/смартфон/
Жай ұялы телефонда қоңырау шалу (қабылдау, SMS, соңғы кездері фото) бейнекамера, саз, флеш-жад, интерет,
MMS деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады
Смартфон (білімді, ақылды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш, т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы
Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады.
1) Әр адам және кез келген уақытта пайдалана алады. Яғни, әр түрлі жағдайда керекті адамдарымен хабарласа алады;
2) Ол өте кішігірім болып келгендіктен, күнделікті өмір де өзіңізбен ұстай аласыз;
3)Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде отырамыз;
4)Оқыс жагдайға ұшырасақ (көлік апаты, ұрлық, кездесуге уақытылы улгере алмаған жағдайда, өз өміріңе,денсаулығыңа, жақындарыңа қауіп төнген жағдайда да бірінші қолға ұстайынымыз ұялы телефон;
5) Қызықты жағдайларға куәгер болған жағдайда сіздің қолыңыздағы ұялы телефонның бейнекамерасының алар орны ерекше;
6)Дүкендердегі киім, әшекей бұйымдар, ойыншықтар, үй жиғаздары, кітаптар, т.б. заттар ұнап жатса ұялы телефонының интернеті арқылы тапсырыс беруге болады;
7) Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бір- бірін көріп сөйлесуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |