Ғылыми жоба тақырыбы: Ұялы телефонның пайдасы мен зияны


Ұялы телефонның кемшілігі



бет3/3
Дата21.05.2022
өлшемі288,7 Kb.
#144360
1   2   3
Байланысты:
дарын уялы телефон

2.3. Ұялы телефонның кемшілігі
1 )Ұялы телефон радиация тарататыны үшін өте зиянды. Бір сәттік үшін зияны аңғарылмауы мүмкін. Бірақ ұзақ уақыт қолданылғанда зияны өте көп.
2)Ми, көз, құлақ, кеуде, жүрек және басқа да мүшелерде дегенерация пайда болады.
3)АҚШ дәрігері Девра Давис былай деген: «Ұялы телефонымен сөйлескен кезде ми жасушаларының бір бөлігі өле бастайды...»
4) Жас балаларға және егде жастағы кісілерге өте зиянды.
5) Ұялы телефонның қосылып тұрғандағы сәулелендіру деңгейі есту, көру, мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді.
Ғалымдар зерттеп, қызықты қорытынды жасады. 10 жылдан астам уақыт ұялы телефонды үзбей пайладанған адамның миына зиянды заттарды енгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Болашақта адамды мидың қатерлі ісігіне шалдықтыруы мүмкін.
Шетелдік ғалымдар телефонды көп қолдану адамды Альцгеймер және Паркинсон ауруына шалдықтырады деп шешті.
Олар сәуленің әсері кейінгі ұрпаққа беріледі деген. 1 ай бойы түрлі телефон арқылы атжалмандарды сәулелендіру тәжірбиесін жасады. Екі аптадан соң олардың иммундық жүйесі өзгерді. Сәулеленген атжалмандар қанын басқа атжалман тышқандарға екті. Кейін өліп қалды.
2.4 .Ұялы телефонның зиянды әсерінен қорғану тәсілдері.

  1. Оны көйлек қалтасында емес, сумкада алып жүру керек;

  2. Ұялы телефонға құлаққап жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз;

  3. Телефонды қалтада, белдікте ұстамаңыз;

  4. Телефонды қолда ұстап, жастықтың астына салып ұйықтамаңыз.

Қорытынды
Ұялы телефон — радио желі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.Егерде ұялы телефонды қолданғанда өз ережесіне сай қолданса, айтарлықтай зияны жоқ, бірақ сол ережені сақтамаудың кесірінен көптеген ауруларды адам өз қолымен тауып отыр.«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» - деп қазақ халқымыз айтқандай, ұялы телефонды қорғану ережесін сақтап қолдансақ, нұр үстіне нұр болар еді.Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет - журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық - зомбылыққа, қылмысқа тәрбиелейтін бағдарламалардан сақтандырып отыру керек. Осындай мәліметтерді жинай отырып, мындай болжам жасадым: Ұялы телефон адам ағзасына зиян. Бірақ, адамдар ұялы телефонның пайдалану ережелерін сақтаса, оның адам ағзасына әсер ететін зияны төмен болуы мүмкін деген болжамға келдім.
Ұялы телефонды мектеп ішінде қолдану ережесі бар екенінде ұмытпайық. Әсіресе жоғары сынып оқушылары көп қолданады. Бізге апайымыз ережелерді үнемі еске салып, ата – аналарымға ескертіп тұрады. Осы ережелерді ұстансақ, денсаулығымызға да, сабағымызға да кедергі болмайды деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет