Тобылғының қоғамға пайдасы. Әрбір өсімдіктің табиғатта алатын өзіндік орны бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарып тұр. Десек те қателеспеген болар едік. Өсімдіктердің барлығы да адамзаттың үшін өседі. Мәселен адамға жеміс берсе, екіншісі ауаны тазартады. Құм тасқынынан және су тасқынынан қорғап тұратын өсімдіктер де бар.
Сондай-ақ қажеттілігі мол тобылғыны ертеден келе жатқан әжелеріміз күбіні ыстау үшін қолданған.Ол үшін тобылғының жуан жағын ұсақтап сындырып,оны тұтатып оның ысына күбіні майлап алып ыстаған. Балды тобылғы өсімдігі,жақсы мал азығы да болған. Құм тоқтату үшін үй шаруашылығында пайдаланған.
Енді бір пайдасы ауыл ағалары тобылғының жуан және түзу өскен бұтағынан қамшының сабын жасаған.Тобылғыдан тіс шұқығыштар дайындалып тіс арасындағы микробтарға қарсы пайдаланған.Сонымен қатар тобылғыдан түрлі бұйымдар жасаған.Оларды үй шаруашылығына пайдаланған.