Ғылыми жобаның тақырыбы: «Тобылғы» Бағыты


Қосымшалар Мақал-мәтелдер



бет8/8
Дата29.04.2022
өлшемі2,93 Mb.
#141328
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тобылғы Али Азамат1

Қосымшалар
Мақал-мәтелдер
Тобылғының түбін бассаң көде көпіршіп шығады.

Тұт ағаштың тұтын же, тұтын жесең күтіп же.

Түзу ағаш тік тұрып тозады.

Үлкен ағаштың жаңқасы көп.


Қараған –кен,тобылғы ем.
«Тобылғы шөпке жетеді, шөп көпке жетеді»

***
- Сен мені ойладың ба?
Түсімде көрдім.
Тобылдың қойнауында,
Тобылғы ішінде көрдім.
«Жүрмеймін, көтермесең», -
Деп маған еркелейсің.
Өтірік кетем десем,
«Кетпеші, ерте», - дейсің.
Айтасың: «Ұрсып анам,
Жөнімді сұрады», - деп.
- «Болдым-ау қырсық саған», -
Деймін мен жылағым кеп.
Сен мені жұбатасың,
Мен сені жұбатамын.
Кетпеген балалығы
Кейпіңді ұнатамын.
- Сен мені ойладың ба?
Түсімде көрдім.
Тобылдың қойнауында,
Тобылғы ішінде көрдім.


Ән: Тобылғы сай
Ауылым сен сұрасаң бел тұрғанда,
Қайысар қайың ағаш жел тұрғанда.
Сылқымын өзге ауылдың не қылайын?!
Бұралып тал шыбықтай сен тұрғанда.
Қайырмасы:
Жұлдызымсың,
Нұрын шашқан-ай.
Әніңнен айналайын,
Тобылғы сай.
Манаурап тау үстінен көрінеді,
Жүректен жыр толғайды көңіл кеші.
Есіме сен түскенде беу, қарағым,
Артады саған деген сағынышым.
Қайырмасы:
Жұлдызымсың,
Нұрын шашқан-ай.
Әніңнен айналайын,
Тобылғы сай.

Қолданылған әдебиеттер:
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Қазақша-орысша сөздік
«Қазақстан табиғаты « энциклопедиясы
«Қазақ энциклопедиясы «ЖШС,2011.Т.З
«Қазақстан ұлттық энциклопедиясы»(1-2 том)
«Балдырған» балалар журналы 2009 ж. 9 нөмірі
«Егемен Қазақстан» газеті 2011 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет