Ғылыми жобаның тақырыбы:«Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алу»



бет1/10
Дата26.04.2024
өлшемі40,96 Kb.
#201460
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ғылыми жоба Исаева Роза


Ғылыми жобаның тақырыбы:«Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алу»

Мақсаты:
Әлеуметтік желі -жастар мәдениетін дамытатын құралға айналуына байланысты сауатты жазуға бағыттап, соның ішінде орфографиялық және пунктуациялық қателердің алдын алуда жұмыстану;


Жобаны зерттеу барысындағы ғылыми болжам:
-Әлеуметтік желіде сауатсыздық орын алып, үйреншікті дағдыға айналып бара жатқандығы;
-Ересектерге түгелей отбасы мүшелеріне сауатты жазуды насихаттау қажеттілігі;
-Жастардың қатесіз бұралқы сөздерсіз сауатты жазуға қызығушылықтарын ояту;
-Арнайы коммуникациялық және қауіпсіздік органдардан тексеруден өткізіп отыру қажеттілігі;
Күтілетін нәтиже:
-Өзімнің мектебімдегі оқушылар мен ұстаздардан сұхбат алып, сауалнама жүргізу арқылы мәселенің қаншалықты тереңде екенін анықтау;
Әлеуметтік желідегі сауатсыздықты зерттей отырып,ғалымдарымыздың ғылыми зерттеу, мақалаларын негізге ала отырып, қоғам назарын аудару;
-Зерттеу қортындысы бойынша БАҚ бетіне мақала жариялап,жас ұрпақты сауаттылыққа баулу;


Зерттеу әдістері :
-Эксперимент жүргізу
-байқау өткізу;
-Сауалнама;
-Әңгімелесу;
-Сұхбат алу
-Әлеуметтік желідегі тіл білімі саласындағы тілші ғалымдардың ғылыми жұмыстарымен танысу;
«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»
А.Байтұрсынов

І. Кіріспе
1.1. Әлеуметтік желілердегі сауатсыздық мәселесі
Мен өзімнің ғылыми жұмысымды «Әлеуметтік желілердегі сауатсыздықтың алдын алу» тақырыбында таңдап алдым. Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім, ұстаздар мен оқушылар арасында да көп айтылуда. Мені де осы сұрақ қатты толғандырды. Өйткені, сауатсыздық – қоғамдағы ең өзекті, ерекше назар аударар түйткілді мәселе. Ғаламтордағы тіл бұзарлықтың алдын алу үшін не істеу керек?- деген секілді сұрақтарға жауап іздеп, өз жұмысымды бастап кеттім. Енді сол зерттеулеріме тоқталайын.

«Вконтакте», «WhatsАpp» әлеуметтік желілерінде жастар белсенді әрі көп отыратыны анық. Өйткені, қазір әрі арзан, әрі сапалы өнімге ұмтылған тұста әлеуметтік желі сұранысты қанағаттандырып отыр. Желілердің белсенділігі артқанымен, жазу және сөйлесу тілі өте төмен деңгейде. Алғаш смартфондар пайда болып, қолданысқа енген кезде «қазақ әріптері» болмаған соң, кириллицианың икемін келтіріп немесе латын әріптерімен қазақша мағынасында жазып жүрдік. Бұл амалдың жоқтығынан орын алды. Алайда, уақыт өте келе өз тіліміз, өз әріптеріміз сөйлесуге енгеннен кейін, ойымызды толыққанды жеткізуге және дұрыс жазуға қол жеткіздік. Дегенмен қазақ тіліндегі жастардың сөйлесу тілі мәз емес. 


– Слм! 

– Каксын? 


– нестеп
Жай жатқан
-Өз? 

Диалогтан байқап отырғаныңыздай, бұл – тілге деген құрметсіздік. Қазақ тілінің грамматикасында орфография және орфоэпия деген өзіндік заңдылығы бар. Орфография – сөздерді дұрыс жазу заңдылығы болса, орфоэпия – дұрыс оқу деген сөз. Әлеуметтік желіде екі теория бойынша да дұрыс жұмыс жасай алмаймыз. Тіпті бір-бірімен алмастырып жатамыз. Одан бөлек пунктуация да бар. Ол – емле дұрыстығы. Қай жерде үтір, қай жерде нүкте болу керек деген мәселелерді қарастырады. Әлеуметтік желіде отыратын көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты жастар. Дей тұрғанмен дәл сөйлесуге, жазуға келген кезде олардың 5-сыныптан басталатын қазақ тілі білімі жетпей қалатын секілді. Жоғарыдағы диалогтың дұрысы: 


– Сәлем! 
– Қалайсың? 
– Не істеп жатырсың немесе не істеп? 
– Жай жатқан (жатырмын). Өзің? 
Қарапайым диалог болса да, дұрыс жазылғаны сауаттылығымыздан хабар береді. Бір құмалақ бір қарын майды шірітерін ескерсек, қарапайым хат алмасудан беделіміз түсуі әбден мүмкін. Тілдің мерейін көтеру үшін атой салып, ерлік жасап немесе дау шығарудың қажеті жоқ. Өзімізден бастау керекпіз. Қарсы беттегі адамның қателігін бетіне басудың да қажеті жоқ. Өзіміз дұрыс және толық жауап жазып үйренуіміз керек. Сонда екінші жақтағы сөйлесуші адам бір күні өзі-ақ дұрыс жазуға үйренеді. Бұл қазақ тілін көркейтуге қосқан зор үлесіміз деп түсінуіміз керек. Кез келген нәрсе қарапайым әрекеттен басталады. Кейде мән бермейтін жағдайлар үлкен мәселенің тууына себеп болады. Жастар дәл осы қалпында қалыптасса, ертең қоғамға арнап жазуға тура келгенде сауатсыздық белең алады.
.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет