Ғылыми конференциясының материалдары


Әдебиет Шыңғысхан Республикалық журнал. №1, А,2014 «ҚАЗАҚ



бет30/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиет



  1. Шыңғысхан Республикалық журнал. №1, А,2014

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ


Ахмет Меруерт (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Нусупбаева.С.А.

Өмір айнасы деген атаққа ие болған мерзімді басылымдардың басқа жазба деректерден ерекшілігі сонда, олардың беттерінде мерзімділігіне байланысты қоғамда болып жатқан әр алуан оқиғалар мен құбылыстар болған уақыттарына қарай әр түрлі дәрежеде байланысады. Ол бейнелер, яғни құбылыстың сөздік суреттемелері тасқа басылу тәсілі арқылы газет-журнал беттерінде бекітіледі. Сөйтіп, болған оқиға мен құбылыс туралы мәлімет баспасөз бетінде ұзақ уақыттар бойы сақталу мүмкіндігіне ие болады. Екіншіден, кез келген оқиға мен құбылыс белгілі бір кеңістік пен уақытта болғандықтан, сол құбылыстар негізінде пайда болған объективті дерек ретінде, баспасөз материалдары өз бойларында өзі дүниеге келген жері мен уақытының, яғни белгілі бір тарихи кезеңінің ерекшеліктерінде сақтайды. Осылай, мерзімді басылымдар жазба тарихи деректің бір түрі ретінде келешек ұрпаққа оқиғамен қатар сол оқиға болған елі мен жері және уақыты туралы да мәліметтер жеткізеді. Қазақ халқына тән, өзіндік жергілікті ерекшілігі мол, төл деректеріміздің бір тобына «Қазақ» газетін жатқызамыз. Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы тарихын зерттеуде «Қазақ» газетінің тарихи дерек көзі ретінде алатын орны ерекше екендігіне, оның ғылымға берер мағлұматтарының құндылығының жоғары екендігіне бүгінгі күні бәріміздің де көзіміз жеткен сияқты. Кеңестік тарихнаманың «Қазақ» сияқты қазақ тарихының мөлдір көзінің бірін, 70 жылдан астам уақыт бойы, ғылым үшін жауып тастағандығы ұлттық тарих ғылымына өлшеусіз зиян келтіргендігін дәлелдеп жатудың қажеті болмас [1].


Қазақ аспанын қара бұлттай торлаған қара түнек патшалық дәуірде дүниеге келіп, ақын айтқандай: «қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» деген газет туралы, «Ақиқат»журналы: «Қазақ» өзі өмір сүрген бес жыл ішінде талай күрделі құбылыстардың, қоғамдық сілкіністердің куәсі болды. Бір ғана қолдың саусағымен санауға болатын жылдар ішінде бір емес бірнеше ұрпақтың ғұмырына жетерліктей оқиғаларды басынан өткерді. Тарих үшін қас-қағым деп те айтуға келмейтін уақыт аралығында бірнеше ғасырға татырлық өзгерістерді басынан кешірді. Атап айтсақ, «Қазақ» екі жойқын соғыстың (І дүниежүзілік және азамат соғыстары), 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің, екі қоғамдық-саяси төңкерістің (ақпан және қазан), төрт саяси биліктің (патша өкіметі, Уақытша үкімет, Алаш Орда үкіметі, кеңес өкіметі) куәсі болды, – деп жазды.
Біздің бұған қосарымыз «Қазақ» тек аласұрған заманның, аласапыран оқиғалардың сырттан қараған бақылаушысы ғана болып қойған жоқ. Ол сол буырқанған оқиғалардың бел ортасында жүрді. Қайнаған құбылыстар барысын суретке түсіргендей өз беттерінде бейнеледі. Олар туралы мәліметтерді тасқа басып өз беттеріне қаттады. Сөйтіп «Қазақ» қазақ өмірінің аса бір күрделі кезеңінің шежіресіне, баға жетпес дерек көзіне айналды.
Ұлттық баспасөз органдары қатарында «Қазақ» газетінің алатын орны ерекше. Өйткені ол басқа басылымдармен салыстырғанда ұзақ мерзім (1913-1918 жылдар) шығып, 265 саны жарық көрді. Газеттің болашақ редакторы Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақты» нелiктен, басқа емес, Орынбор қаласында шығармақ болғандығын зерттеушілер мынадай факторлармен түсіндіреді: біріншіден, Орынбор шығыс пен батысты жалғастырып тұрған ірі мәдениет сауда орталығы, екіншіден, онда араб графикалы, қазақ тілінде газет шығаруға қолайлы бірнеше татар баспаханалары бар. Өмір А.Байтұрсыновтың бұл шешімінің дұрыстығын толығымен дәлелдеді. Орынбор көп ұзамай бүкіл қазақтың ақыл-ойының орталығына айналды. «Қазақ» газеті 1913 жылғы ақпанның 2-сінде жарық көрді де, 1915 жылдан аптасына екі рет шығатын болды. Отаршыл империя заманынан аман шыға білген «Қазақ» газеті совет өкіметінің Қазақстанға билік орнатуға тырысқан алғашқы күндерінде-ақ – 1918 жылдың наурызында біржола жабылды. Көп ұзамай оның құрылтайшылары мен авторларының басым көпшілігі саяси қуғын-сүргін кезінде атылып кетті.
«Қазақты» дүниеге келтірген және оның тұрақты авторларының қатарында Алаш қозғалысының халық таныған жетекшілірі Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты қайраткерлер болды. Осы азаматтар мен олардың сенімді серіктері «Қазақ» газетін жалпыұлттық басылым дәрежесіне көтерді, – деп түсіндірді. Жұртшылыққа танымал қазақ ғалымының бұл пікірінің дұрыстығын соңғы жылдары «Қазақ» газеті материалдарының әр түрлі жолдармен, қазіргі оқырмандарға түсінікті етіліп, қайта шығарыла басталуы да дәлелдейді. Бұл соғыс газетке деген жаппай қызығушылықты қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырған шара екендігі белгілі. Мысалы, 1993 жылы Үшкөлтай Субханбердинаның «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» атты мазмұндалған библиографиалық көрсеткіші шықса, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтардың «Қазақ» газетінде кезінде жарияланған мақалалары олардың жеке жинақтарына енді. 1998 жылғы үшінші санынан бастап «Мұра» айдарымен газет мақалдарынан, сандық және жылдық ретін сақтап, үзінділер жариялай бастады. Осындай, жан-жақты жүргізілген шаралардың арқасында «Қазақ» газетімен танысуға тек зерттеушілер ғана емес, өз халқының өткені қызықтыратын жалпы оқырмандар да мүмкіндік алды.

ХХ ғасырдың басындағы ұлттық бейресми басылымдарға деген қоғамдық қажеттілік пен олардың пайда болуының тарихи алғышарттары туралы айтылды. «Қазақта» солардың бірі ретінде пайда болды. Дегенмен, оның өз тарихы, пайда болып өмір сүруінің өз ерекшеліктері де жоқ емес.
«Қазақ» сияқты, қазақ баспасөзі тарихында әлі бірде бір басылым көтеріліп көрмеген биікке көтерілген, сөздің шын мағынасында, жалпыұлттық сипатқа ие болған газет шығару үшін үлкен дайындық, көптеген адамдардың еңбек етуі қажет болды. Ол туралы тарихшы М.Қойгелдиев: «Ә.Бөкейханов және А.Байтұрсынов бастаған белсенді топтың жалпыұлттық газет шығару ісін 1905 жылдан бастап қолға ала бастады» – деп, олардың нақты атқарған істеріне тоқтай келе: «Егер қорыта айтсақ, «Қазақ» газеті, белгілі бір дәрежеде, сол кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткері А.Байтұрсынов және М.Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ жемісі еді» – деген әділетті пікір айтады. Жоғарыда айтылған «Алаш» көсемдерінің үшеуі де әр түрлі уақыттарда тұтқындалып, бірінен кейін бірі, Семей түрмесіне жабылды. Аса қауіпті саяси қылмыскерлер ретінде Қазақстаннан тыс жерлерге жер аударылды. Тек, осындай тар жол тайғақ кешулерден кейін ғана, 1910 жылдан бастап, олар газет шығару ісімен тікелей айналысуға мүмкіндік алды. Зерттеуші Ө.Әбиманов «Қазақ» газетін шығарудағы А.Байтұрсыновтың ұйымдастырушылық істерін айта келе: «Егер оның Орынборға 1910 жылы наурызда келгенін ескерсек, газет шығару дайындығына аттай үш жыл кеткенін аңғарамыз», – дейді. Оның барлық алғышарттары пісіп жетілген табиғи іс ретінде пайда болғандығы туралы Міржақып Дулатов: «Қазақтың» шығуы толғағы жеткен баланың тууындай еді, – деп, дәл айтты. «Қазақ» газетінің бетінде, бес жылдан астам уакытта, жүздеген авторлардың мақалаларын жариялағанымен, оның бастан аяқ негізі шығарушылары және тұрақты авторлары сол үшеуі болды. «Ақаң сөйлегенде менің есіме «Қазақ» газетінің әуендері түседі» – деп Мұхтар Әуезов, газет пен оның редакторының біртұтастығын дәл көрсете білді. А.Байтұрсыновтың және оның рухани серіктерінің газет өмірінен алар орындарына мына фактілерден де көруге болады. Мысалы, қазіргі зерттеушілер дерек көзі ретінде пайдаланып жүрген «Қазақ» газетінің жинағына енген 422 мақаланың 229 жазғандар: Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, басқарма және басқарма атынан авторы көрсетілмей басылған мақалалар. Демек, жинаққа енген материалдардың 53 процентке жуығын жазғандар: Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатов.
Газеттің бар жұмысын А.Байтұрсынов екеуінің атқарғаны туралы М.Дулатов 1929 жылы 1 қаңтарда ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында: «Газетте тек екеуміз жұмыс істедік. Менің күні-түні жұмыс істеуіме тура келді. Адрестерді қолдан жаздым, көшіріп жазушы, материалдарды өңдеуші, корректор, газетті бүктеуші, таратушы–осы міндеткерліктің барлығы менің мойнымда болды. Газет шағын форматты апталық болды. Газетті әр жерге таратып насихаттаушы да мен болдым. Алғаш шыққан жылдары Павлодар, Омбы, Петропавловск, Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Түркістан, Шымкент, Әулие-Ата және басқа қалаларда болдым» – дейді.
Ал, ел басына күн туған «Қазақтың» өз сөзімен айтсақ: «Газеттің басынан өткізген жылдардың ең ауыры», 1916 жылғы маусым жарлығынан кейін, қарапайым халық не істерін білмей тұйыққа тірелген кезде, ұлт зиялыларының сыналар сәті туғанда Әлихан, Ахмет, Міржақып деп қойылған «Алаштың азаматы» атты мақалада, патша жарлығына көну керек пе жоқ көнбеу керек пе деген сұраққа: «Біздің жұртқа айтарамыз, бұған көнбеске болмайды» – деп, бір жақты жауап беріп, өз пікірлерінің дұрыстығын қалыптасқан объективті жағдаймен дәлелдеуінің, бүгінгі күннің биігінен қарасақ, бірден-бір дұрыс шешім болғандығын көреміз. Бұл: «газеттің жұртты бастар жерінде жан-жағына қарап, аяғын байқап басып, ақыл айтар жерінде ар жақ бер жағын ойлап, аңдап сөйлегендігінің» – дәлелі.
«Қазақ» газетінің авторларының жалпы саны 200-ден асуы керек. Тек, жинақта келтірілген «Ашылмаған бүркеншік есімдер» – деген тізімде 109 «Қазақ» авторларының әлі ғылымға белгісіз бүркеншік аттары көрсетілген. Солардың бірі мазмұндылығымен ұлттық мерзімді басылым беттерінде көтерген мәселелерінің маңыздылығымен, өзіне еріксіз көңіл аудартқан мақала жазған, газеттің 2-ші нөмірінен бастап бірнеше нөмірлерінде «Қазақтың тарихы» – деген көлемді де қызықты, танымдық маңызы жоғары мақала жариялаған «Түрік баласы». Мақаланың авторы «Түрік баласы» зерттеушілерге–«Ол қай түріктің баласы екен?» – деген ой тудырары заңдылық. Сондықтан осы сауалға жауап іздеп бірнеше анықтамалық құралдарды қарастырған деректанушы Қ.Атабаев: «Мұның сырын жинақты құрастырушылардан сұрағанымызда, олардың үшеуі де (Ү.Субханбердина, С.Дәуітов, Қ.Сақов) кімнің бүркеншік аты екендігіне толық көздері жетпегендіктен, сол тізімге кіргізгендігін» айтты, деп жазады. Ал Міржақып Дулатұлының 1997 жылы шыққан шығармаларының екінші томына: М.Дулатовтың бүркеншік есімдері (зерттеушілер Ү.Субханбердина мен Т.Қожакеевтердің пікірлері бойынша): «Арғын, Торғайлық, Тургайский, Мадияр, Алашұлы, Азамат, Түрік баласы, Таймінер Тайбағар, Алакөз, Қолқанат» – деп жазылған.
1915 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақ» газетінің аптасына екі рет шыға бастағаны белгілі. Газетті аптасына екі рет шығару үшін ресми орындардың, газеттің бағдарламасын бекіткен, арнайы куәлігі қажет болған. Сондықтан, «Қазақ» газетінің шығарушысы және редакторы А.Байтұрсынов 1914 жылдың 8 желтоқсанында Орынбор генерал-губернаторына арыз жазған. Көп ұзамай А.Байтұрсыновқа қайта бекітілген бағдарлама бойынша, «Қазақ» газетін аптасына екі рет толық көлемде шығаруға рұқсат етілген куәлік тапсырылған. Газеттің жарық көрген 265-сының қатаң бақылау жағдайында шығып тұрғанын, сондықтан олардың өзіндік ерекшеліктері бар екендігін ескерулері керек. Ақпан революциясынан кейін ғана, «Зор өзгеріс» деген мақала жариялап, 1917 жылғы 9 наурыздағы 221-санынан бастап демократиялық жағдайда шыға бастады.
1913 жылы Әлихан Бөкейхановтың: «Ашылып ақыл айтып жазатын қалім бар ма? Көкіректе сайрап тұр, қолымды заман байлапр тұр» – деп жазған, онда газеттің 221-нөміріне дейінгі сандарымен жұмыс істейтін зерттеушілердің, газеттің осы ерекшелігін ескеріп, авторлардың айтпақ болған, бірақ айта алмаған ойларын «бірдеңе қылып түсініп», жол арысын оқи білулері қажет. Тек, 1917 жылғы ақпан төнкерісінен кейін ғана «Қазақ» қуғыннан құтылып, оның авторларының қолы бұғаудан босады. Сол жылдың 9 наурызындағы 221-нөмірінен бастап газет өз халқы-қазағына ашықтан-ашық, еш бүркемесіз қызмет етуге мүмкіндік алды. Сөйтіп, «Қазақ» газеті тарихының жаңа кезеңі басталды.
Газеттің ұлттық сипатта болуы, дүниенің астаң-кестеңі шыққан аумалы-төкпелі уақытта, Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтсақ: «Бұл уақыттың жылдай, саусақпен санағандай аз жыл болса да, болып өткен оқиғаларына қарағанда көп заманға жауап ұратын толқынды заманның бірінде» – талай тар жол тайғақ кешуді басынан өткерсе де, соңғы 265-нөміріне дейін өзінің ұлттық сипатын сақтап қалуы, оның әрбір қазақтың жүрегінен орын алып, жалпы халықтық сүйіспеншілікке бөленуіне әсер етті. «Қазақ» газеті халықтың рухани және ақшалай қолдауымен шыққан, ұлттық сипаттағы бейресми басылым. Оның негізін қалаушылар және авторлары А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов және басқа тұлғалар ел жадында мәңгі қалмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет