Ғылыми конференциясының материалдары



бет47/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер

1. Абдрайымова Г.С. Социология молодежи. – Алматы: Жибек жолы, 2008. – 46 с.


2. Айдарбеков З. С. Казахстанская молодежь: ценности, приоритеты, стратегии самоопределения. – Алматы: Исламнур, 2008. – 328 с.
3. Канагатова А.М. Ценности жизни и культуры современной молодежи Казахстана: Монография. – Алматы, 2009. - 28 с.

8-СЕКЦИЯ
XVIII Ғ. ҚАЗАҚ-ОРЫС САЯСИ ҚАРЫМ–ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ


Қалығұл Г.Қ. (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Тасилова Н.А.

Халқымыздың сан қатпарлы тарихына зер сала келе, ұлан-байтақ даламыздың солтүстігімен ұзағынан (7591км) шектесіп жатқан Ресей Федерациясымен тығыз байланысты болғандығын байқаймыз. Әрине, 3 ғасырға жуық Патшалық империяның құрамдас бөлігі болып келдік, дегенмен уақыттың өзі дәлеледегендей қаншама «тарихи зобалаңдарға» мойымай ғасырлар тоғысында қасиетті ұғым «тәуелсіздікке» қол жеткіздік. Ал тәуелсіз елдің тек саяси жүйесі ғана емес, ғылымы да тәуелсіз болуға тиіс!


«Сонымен, қазақ-орыс саяси қарым қатынастары қашаннан бастау алады, қандай мақсатта негіз алды?»
XV ғ. ІІ-жартысында шаңырақ көтерген Қазақ хандығы, алдымен өзінің тарихи шекарасын қалпына келтіріп алуды негізгі алғашқы қадам деп түсінді. Нәтижесінде, Керей, Жәнібек, Қасым хандардың кезінде көптеген саяси маңызы бар шаһарлар мен қалалар хандық құрамына қарады. Әлбетте, үлкен жігер мен күш, ауыр шайқастардың нәтижесінде. Негізге территориалдық аумағы шегеленгеннен соң, хандарымыз сыртқы саясатқа көңіл аудара бастады.
Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күресі барысында, әсіресе XVII ғ. ІІ жартысында қазақ хандары өзінің көршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің Қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ бойындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасы саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс құрамына кіруі оның шекарасын Қазақ жеріне жақындата түсті. Орыс мемлекетінің ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазақ хандарымен байланысын нығайта түсуді көздеді.1573 ж. Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді, соның нәтижесінде орыстың атақты кәсіпкерлері Строгоновтар өзіне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді. Сонымен қатар олар қазақтармен баж салығынсыз сауда жүргізуге рұқсат алды. Бұл кезде Ресей патшасы IV Иван мен Хақназар (Ақназар) арасындағы алғашқы саяси байланыстар Сібір ханы Көшімге қарсы бағытталды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан жіберген 1594 ж. Құл-Мұхаммед бастаған елшілікпен одан әрі жалғасты. Ал, елшілікке жауап ретінде 1595 ж. Степанов бастаған елшілік келу арқылы өзара қарым-қатынас одан әрі өрбіді.
XVIII ғ. аяғында өзара қарым-қатынас Тәуке мен І Петр арасында одан әрі жалғасын тауып отырды. Ресей Қазақ даласы арқылы Орта Азияға, Ауғанстанға, Үндістанға және басқа да шығыс елдеріне баруға болатын еді. Сонысымен де Ресей патшалары қазақ даласына «Шығыстың кілті» ретінде өз қарамағына кіргізуге мүдделі болды. XVIII ғ. алғашқы ширегінде І Петр өкіметі Орта Азия мен Қазақстан билеушілерімен елшілік арқылы байланыс жасап тұрды. Қара теңіз бен Балтық теңізі арқылы Еуропаға терезе ашқан І Петр енді Азия елдеріне төте баратын жолды іздестіре бастады және бұл жолдың қазақ даласы арқылы өтетінін жақсы түсінді. Оның алдындағы және онан кейінгі саясаткерлер үшін Қазақстан Ресейдің Түркия, Иран, Ауғанстан, Индия, Қытай, Орта Азия турасындағы «Шығыс саясатын» жүзеге асыратын саясат қана емес, басты құрал болып есептелді.
Ресей жалпы алғанда Шығыс саясатының стратегиясын жасап іске қосу үшін, осы аралықта Қазақстанды бағындыру жолында мынадай есеп пен ой толғамдар жетегінде болды.
Әскери-экономикалық тұрғыдағы астамшылдықты пайдалану. Сөйтсе дағы бұл мақсатты жүзеге асыру үшін осы аймақтардағы ішінара келіспеушілік пен алауыздықтарды пайдалана білу үрдісі еді.
Әскери қосындарды жасақтап, экспедицияларды жіберу, оларды жергілікті патша шенеуніктерінің жеке гвардиясына айналдыру осы өлкеге біртіндеп ене берудің амалдары болатын. Жалпы Ресей империясының Қазақстанды отарландыруының мынадай негізгі кезеңдерін саралауға болады.
І. ХVI ғ. бастап әрқилы босқындар, қашқын қазақтардан құрылған отрядтардың еркінде қалай болса солай отарлауы өріс алды.
II. XVII ғ. бастап сауда-өнеркәсіп капиталының ыңғайымен әскери-әкімшілік отарлау жүзеге асырылды.
III. XIX ғ. аяғынан XX ғасырдың басына дейін көшіп-қону бағытында отарлау.
IV. XVII ғасырдан XX ғ. дейін созылған әлеуметтік-идеологиялық отарлау.
Енді отарлаудың негізгі салаларын қысқаша ғана қарастырып өтейік. Әскери отарлау. Бұған қамалдар бекіністер форттардың құрылыстары кіреді. Оларды жай ғана тізіп өтудің өзі бұл үрдістің аумағы мен тереңдігінен кеңінен хабардар етеді. Омбы (1716), Семей (1718), Қарқаралы (1824), Өскемен (1720), Орынбор-Ор (1735), Ақмола (1824), Көкшетау (1824), Зайсан (1868), Орал (1845), Ырғыз (1845), Торғай (1845), Новопетров (Маңғыстауда) (1834), Александров (1834), Қазалы (1848), Қосарал (1848) форттары.
Дипломатиялық отарлау. Ресейдің сауда керуендеріне қауіпсіз жолдар салу үшін Кломаков, Урусов, Сомов басқарған экспедициялар Зайсан көлі мен Қара Ертіс бойы зерттеуге жіберілді. Иван Чередов екі рет елші ретінде Жоңғарияға барды, Унковскийде сөйтті. Орыс мемлекетінің осы және басқа да дипломатиялық әрекеттері орыс-қазақ, Орта Азия қарым-қатынастарын дамытуға жол ашты.
Өлкені игеру ісінде әскери-зерттеу арқылы ену тәсіліне көп көңіл бөлді. Бухгольцтың Шығыс Қазақстан экспедициясы (1715). Сенаттың обер-секретары И.Кирилловтың Орынбор экспедициясы. Ресей Ғылым академиясының академигі П.С.Паллас бастаған экспедициясы. Академик Георгидің Еділ бойына, Оралға, Сібірге саяхаты.
Тағы бір қазақ-орыс қатынасында ескере кетер маңызды, кезеңдердің бірі. Көшқон саясаты немесе шаруаларды қоныстандыру болып табылады. Бұл саясаттың төркіні тереңде жатты: Ол шаруалардың революциялық қозғалыстан алаңдату; осылар арқылы жаңа мекенді тиянақтану отарлаушы әскерлердің қатарларын толтыруға көз ету; патшаның орыстандыру саясатын жүргізу; әртүрлі халықтарды орнынан ығыстыру арқылы оларды ортақ жауға қарсы тұру жолында бірігуге мүмкіндік бермеу. Атап өтерлік жайт, қашанда орыс халқының қазақтармен жүргізген саясаты отарлаушы пиғылда болып отырды.
Он сегізінші ғасырдағы қазақ-орыс қатынастары жайлы кеңінен жазып, молынан айтуға болады. Осы орайда он сегізінші ғасырдағы қазақ-орыс қатынастары жайлы жазылған іргелі еңбектердің ішінен мыналарды айтуға болады. «Қазақ-орыс қатынастары», «Казахско-русские отношения в 16-18 вв.»– екі томдық құжаттар жинағы. 1961-64 жылдары орыс тілінде жарық көрген. 1-томға (1961), 16-ғасырдың аяқ кезінен 1738 жылға дейінгі кезеңді қамтитын, әр түрлі архивтерден алынған 276 құжат енгізілген. Алғашқы құжаттар 16 ғасырдың аяқ кезіндегі қазақ ханы Тәуекелмен Мәскеу билеушілері арасындағы келісімдер, І Петр патша тұсындағы «Қазақ-орыс» қатынастары» жөнінде сөз болған. Оның ішінде Қайып ханмен Петр әкімшілігі арасында жазысқан хат алмасулар кіргізілген. Көптеген құжаттарда 1731 жылға дейінгі «Қазақ-орыс қатынастары», атап айтқанда: қазақ-жоңғар соғыстары, «Ақтабан шұбырынды» кезеңі, қазақтардың Орта Азия елдеріне көшкен кездегі аса қиын жағдайы және кейбір саяси қайраткерлер жөнінде деректер берілген. А.И. Тевкелеевтің жүргізген күнделік-журналынан үзінділер ретінде: орыс бодандығына Әбілқайыр ханның, Жәнібек, Бөгенбай, Есет, т.б. батырлардың көзқарастары, орта жүз қазақтарының, соның ішінде Әбілмәмбет хан мен Абылау сұлтанның Ресей бодандығына өту себептері, қазақ халқының саяси, әскери, шаруашылық жағдайлары айтылады. Кейбір құжаттарда сол кезеңдердегі қазақ билеушілерінің көршілес мемлекеттермен байланысы, сауда қатынастары, қалалар мен елді мекендер көрсетілген. 18 ғасырда қайраткерлердің саяси қызметі жан-жақты ашылады.Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Абылай, Нұралы хандар, Барақ, Батыр, Сұлтан, Жәнібек, Есет, Қабанбай, Бөгенбай, т.б. батырлар, Қазыбек, Төле, т.б. билер, кеңінен сипатталады.
Ресей елінен І Петр, Анна Иоановна, Елизавета, Екатерина ІІ, Орынбор мен Сібір губернаторлары, елшілер, аудармашылар, т.б. қайраткерлердің «Қазақ-орыс қатынасына» сіңірген еңбектері жайлы кең мағлұматтар береді. Жинақтың 2-томында (1964 ж) Ресей империясы құрамындағы Қазақстан жөніндегі 359 құжат жинақталған. Оларды жинақтауды орталық мемлекеттік архив пен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнологиялық институты мамандары атқарған. Жинақ материалдары белгілі бір идеологиялық мақсатпен сұрыпталған.
XVIII ғ. алғашқы ширегіндегі қазақ-орыс қатынастары күрделене түсті. Атап өтер болсам, он жетінші ғасырда нығайған шығыстағы ата жауымыз жоңғарлар шабуылын жиілете бастаған болатын. Осы орайда қазақ халқына, тек қана жұмылған жұдырықтай бір тудың астына жиылып, бір басшыға ғана бағынып елдік бірлігін бекемдеу ғана негізгі міндет болатын. Бірақ, жағдай өзгеше бола түсті. 1718 ж. Тәуке ханның қазасынан соң жағдай күрделене түсті. Тәуке орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді.
Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады. 1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты.
Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы Хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген ән туды.
Халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастаған әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.
1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, сияқты батырлар бастаған қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті. Шуно Дабо бастаған қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қолбасшы болып Әбілхайыр мен Бөгенбай сайланды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайыр да тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды.
Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдық бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен Барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды.
Сонымен, XVIII ғ. Қазақ хандығы үшін ауыр болды. Көптеген шабуылдарға тап болған жұрт елден безіп ел кезіп сырт елдерге қоныс теуіп кетіп жатты. Десекте, қазақ-орыс саяси байланысы әбден өзінің шиеленісті күйіне жетіп, тұйықталды. Бодан халық ретінде қарым-қатынаста болды. Отарлық экспансиясын одан әрмен үдете түсіп, тіпті ішкі саясатына қол салғысы келді. Оның айғағы ретінде хандықтың саяси жүйесін өзгертіп, хандық басқару құрылымын өзгертуге талпынуында болды.
Ал, Ресей империясында XVIII ғ. 70-80 жылдарында саяси-әкімшіліктік өзгерістер болып, әскери-бюрократтық басқару жүйесі енгізілсе, Кіші жүз даласында феодалдық сипаттағы дағдарыс тереңдей түсті. Хан мен сұлтандар бір жақ болып, старшын, би, батырлар бір жаққа кетті. Хандық билік әлсіреп, оның тіпті маңызы жойыла бастады. Патшалық Ресей қазақ даласында болып жатқан барлық саяси-әлеуметтік мәселелермен мұқият хабардар болып отырды. Бірте-бірте қазақ халқы Ресей боданына айналды.
Қорыта келгенде, біз бүгінгі Қазақстан республикасының тәуелсіздігі оңай жолмен келмегендігін, талай-талай тарихи тартыстар мен қақтығыстардан өтіп, осы күнге жеткендігін атап өтпекпіз. Халқымыз осы тарихымыздан сабақ алып, тәуелсіздігіміздің баға жетпес құндылық екенін білуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет