Ғылыми конференциясының материалдары



бет92/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер

1. «Жер - біздің ортақ үйіміз» атты студенттердің ХХVIII халықаралық ғылыми конференциясы. Алматы, 2013.


2. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия/ Бас редактор Ә.Нысанбаев. Алматы «Қазақ энциклопедиясы» 1998.

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

Сафизада Фарахуддин (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Амирканов М.Б

Қазақ халқының ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға, малға байланысты түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.


Этнограф - ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде кеңінен тараған.
Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғысып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке тағы басқа адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған.
Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының ішінде маған ұнаған ойындарды атап айтар болсам, алтыбақан, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, көкпар, ат сайысы, аламан бәйге, мергендер сайысы, ұшты-ұшты, соқыртеке.
А лтыбақан - бұл жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда, әсіресе наурыз мерекесінде алтыбақан құрылады.
Аударыспақ - ол қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан жігіттер қатысады. аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Бұл ойын ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.
Т еңге алу - дегеніміз бұл жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу. Теңге алу үлкен ептілікті, атқұлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі.
Қ ыз қуу - ұлттық ат спорт ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіліп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл - жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл-қыздың жеңгені.
Көкпар - қазақ халқының ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.
Ат сайысы - бұл да қазақтың спорттық ойынының бір түрі. Оның түрлері көп. Мысалы, ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, тағы басқа. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.
А ламан бәйге - қазақ халқының ұлттық ойындарының бірегейі. Мұнда жүйрік аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде өткізіледі.
Мергендер сайысы - ойынға қатысатын жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыста үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі.
Ұшты-ұшты ойыны - оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсеткен.
Соқыртеке - бұл ойында ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды - «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет