Ғылыми конференциясының материалдары



бет101/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   131
Байланысты:
treatise40297

СИНТЕТИКАЛЫҚЖУҒЫШЗАТТАР


Армиянова А.Қ. (Қазақстан)
Әл-ФарабиатындағыҚазҰУ
Ғылымижетекшісі: оқытушыҚазыбековаЭ.Т.

Осыдан 10-15 жыл бұрын тұрмыста пайдаланатын синтетикалық жуғыш заттардың (СЖЗ) атауларын, әсіресе кір жуғыш ұнтақтардың аттарын оңай атап айтуға болатын еді: Астра, Эра, Лотос, Айна, себебі олардың жиынтығы көптүрлі емес еді. Бүгінгі күні әлемдегі химиялық индустрия бізге құрамы, әсері, қасеттері бойынша аса алуан түрлі синтетикалық жуғыш заттарды ұсынып отыр.


Ең алғашқы синтетикалық жуғыш құрал 1916 жылы пайда болған. Неміс химигі Фринц Понтердің тапқан өнертабысы тек өнеркәсіптік қолдануға арналған болатын. Тұрмыстық Синтетикалық Жуғыш Заттар 1935 жылдан бастап шығарыла бастады. Сол кезден бастап олардың қол терісіне зияндылығы азайды. Содан бері тар пайдалану аумағы бар СЖЗ бірқатары жасалынды, ал олардың өндірісі – химиялық өнеркәсіптің маңызды саласы болып табылады.
Тұрмыста пайдаланылатын химиялық заттар – қазіргі уақытта дамыған өндірістің өніміне айналып отыр. Үйдегі тазалық жұмыстарында оларды пайдаланбау мүмкін емес. Бірақ та біз оларды пайдаланар алдында, біздің денсаулығымызға келтіретін зияны туралы ойлана бермейміз. Мысалы, қазіргі тұрмыста пайдаланып жүрген кір жууға арналған ұнтақтарда полифосфаттар бар, ал олар адам денсаулығына, қоршаған ортаға аса зор зиян келтіреді. Беттік активті заттар (БАЗ), хлор, көмір қышқыл газы, азоттың оксидтері, фенол, формальдегид, ацетон, аммиак, ағартқыштар, ароматизаторлар – осы химиялық заттар, біздің күнделікті тұрмысымызда қолданылатын (кір жуғыш ұнтақтарда, киім тазартқыштарда, ыдыс, ванна, туалет тазалағыштарда) парфюмериялық заттар құрамында кездеседі. Бұл заттардың барлығы да биологиялық жағынан белсенді. Ешкімге құпия емес, қоршаған ортаның осы заттармен ластануынан, халықтың арасында мынандай аурулар көптеп кездеседі: аллергия, бронхит, түрлі тері аурулары. Тағы бір айта кететін жәйт, осы тұрмыстық химия заттарын мөлшерден тыс пайдаланудың әсерінен пайдалы микрофлора ластанады. Ғалымдардың айтуынша, планетамызда аллергия ауруының көбейіп кетуі шамадан тыс химиялық заттарды қолданудың әсерінен, адамның иммундық жүйесін бұзылған деп отыр.
Бүгінгі күні синтетикалық жуғыш заттар өндірісінің үнемі өсу жағдайында олардың құрамындағы химиялық заттардың қауіптілік дәрежесін анықтау, олардың қоршаған орта мен адамға зияндылығын зерттеу көкейтесті мәселе болып табылады. Себебі ең қауіптілігі сол, СЖЗ ерітіндісінде пайдаланғаннан кейін де құрамындағы химиялық заттары сақталады. Олар адам тікелей пайдаланған уақытта да адамға, пайдаланудан қалған қалдық ерітіндісінің де қоршаған ортаға (су, топырақ) белгілі дәрежеде зияны бар екендігі дәлелденген.
Тұрмыс химиясының кейбір бағыттары
Бүгінгі күні химия халық шаруашылығының барлық салаларында, күнделікті тұрмысымызға кеңінен қолданылып отыр. Соңғы кезде жедел қарқынмен дами бастаған өндіріс салаларының бірі – тұрмыс химиясы. Тұрмыс химиясының негізгі мақсаты – үй-ішін, жиһаздарын, көрпе-төсекті, киім-кешектерді, мебельді, қабырғаларды тазалайтын, жуатын құралдар, косметикалық препараттар дайындап шығару. Тек бір ғана мұнайды өңдеу арқылы химиктер халық шаруашылығына және күнделікті тұрмысымызға қажетті жанармайлар, дәрі-дәрмектер, бояулар, әртүрлі шайырлар, лактар, полимерлер, жуғыш заттар мен көптеген косметикалық препараттар беріп отыр.
Сатылымдағы кір жуғыш ұнтақтар, негізінен, фосфат құрамдас болып келеді. Ал, фосфат-кір жуғанда суды жұмсартып, кірді кетіреді. Оның құрамындағы кірді ағартатын химиялық қоспалар мен жуылған кірге хош иіс беретін заттар жуылған мата талшықтарында қалып қояды. Оларды шайып шығару үшін кемінде кірді 7-9 рет таза сумен шайқау керек. Шынына келгенде, жуылған кір 2-3 рет ғана шайылады да, олардың бәрі матада қалып қояды, сөйтіп адам ағзасына зиянын тигізеді. Мысалы, қышыма, қотыр сияқты тері дерттері осыдан келіп шығады екен. Адам терісін шектен тыс құрғатып жібереді.
Синтетикалық қоспа адам ағзасына келіп түсіп, аллергиялық реакция туғызуы мүмкін. Енді осы факторға бүгінгі күнгі адамдардың ағзасындағы иммунитет қасиетінің нашарлауын қоссақ, онда кір жуғыш ұнтақты дағдылы пайдаланудың адамға тигізетін залалын айтпай кетуге болмайды.
Аллергиялық аурулардың келіп шығуына адамның иммундық жүйесінің төмендеуі себепші болады. Бұл, сөз жоқ, жас ұрпақтың болашағына қауіптене қарап, тиесілі баға беруді, мұндай дерттің алдын алу шараларын ертерек қолға алуды міндеттейді.
Синтетикалық жуғыш заттар жоғары спирттердің күрделі эфирлерінен күкірт қышқылы қатысында алады. Синтетикалық жуғыш заттар құрамында ПАВ, фосфор түұздары, силикаттар, сода, хош иісті заттар,заттарды ағартқыштар кіреді.Оларды қолданғанда өте баяу айырылады,сондықтан табиғатқа ,қоршаған ортаға тірі организмдерге зияны тиуі мүмкін.Сондықтан жаңа жуғыш заттар жасағанда тек жоғары сортты жуғыш заттар ғана емес, қоршаған ортаға зияны тимейтін заттар жасауға ұмтылу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет