Ғылыми конференциясының материалдары



бет102/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Синтетикалық жуғыш заттардың құрамы, қасиеттері және жіктелуі.
Тұрмыста кір жуу – ең қиын процесс. Кір жууда көмекші ретінде беттік-активті заттар (БАЗ) болып табылады. Тұрмыстық химияда кір жуғыш ұнтақтардың ролі зор. Беттік активті заттар дегеніміз – молекуласында бір мезгілде екі қарама-қарсы қасиеттері бар топтар полюсті (гидрофилді) жәнеполюссіз (гидрофобты) топтар бар органикалық қосылыстар.
Кір жуу процесі 3 кезеңнен тұрады:
1) тазаланатын беттен кір бөлшектерін бөлу;
2) суда ерімейтінкір бөлшектерін ерітіндіге өткізу;
3) кір жуғыш ерітіндідегі жүзінді бөлшектерді ұстау, яғни ресорбцияны болдырмау
БАЗ өндірудің негізі кезеңдері:
1) Күкірт қышқылы мен жоғары спирттердің күрделі моноэфирін алу:
C16H33OH + H2SO4 → C16H33O-SO2-OH + H2O
2) Алынғанэфирді сілтімен бейтараптандыру:
C16H33O-SO2-OH + NaOH →С16H33O-SO2-ONa + H2O
метилкүкіртқышқылыныңнатрийтұзы
Ренгенфлуоресценттіанализнәтижесі. Күкірттен алюминийге дейінгі элементтерге ренгенофлуоресценттік анализ нәтижесі төмендегідей болды:
Кесте 1
Ренгенфлуоресценттік анализ

Элементтің
аты

Миф

Пемосс

Losk

Ariel

Taid

Pеrsil

S күкірт

62.07

81.66

80.82

63.04

66.42

63.04

P фосфор

25.34

21.73

15.34

23.8

26.82

19.90

Si кремний

6.45

15.22

15.34

6.01

6.09

15.87

Ca кальций



0.76





0.65

0.69

K калий

6.12











Fe темір













Cu мыс





0.44







Al
алюминий













Осы улы химикаттардың орнын мынадай алмастырушы заттарды пайдалануды ұсынамын:
Тұрмыста жиі қолданылатын сырлы ыдыстарды ас тұзымен тазалауға болады. Ал, ыдыс жаңадан сатып алынған болса , онда оны шамалы тұз салынған (1л суға 5 шай қасық тұз салынған ) суда қайнатқан дұрыс . Сонда ол ұзақ уақыт сақталады. Эмальды ыдысқа ыстық суды немесе ыстық ыдысқа салқын суды бірден лақ еткізіп құюға болмайды , себебі эмаль қабаты шытынап, торланып сызаттанады .
Шаруашылық дүкенінен жаңадан сатып алынған таба (сковородка ) түбінде тамақ күйіп, қатпауы үшін, өсімдік немесе мал майын құйып, 5-6 мин қыздырады. Кейде оған ірі ас тұзын қосады . Ал тұз қоспағанның өзінде бәрібір майдан кейін тұз салып араластырып, шүберекпен ысқылайды. Ыдысты таза сумен жуады.
Шәйнектің ішіндегі қақты тазалау. Ең таза деген судың құрамында жақсы, не нашар еритін тұздар кездеседі. Су құрамында өте аз болса да нашар еритін мысалы, ас содасы т.б. мынандай табиғи тазартқыш заттар.
–лимон шырыны татты кетіреді, терезе жууда және киімдегі дақты кетіруге қолданады
–Сірке қышқылы дақты кетіреді, дезинфекциялау, плиталарды тазалау, кафель, қақты кетіру үшін қолданылады.
Химиялық заттарды қолданғанда мына ережелерді сақтау керек:

  • Химиялық заттар ауаны ластамас үшін бөлмені желдетіп тұру керек;

  • Химиялық заттардың орнына жуатын шаңсорғыштармен тазалап отыру;

  • Түкті кілемдерді , төсеніштерлі азайту, себебі олар шаңды көп жинайды ;

  • Кез-келген химиялық затты пайдаланғаннан кейін, тіпті сабынмен жуған соң да қолды сумен көп мөлшерде жуу керек;

  • Ыдыс жуғанда да , таза сумен көп мөлшерде жуып шаю керек;

  • Кір машинадан алған соң, кірді бірнеше рет таза сумен жуу керек , себебі кір жуғыш машина содасын кетірмеуі мүмкін.

Химиялық жуғыш заттар күнделікті тұрмыста жиі қолданылады. Сатып алар кезде мынаған көңіл аударған дұрыс:
–Затты тек сертификаты баркомпаниялардан алып дағдылану керек;
– Өнімнің адам денсаулығына және экологияға зияны жоқтығы туралы мекеменің растаған мөрі басылу керек;

  • Компания өнімдері ұзақ уақыттан бері рынокте аты белгілі болғаны дұрыс ;

Өкінішке орай, дүкен сөрелерінде тұрған жуғыш заттар құрамында, көптеген дамыған елдерде алынып тастаған заттарды кездестіруге болады .
Айналадағы ортаны қорғау, сақтау, аялау бүгінгі таңда үлкен мемлекеттік , тіпті ғаламдық мәні бар мәселеге айналып отыр. Оған әрбір саналы азамат, әрбір жанұя ат салысуы керек. Айталық, бір жанұя демалыс күні үйін, жуып, көрпе-төсектерін, кілемдерін, есік, терезелерін сүртіп, және бау-бақшадағы түрлі зиянкестерді жойды делік. Әрине бұл құптарлық шаруа. Ол әуелі мұны тұрмыстық химиялық препараттарды пайдаланып жүзеге асырды. Бұл әлгі химияның пайдасы. Сондай-ақ осы жұмыс кезінде қаншама кір жуған су төгіліп, ыдыс, түрлі құты мен сауыттар, синтетикалық дорбалар босап, қыруар қоқыс пайда болды емес пе? Сөзсіз бұл тұрмыста қолданылатын химиялық заттардың зиянды жағы, өйткені босап қалған қоқыс әуелі ауланы, ыбырсытады. Ал мұндай препараттарды қаншама жанұя пайдаланады. Демек, қалған қоқыс та көбейе түседі. Біздің айтарымыз, өздеріңізге және елімізге де пайдалы болатын заттарды қолданайық, сонымен қатар дұрыс пайдалануды үйренейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет