Ғылыми конференциясының материалдары



бет17/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   131
Байланысты:
treatise40297
molekulyarnaya-biologiya.-uchebnik-s.a.ermekova.-almaty-2017.-539-s., Немесе Техникалық құралдар көмегімен ақпарат алмасу. Акт-emirsaba.org, руханият 2, руханият 2
Әдебиеттер

1. Қос өнердің жұлдызы. Атақты суретші, спорт саңлағы Бексейіт Әбдезұлы Түлкиев туралы толғаулар. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, – 2005. – 224 б.


2. Қонақбаев С. «Ұлы көш» – мәңгілікке кеткен туынды / Жас алаш, 2000 жыл 19 тамыз.
3. Төленқызы Р. Суретші Бексейіт Түлкиевтің қыры мен сыры / Ана тілі, 1998 жыл 8 қаңтар.

ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІГІ


Қуандық Жұлдыз (Қазақстан)
М. Өтемісов атындағы БҚМУ
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдаст. проф. Сұлтанғалиева Р.

Қадыр Мырза Әли белгілі бір халықтар әдебиетінен, ең алдымен, өзінің образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тәсілдерімен ерекшеленеді. Ал бүкіл бейнелеу, көркемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең күштісі, көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүниетанымының ұлттық өзгешеліктері бас қосқаны – теңеу.


Теңеу – жазушы бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін ол нәрсенің өзгешелік белгісін көрсетпей-ақ, оны екінші нәрсемен салыстыру. Теңеудің өзіне тән ерекшелігі –белгісіз нәрсені белгілі нәрсеге салыстыру арқылы көзге көрінеді [2]. Шеберліктің шыңына шыққан қалам иесінің шығармашылығында теңеулер ұлттық ұғымға байланысты әр қырынан көрініп, жарастық табады. Қадыр Мырза Әли қазақ әдеби тілімізді келісті, тың теңеулермен толықтырды. Мұның өзі ақынның дара стилінің бір қыры болып саналады. Мысалы:
Күмістей сыңғырлаған,
Қуаныш арадағы.
Бұлақтай былдырлаған,
Бұрылмай барады ағып.
Аққудайхауыздағы
Жастығың дара көрік.
Әдемі ауыздағы,
Шырындай барады еріп...[1,143] – деген өлең жолдарында қуанышты сыңғырлаған күміске және қуаныштың сәттік қана болатынын, бұрылмай ағып бара жатқан былдырлаған бұлаққа теңесе,адам өмірінің ең бір қызықты да нұрлы кезі жастықты хауыздағы аққуға, осындай әсем шақтың көз ілеспей өтіп кеткенін, ауызға салғанда тез еріп кеткенін шырынға теңеп, қуаныш, жастық секілді дерексіз ұғымдардың сөзбен суретін салады.
Ал әсемдік, ғашықтық, сүцгеніне ынтызар болу ақын өлеңінде оқырманға ерекше әсер туғызып, жүрегін шымырлатады:
Менің сені аңсағаным
Шөлдің көлді аңсағанындай...
Менің сені аңсағаным
Зынданды нұрды аңсағандай...
Менің сені аңсағаным
Бөрінің жоқты аңсағанындай...
Қысқасы, болып тұр ғой,
Өмірде жоқты аңсағанымдай! [1,105]
Өлеңдегі ерекшелік – ақынның аңсау сезімін өмірдегі нақ мақсатты дүниелермен беруі. Шөлді адамның көлге асығуын, тар қапастағы адамның кінге ұмтылғанындай, өмірде жоқ нәрсені аңсауымен тең қоя отырып, салыстырады.
Енді бірде ақынның табиғат келбетін суреттеуде жасаған тың теңеулеріне келсек, Қадыр шығармашылығындағы бірде-бір табиғат суреті теңеусіз жасалмаған. Айшықты сөз орамдарынан теңеу жасауда ақын көнерген сөздерді икемді қолдануынан да көруге болады. Мысалы, «Оқжетпес» өлеңінде:
Батырлардай су кешкен толарсақтан,
Қалып көрген емес қой олар саптан...
Жебелері сияқты қарағайлар
Шығып тұрған қаз-қатар қорамсақтан.
Қалың нуды қиратып қасындағы
Түскен талай найзағай жасын-дағы.
Төсіндегі тақтай тас сауытындай,
Дулығадай піл тасы басындағы.
Талай ғасыр өтсе де бақ ұсынбай,
Оқжетпесім шыдаған сағы сынбай.
Беріктігі қазақтыңтөзіміндей,
Асқақтығы Біржанның дауысындай [1, 144], – деп етегіндегі қарағайларын қорамсақтардан қаз-қатар шығып тұрған жебелерге баласа, төсіндегі тақтай тасын жауынгерлік сауытына және басындағы піл тасын дулығаға балап, өзін толарсақтан су кешкен батырға теңеп, көз алдымызға әдемі сурет елестететін тіл материалдарынан сурет салады. Ал батыр Оқжетпестің мықтылығын қаншама жаугершілік қиын-қыстау заманды басынан кешсе де мүжілмеген халқының төзімділігіне, асқақтығын Біржан сал дауысының зорлығына балайды.
Ақын біраз өлеңдерінде теңеулерді адам психологиясының ішкі сырларын айқын беру үшін, антонимдердің көл-көсір қарама-қарсы мәні арқылы беріп, оқырманға жеткізіп отырады. Мысалы,
Жақсылықты көргенде жарқылдаймын,
Сұлулардың саф алтын сырғасындай!
Жамандықты көргенде жүзім суып,
Музейдегіқылыштай түнеремін[1, 28].
Енді бірде ақын әсерлі теңеу арқылы Отанды сүю дейтін қастерлі сезімді дәл береді.
Кейде кіршең көңілді күйе басса,
Сенің ауаң, Туған жер, тазартады.
Ұл көтерген әкедей парад күнгі,
Сен ғой биік көтеріп тұрған мені! [1, 76].
Осында Отан, туған жер деген ұғым, бәрімізге де әкедей әсер бермей ме? Осыған салыстырмалы түрде:
«Тұрсаң болды, туған жер, көктеп кілең,
Арманымды асаудай ерттеп мінем» [1,78] деп беруі қандай жарасымды?!
Жоғарыда келтіріп кеткен мысалдарымыз ақын шығармашылығындағы сөз көркемдеу, «теңеу жасаудағы актив тәсіл – зат есімге, есімше етістікке жалғанған -тай, -тей, -дай,-дей жұрнақтарының жалғануы арқылы» [3].
Ақынның «теңеу жасаудағы актив тәсілдерінің екіншісі – секілді, сияқты, тәрізді» [3] сөздерінің көмегімен жасаған теңеулерінен бірер мысал келтірсек:
Ғашықтық – таң,
Қосылу – түс, екінді.
Ал махаббат
Жарық жұлдызсекілді.
Үйлеген соң
Келеді екен мұң қызға –
Түс кезінде көрінбейді-ау
Жұлдыз да![1,82]
немесе
Тағдырыңды сөкпе сен қатты қыз деп,
Қатты қыздың өзінен шаттық ізде.
Өмір деген балмұздақ секілді, дос,
Суық бола тұрса да тәттібізге! [1,83]
Алғашқы өлең жолдарында ақын адам өміріндегі ерекше кезең, ерекше сезім ғашықтықты табиғаттың әсем мезгілі арайлап атқан ақ таңға баласа, екі ғашықтың қосылуын түске, ал махабатты жарық жұлдызға теңейді. Ал келесі өлең жолдарында ақын өмірдің өзі қайғы мен қуаныштан тұратынын, сонысымен қызықтылығын, ыстықтығын теңеу тәсілін қолдану арқылы түсіндіреді. Тағы бір өлеңінде ақын:
Жүрек шіркін дүрсілінен танбайды,
Махаббаттың барабаны секілді.
Күнбағыстар күннен көзін алмайды,
Менің саған қарағаным секілді.
Алтын деймін,қайдан табам алтынды,
Маған айтпай жүрген сөзіңсекілді.
Әр сабыннан қалады бір алқынды,
Менде қалған Шыдам төзімсекілді[1,107]
Ғашықтық сезімнің құдіреті ғажап қой. Махаббаттағы маңызды мүше жүректің дүрсілін даңғырлаған барабан үнімен, ғашығына үзіле қараған бозбала көзқарасын күн шыққаннан батқанға дейін көзін алмайтын күнбағысқа баласа, ұяңдықпен өз сезімін білдіре бермейтін қыз баланыңәр сөзін алтынға, ғашығына албыртқан жастың төзімін әр жуған сайын қалатын алқынды сабынға теңейді.
Ақынның басты міндеті,өлең жазудағы көздеген мақсаты – өзіндік сезімді жеткізе отырып, оқырман қауымды елітіп, шын сендіре білу. Ал ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығы өз мақсатына дөп жете білген өресі биік туындылар.Сөз қадірін ұғынар оқырманға табылмас байлық. Жалпы ақын теңеулерді қолданғанда, адам, қаһарман психологиясын жайып салады, сырын ашады, терең лиризм жасайды. Сол үшін өлеңдері салған сурет сияқты әсер етеді. Әр өлеңінің композициясын осы теңеулер жасап тұрғандай. Басқаша айтқанда, Қадыр қандайда бір ойлап табылған теңеулер галлереясында өлең жасайтындай. Осы негізде, әлемнің кезкелген ақындарымен қатар тұра алатын, энциклопедиялық білім иесі Қадырдай қаламгердің теңеуді қолданудағы теңдесі жоқ шеберлігі, теңеулерінің тілдік-стильдік табиғаты – ақынның өзіндік дара стилінің бір бейнесі екендігін айқындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет