Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы



Дата25.08.2017
өлшемі231,21 Kb.
#27151
түріСабақ


Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Алтынды ауылы, Алтынды орта мектебі, Әйтеке Қамажай Алтынбайқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы («Бозінген» күйі)
Сабақтың мақсаты: І.Жансүгіров шығармашылығы бойынша оқушылардың ой-өрісіне лайық мағлұмат беру. Күй аңызының маңызын меңгерту.

а) Поэманың сюжеттік негізіне алынған күй аңызының мазмұнын, қобызшы тартқан «Бозінген» күйі, оның күй тарту шеберлігін тереңірек ұғындыру
ә) Шығарманы талдау арқылы оқушының сыни ойлау дағдыларын, біліктілік қабілеттерін, тілін,
шығармашылық құзіреттіліктерін дамыту
б) Өнер құдіретін бағалауға, халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге, қазақтың күй өнері мен
күйшілігінің құдіретін сезіне білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: іздену сабақ
Сабақтың әдісі: еске түсіру, сұрақ - жауап, салыстыру, іздену, талдау
Пәнаралық байланыс: музыка
Көрнекіліктер: слайдтар, интерактивті тақта, сызбалар, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру/ тренингін өткізу
2. Топқа бөлу (2 топ «Білгірлер», «Алғырлар»)
3. Әр топқа бағалау парағын тарату

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

«Ыстық орындық » әдісі арқылы сұралып, тексеріледі.


ІІІ Жаңа сабақ

Мақсатымен таныстыру
1. Ілияс Жансүгіров қашан дүниеге келді? 1894жылы
2. Ілияс Жансүгіров қайда дүниеге келді? Алматы, Ақсу
3. Әкесі Жансүгір қандай адам болған? Білімді, өнерлі
4. Ілияс Жансүгіров 1911 жылы қандай мектепті бітірді? бастауыш
5. Ілияс Жансүгіров Мәскеуге оқуға қашан аттанды? 1925жылы
6. Мәскеудегі оқуын қай жылы бітірді? 1928жылы
7. Қандай мамандық алып шықты? журналист
8. Ташкентте қандай оқу орнында оқыды? қаз.- қыр. инст.
9. Ілияс Жансүгіровтің қандай шығармалары бар? «Күй», «Күйші»
«Құлагер»
Сакен, Ілияс, Бейімбеттердің қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегі» деп аталуы туралы әңгімелеу.

Осы сұрақтар төңірегіндегі сұрақтар жауап беріледі. Поэманың жалпы мазмұны айтылады.

Қобызбен орындалатын «Бозінген» күйін тыңдау
- Күйді тыңдап отырып қандай әсер алдыңдар?
Күй - қазақтың домбыра, қобыз сияқты ұлттық аспаптарымен орындалатын шығарма.
Күйші – күйді орындаушы, халыққа жеткізуші адам.
Күйшілер: Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Қаршыға Ахмедияров, Айгүл Үлкенбаева, т. б (слайдтан суреттерін көрсету)
Ұлттық аспаптар: Домбыра, қобыз, сазсырнай, шаңқобыз, жетіген, т. б. (слайдтан суреттерін көрсету).

Оның ішінде қобызға тоқталып өту.

Сөздікпен жұмыс

Матай-рудың аты

Бақайшақ-аяқтың башпай тұсы

Қорда-заттың үйіндісі

Ақшам-іңір, апақ-сапақ кез

Өліара- ескі ай мен жаңа айдың аралығындағы мезгіл, уақыт.

Тақым- тізінің астыңғы, ішкі жағы

Бұйда-түйенің не өгіздің мұрындығына тағылған ұзындығы 2-3 құлаштай бас жіп, бау.

Үргенші- Ежелгі қала , ортағасырлық Хорезм мемлекетінің астанасы.
Жаңа білімді бекіту сұрақтары
1 - тапсырма
1 . Молықбай қобызшы тартқан ерекше күй жөнінде поэмада не айтылған?
2 . Күтімде тұрған інгеннің маңғаз, сұлу мүсіні жайлы әңгімеле.
3 . Поэма өзіңе қалай әсер етті?

2 - тапсырма
1. “Бозінген” күйінің тарихына ұқсас аңыз білесіңдер ме?
2. Күйдің адам денсаулығы үші немесе төрт түлік мал үшін пайдасы бар деп ойлайсың ба?
3. Поэма өзіңе қалай әсер етті?


Білімді толықтыру
- Молықбай қобызшы туралы не білесіңдер? Ол өмірде болған адам ба?
Жетісудың жорғасы, заманының өнерпазы, бармағынан бал тамған қобызшы, күйші, ақын, өлеңші, бақсы - балгер, құмалақшы, сал - сері Молықбай Байсақұлы 1857 жылы туған. 1927 жылы Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезов қобызшы Молықбайды арнайы іздеп келіп, Амантекше жайлауында кезігіп, тартқан күйлерін тыңдайды. Сол сапардан Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасын жазып, «Жаңа мәдениет» журналына 1929 жылы бастырып шығарады., Молықбай іш ауруынан 1930 жылы көкек айының 30 - ында 73 мүшел жасында қайтыс болып кетеді. Құлагер ақын Ілияс Жансүгірұлының құлағына азан шақырып, «Қызырілияс» деп есімін қойып, кіндік әкесі саналатын қобызшы Байсақұлы Молықбайдың қайтыс болғанына биыл 82 жыл толды.
Қолдану

1. Поэманың құрылысына орай жоспар құру.

Кіріспе.Қобызшы туралы.

Негізгі бөлім «Бозінген » күйі туралы.

Қорытынды

Күйдің адам өміріндегі маңызы

2. Өнерді сүйген бала қатыгез болмайды (өз ойын жеткізу)

Салыстыру 3мин

С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік»

Ортақ

І.Жансүгіровтың «Күй»

1.Бетпақ дала көрінісі,киіктің

сұлулығы,мерген қолынан

жаралануы сипатталады.

2.Жазықсыз киіктің мұңы.

3.Өлең


Екі ақын да

жануарлар

басындағы

зар мен мұңды

шебер,көркем

бейнелейді.

Сыршыл

ақындар.


1.Қобыланды

Молықбай

шалдың ерекше

орындайтын күйі,

Бозінген зары,

күй құдіреті

сипатталады.

2.Ұры қолына

түскен інген зары.

3.Поэма



РАФТ стратегиясы

Алғырлар” тобына



Роль: Бозінген

Аудитория: Ұрыға

Форма: Ішкі ой

Тақырып: Бота туралы

Білгірлер” тобына



Роль: Ұры

Аудитория: Байға

Форма: Хат. Хабарлама

Тақырып: Ұрлық жасауға не себеп?


Сабақты қорытындылау тесті 6 сұрақ


V Үйге тапсырма
1. Поэмадан үзінді жаттау

2. «Ел іші -өнер кеніші » деген ақынның ойын сен қалай жалғастырар едің?
Бағалау

Тапсырмалар

«Алғырлар» тобы

«Білгірлер» тобы

1.Үй тапсырмасы







2.Іздену жұмыстары







3.Жаңа білімді бекіту сұрақтары







4.Жоспар құру







5.Өнерді сүйген бала қатыгез болмайды (өз ойын жеткізу)







6.Салыстыру







7.РАФТ стратегиясы







8.Қорытынды тест








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет