Ғылыми конференциясының материалдары


ҚАЗАҚСТАНҒА БЕЙМӘЛІМ – НАРАТ



бет44/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   131
Байланысты:
treatise40297

ҚАЗАҚСТАНҒА БЕЙМӘЛІМ – НАРАТ


Қабыл Аян (Қытай)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Нусупбаева С.А.

Қазақ халқы қырандай самғаған кең даланы мекен етіп, батырлықпен кайсарлықты жанына тұғыр еткен халық көріктіде тылсым табиғаттың сырын түсініп құбылысын зерттеп, өзі өсіп өнген қасиеттімекенді тартымды мәдениетімен салт-дәстүрмен, тәтті күйін, әсем әнін әуелетіп ортасын гүлге толтырған талантты халық енсіз жатқан кең-байтақ жайлауды мекендеген, суының тұнығын, құнарлы жерін пайдаланған қазақ халқының еңсесі биікрухты ел. Олай дейтін себебім: қазақұлтының өзіне тән тілі, діні мәдениеті, салт-дәстүр, ұлттық ойын мерекелері, тұрмыстық азық-түлігі бүгінгі таңда әлем халқын мойындатып, таңдандырып, тамсандырып, қызықтырып отыр.Әрі ғылыми тұрғыда дәлелденіп насихатталып жатыр. Соған орай қазақ қайда жүрсе де қазақ демекші сонау қиыр шығыста мекен еткен салт-дәстүр, тілі-дінін толық сақтаған қазіргі Қытай халық Республикасы Шыңжаң автономиялық Іле қазақ автономиясындағы, байырғы халық қазақ халқын олардың тұрмыс ортасын мақаламның өзегі етпекшімін. Яғни Нарат саяхат жайлауы Іле аймағы Күнес ауданының ішінде болып еңселі Тянь-Шань тауынан басталып көлденеңінен созылып, Іле өзенінің жоғарғы сағасымен тұтасып жатқан елді мекен. Ол қазіргі Күнес қаласынан 110.0 километр қашықтықта орналасқан. Жалпы жер аумағы 960 квадрат метр, теңіз деңгейінен 1800 метр биіктікте, ауа райы қалыпты, құрлық орташа құрғақ саяхат орны. Табиғи орны 137 болып, соның дәрежелі – 70, 4-дәрежелі – 17 болып ұлттық мәдениет болып ерекшеленеді. Ерекше айта кетерлік ішінде ұлттық мәдени орталығы 25 көрініс орны, 1-дәрежелі көрініс орны 31 жер, 2-дәрежелі –34 жер, осынау көрікті даламен жалғасқан біртұтас тұлға болып тұрған.


Ол жердегі қазақ ұлтының бейзаттық мәдениеті халық тұрмысы сән салтанатын асырап ерекшелігін әйгілеп тұр. Осындай дара ерекшелікке ие Нарат саяхат жайлауы мемлекеттің қорғауында болып 2001 жылы мемлекеттік бірінші дәрежелі саяхат орны, 2004 жылы қорғауға алынған бейзаттық мәдени қорғанысы болуы. Сонымен қоса бұл өлкенің байырғы тұрғыны қазақ ұлты болып сонау Қытай жылнамасындағы «Хи хандығынан» бастап осы өлкеге қоныстанған қазақ ұлты бүгінде өніп-өсіп жан саны 15298 адам болған. Жалпы Қытай қазағының 1,13% ұстаған, сол себептен 2007 жылы Нарат жайлауында қазақ халқы ең көп орналасқан болып дүниежүзілік «Гинес» рекордын бұзды. Осылайша төл мәдениетіміздің шып-шырғасын шығармай жалғастырып келе жатқан қазақ тұрғындары. Осынау мекеннің баурайында бай-бақытты өмір салтын ұстанып, атына заты сай қазақтың даңқын асқақтатып атын жұрттан оздыруда.
2005жылы 6-айда Нарат жайлау LS9001 мемлекеттік сапа тексеруінен өтіп, LSO14001 кәсіптік қауіпсіз орын атағын алды. 2005 жылдың 10 айында мемлекеттік алты көрікті жайлау саналды. 2011жылы 1-айда мемлекеттік туризмдік ААААА дәрежелі көрініс районы атағын алды. Осындай табиғи байлығымен танымал туризмнің ошағы болған аудан сай-саладан аққан тау сулары мен ну орманмен көмкерілген қасиетті мекенде 200-ге жуық, мемлекеттік І-дәрежелі қорғалатын 25 түрлі аң-құс бар. Әрі бағалы шөптермен өсімдіктерге бай. Мысалы, аң құстардан қырғауыл, тотықұс, бүркіт, қаршыға, кекілік, елік, түлкі,аққу, тауешкі, қасқыр,қобылан, қоңыр аю т.б. Ал өсімдік гүлдерден: қызғалдақ, бүлдірген, таңқурай, қызанақ, қызылша, итмұрын т.б. көптеген өсімдік жеміс жидектерге толы. Бұл жердің ағаштары әсіресе Күнес өзенінің бойындағы орманда жасы 200-300 жыл болған ағаштар, әрі жабайы гүл шөп өсімдіктер Жун го ша дәрі шөбін жасайтын неше жүздеген түрлері кездессе, осы туралы аң, құс, гүл, шөп мұражайы бар. Табиғи байлығымен мемлекеттің ерекше қамқорлығымен қорғалып, зерттеліп күннен-күнге кемелденіп, көркею үстінде. Бұл жерде төрт түлік мал мыңғырған, киіз үйлер қаз қатар тізілген қарағайлар жамырап, тау бұлағы тау-тастардан секіріп әнші құстардың дауысымен ұласқан, жасыл кілемге оранған жазғы жайылым қазақ тұрмыс тіршілігінің бір әсем көрінісін тамашалап ләззат аласыз. Нарат туризм орталығы негізі көшпелі және отырықшы мал шаруашылығымен қоса туризм бағытымен айналысатын ортаның осы ерекшелігіне байланысты бірнеше үлкен районға бөлінген.
Ал Қызыл аша көрініс ауданында табиғи ерекшелікке ие. Тас үңгір сарқырама, гүл бәйшешек көмкерген табиғаттың тың тынысымен танысасыз. Жалпы саяхатшы қонақтарды көрікті көрінісімен қолайлы шарт жағдайымен баурап қоймай, өзегі болған қазақ ұлтының түрлі ұлттық ойындармен танысып, еріксіз баурап алмақ. Мысалы, 2014 жылы 7 айдың 24 күні соған орай Іле қазақ автоноимиялы аймақ құрылғанына 60 жыл толу байланысымен жылда 5-кезекті тұратын ақындар айтысы өткізіліп, ақындар айтысын негіз еткен 17 түрлі іс-шара өтті.Мысалы, ішпек-жемек мәдениеті, киіз үй мәдениеті, сүтті шәй мәдениеті, ат үсті мәдениеті, қыз қуар, күрес, бәйге, теңге ілу, балуан, көкпар, Нарат көрікті көріністері атты фото сурет көрмесі өтті. Дәл осындай бай мазмұндағы іс-шаралар Нарат жайлауының сәнін келтіріп саяхатшыларды қуанышқа бөлеп мерейін асырды. Сонымен қатар ежелден бұл атырап қазақ ұлтының бесігі болып мал шаруашылығын, ұлттық астрономия, география, медицина, музыка секілді мәдени саласын дамытқан. Осы өлкеде қазақтың талай ұлы тұлғалары өмірге келген. Солардың бірі ақын, жазушы Таңжарық Жолдыұлы, күйші Әшім Дүңшіұлы, Әсет Найманбайұлы сияқты тұлғалар болған.
Тарихи деректерден Нарат жайлауының аты туралы Шыңғысхан батысты жаулау кезінде бір қосын әскермен Тянь-Шаннан Ілеге қарай беттепті. Бұл көктемнің кезі еді. Суықпен отаршылық жаулаған әскер қосыны тау бөктерінен асып жасыл жатқан кең байтақ жайлауды көреді. Сол сәтте күн қызарып шыға келіп нұры әскерлерге түседі. Сонда әскерлер «Нарат, Нарат» деп айқайлапты. Бұл Жоңғар тілінде күн көрінетін жер деген мағына беріп кейін Нарат болып аталып кеткен екен.
Қорытындылай келе Нарат туризм ошағы кең қанат жайған Солтүстік Шыңжаңның, экономика, мәдениет орталығы атанып халықтың әл-ауқатын жақсартып, әлем таныған әйгілі орын болып отыр. Сонымен қатар таза қазақ мәдениетін салт-дәстүрін өзге елдерге мақтана паш етеді.
Жалпы менің ойымша қазақтың көрікті кең даласы қаншама, соларды іске қосып мынау заманауи, заман талабына сәйкестендіре отырып, нарықтық экономика қоғамында Қазақстан территориясында осындай ерекше жерлер бар екенін сезініп, қолдағының қадіріне жетіп, көрікті мекен құрып, туризмді Қазақстандада дамытуға әбден болар еді. Біз осындай әйгілі туризм ошақтарынан артық жерін үйреніп, өзге елден тәжірибе жинай отырып, қазақ жеріндегі туризмді өз ерекшелігіне сай дамытуға үндеймін. Сонымен бірге біз өз мүмкіндігімізді сезініп елге, халыққа, халық тұрмысына пайдалы, бейбітшілікті сақтаған өзге жұрттар мақтаған берекелі ел болып бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығара отырып ортақ ата-мекеніміздің гүлденіп көркеюіне мәңгілік ел болып тамыр тарта беруіне ортақ күш салып, ел экономикасының өсіп өркендеуіне бір кісілік үлесімізді қосайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет