Ғылыми конференциясының материалдары



бет72/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   131
Байланысты:
treatise40297

References



  1. Ахметсадыков Н.Н., Омарбекова У.Ж. «Ветеринария негіздері». Алматы, 2010.

  2. Хусаинов Д.М. «Основы ветеринарии» Алматы, 2010.

  3. Textbook of Veterinary Internal Medicine. By: Stephen J. Ettinger (Author) Publisher: Elsevier Science Health Science div. ISBN: 0721682839. Release Date: November 30, 2010.

  4. Куриленко А.Н., Крупальник В.Л. Лечение сельскохозяйственных животных при инфекционных болезнях. М.: Агропромиздат, 1986.

  5. «Профессиональная этика врача ветеринарной медицины» под ред. И.С. Панько. Санкт-Петербург. Москва. Краснодар, «Лань» 2004.



Түйіндеме
Бұл мақалада ветеринарлық медицинаның қазіргі таңдағы проблемалары мен экономиканы дамытудың кешенді бағдарламасы тығыз байланысты екендігі басшылыққа алынды. Негізгі проблемалар эпизоотиялық аурулардың және жұқпалы аурулардың алдын алу және онымен күрес жүргізу болып табылады.


Резюме
Современные проблемы и будущее ветеринарной медицины тесно связаны с комплексной программой развития экономики страны. При этом основными проблемами являются борьба с эпизоотиями и профилактика инфекционных болезней. В этой статье был сделан акцент именно на эти проблемы, так как я считаю, что эти проблемы являются достаточно весомыми и имеют свои последствия.
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ

Абдулла Сепахизада (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Тастемирова Г.А

Ауғанстан Ислам Республикасы соғыстан көз ашпаған, сауаттылығы және әлеуметтік жағдайы жағынан ең төмен мемлекет. Еліміздің дамуы үшін ауған жастары білім алуы керек. Бізге көмектесіп жатқан мемлкеттер бар. Ауғанстаннан жылда 150 мыңға жуық жастар басқа мемлекеттерге оқуға барады. Атап айтар болсақ, Түркияға 200, Иран -100, Индия-250, Германияға -30, Ресейге -50, Пакистанға -150 т.б. Иранға жылда гуманитарлық, техникалық мамандықтары бойынша білім алса, Индияда экономика, менеджмент мамандықтары бойынша оқып жатыр. Ауғанстан мемлекетінің дамуы үшін барлық мамандықтар керек. Күннен-күнге заманауи технологиялардың сан түрі шығып жатыр. Қазір техникасыз мемлекеттің дамуы мүмкін емес деуге болады. Қазақстанда да техникалық мамадықтарға көп грант бөлініп, соның нәтижесінде біз биыл «Қазақстанның 1000 ауған азаматын оқытуға арналған білім беру бағдарламасы» негізінде Ауғанстннан 50 үміткер емтихан тапсырып техникалық мамандықтар бойынша грантқа ие болдық. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстаннан берілетін мамандықтардың ең көбі ауылшаруашылық саласына қатысты болған. Ауғанстан аграрлы ел болғандықтан мемлекет тарапынан ұсынылған мамандықтардың көпшілігі аграрлық мамандықтар. Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ауылшаруашылығына қажетті мал дәрігері, агрономдар, өсімдіктерді қорғау, жерге орналастырушылар, су ресурстары мамандықтары бойынша білім алуда. Мемлекет тарапынан ауылшаруашылық мамандықтарына тапсырыс бергенімен бүгінгі жастар ауылшаруашылық мамандықтарына барғысы келмейтіні белгілі. Ауғанстанда «теміржол құрылысы, жол және шаруашылығы», «темір жолдың составтарын техникалық күту, жөндеу және пайдалану», «вагондар мен рефрижераторлы жүріс составтарын техникалық күту, жөндеу және пайдалану», «темір жолды электрмен жабдықтау», «темір жол көлігіндегі басқарудың автоматтандырылған жүйелерін техникалық күту және жөндеу», «темір жол көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру және жүрісті басқару», «шаруашылық қызметін басқару, талдау және оның бухалтерлік есебі, экономикасы», «темір жол транспортындағы коммерциялық қызмет», «темір жолдың қозғалыс құрамын шығару», «Темір жол жылжымалы құрамдарын жөндеу және техникалық күту», «жолаушылар мен жүкті тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», «теміржол көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», «темір жол көлігіндегі жедел технологиялық байланыс қондырғыларын пайдалану» мамандықтары бойынша кадрлар дайындайтын оқу орындары жоқ.


Ал биыл Қазақстан тарапынан ауған жастарына техникалық мамандықтарға көп грант бөлінді. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Себебі, бүгінгі таңда Ауғанстан мемлекеті үшін техникалық мамандықтар өте қажет. Мен біздің елде жоқ, әлі дамымаған мамандықты таңдадым. Менің таңдаған мамандығым «Көлік, көлік техникасы және технологиялары». Біздің елімізде теміржол құрылысы дамымаған. Енді ғана поезжол жасап жатыр. Қазіргі таңда Түркіменстан жақтан пойыз жолы жүргізіліп, кіре бастады. Сонымен қатар техникалық басқа да мамандықтар бойынша үміткерлер өз таңдауын жасады.Солардың біразынан сұхбат алып, мамандықтары жайлы сұрастырып едім.
Набиль Бахадур Навидулла (Ауғанстан, Логар провинциясынан): «Мен құрылыс инженері мамандығым таңдадым. Себебі біріншіден, Ауғанстанға құрылыс инженері көп қажет. Екіншіден, оқу бітіріп, диплом алған соң жұмыссыз қалмайтыныма сенімдімін».
Нурзай Фарзад: «Мен футболист болуды армандадым. Пакистанда оқып келдім. Бірақ қазір Ауғанстанда футболист мамандығынан программист мамандығына сұраныс көп. Сондықтан мен информатика мамандығын таңдадым. Програмист болсам, кез-келген мекемеден жұмыс таба аламын деп ойлаймын».
Содаба Ахмади: «Биыл біз төрт қыз техникалық мамандықтар бойынша грантқа ие болдық. Мен ақпараттық жүйелер мамандығын таңдадым. Біздің елімізде қыз баллларға ер азаматтармен тең құқылы болып, қызмет істеу қиын. Қазіргі таңда Ауғанстанда күнен-күнге қыздардың білім алуына мүмкіндіктер жасалып жатыр. Соның арқасында бізде осында келдік. Мен Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын».
Қазіргі таңда әрине, ақпараттық технологиялардың белсенді дамып келе жатқан заманы. Сондықтан заманның талабына қарай мамандықтар да өзгереді. Дамып келе жатқан мемлекеттерде жаңа құрылғылар жұмыс істейді. Мысалы, жол жөндеу саласында «ақылды жолдар» салатын болса, оны басқаратын құрылғылармен жұмыс істейтін мамандар керек болатыны анық. Болашақта барлық адамзат цифрлы ақпараттар көмегімен жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар нанотехнология мен биотехнология саласы және ғарыштық биология, ғарыштық геология салалсында мамандар қажет болады деп болжам жасалуда. Бірақ біз қазіргі таңда еліміздің дамуы үшін өте қажет деген мамандықтарды таңдадық. Себебі еліміздің дамуына үлес қосу үшін теміржол, құрылыс, информатика мамандықтары бүгінгі таңда өте маңызды рөл атқарады. Осындай мамандықтарға грант бөліп, бізге оқуға мүмкіндік жасаған Қазақстанға алғысымыз шексіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет