Ғылыми конференциясының материалдары


ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨРКЕНИЕТІ



бет73/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   131
Байланысты:
treatise40297

ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨРКЕНИЕТІ


Авкан Бек Файзулдин (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы)
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Амирканов М.Б.

Ғ асырлар бойы ата-бабаларымыз ислам дінін ұстанып, келеді. Тарихымызға көз салсақ, кезінде теңдесі жоқ, мәдениеті мен ғылымы дамыған өркениетті мұсылман мемлекеттер өмір сүрген. Сол мәдениеттің мирасшыларынан болған халқымыз өз дінін, тілін, тарихы мен мәдениетін жоғары бағалай білгені жөн.


Мәдениеттің қалыптасуында дін ең мағызды фактор. Өйткені дінсіз, сенімсіз бір қоғамның өшпес және үлгілі бір мәдениет құруы мүмкін емес. Өйткені дәуірлерде кең байтақ жерді қол астында ұстап, алып мемлекеттер құрған қаншама қауымдар өткен. Алайда олар ұзақ сүрмеді. Арттарында тағылық пен үрей ізін қалдырып, тарих сахнасынан өшіп кете барды.
«Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына) «мойынсыну» болып есептеледі. Ал шариғат терминологиясында ислам - толық мойынсыну, Аллаһтың парыздары орындау, одан басқа құдайға табынбау болып есептеледі.
Шын мәнінде өркениет жөнінде ең алдымен ислам мәдениеті туралы айтқымыз келеді. Адамзат тарихында ислам мәдениетінің орны ерекше. Өйткені ислам мәдениеті бүкіл әлемді жаратқан Ұлы Аллаһтың барлығы мен бірлігіне және ахырет күніне деген шынайы сеніммен сусындаған. Мұндай сенімге ие болған адамда мұндай сенім орын алған қоғам да тек дүние өмірін ғана ойламай, одан да маңызды мәңгі болған ахырет өміріне қамданып, бақытқа жетуге тырысып бағады. Өз нәпсісінің қалауы мен бас пайдасына қарай емес, дінінің әмірі мен тиымдарына сай әрекет етеді.
Ислам діні әуел бастан-ақ жаһандық миссияны мақсат еткен, өйткені Құрандағы сүрелер жеке бір халық, ел немесе нәсілге арналмаған, ол бүкіл адамзатты хақ дінге баулуды мұрат етеді. Сонымен қатар Мәдинеде Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар тарапынан құрылған ең алғашқы мұсылман мемлекеті барлық аз халықтардың құқығын қамтамасыз етуге кепілдік берген. Пайғамбар өзінің соңғы өсиеттерінде жаңа әлем тәртібін белгілеп, адам құқықтарының декларациясын жариялады. Мұсылман діндарларының пікірінше, осыдан бастап адамзат қоғамы жаһандануға бет алған.
Исламның өзі интеллектуалды дін болғандықтан да оған тек жоғары санамен жету қажет. Осы қағиданы негізге алатын болсақ, ең бірінші жас ұрпақтың бойына осы дүниенің білімі мен ғылымын сіңіргеніміз жөн.
Қазіргі таңда ғылым артта қалып, тек діннің шарттарын орындаумен жүру елді алға қарай дамытпайды. Ғылымға қызмет ету дегеннің өзі Құдайға құлшылық етудің бір жолы.
Тарихшылар орта ғасырды Еуропаның қараңғылық шағы деп сипаттап, ал ислам мәдениеті үшін алтын шақ деп атайды. Ол кездері ғалымдар мен шәкірттері елден-елге, бір білім орталығынан екіншісіне ілім жолында сапар шекті. Әл Хорезми, Әл Фараби, Ибн Сина, Бируни, Қожа Ахмет Яссауи, Имам Ғазали сияқты әлемге танымал ғұламалар айналасына білім нұрын шашты. Ислам ғұламаларының қазіргі ғылым мен мәдениетімізге қалдырған жемістерінің негізінде ислам дінінің білім мен ғалымдарға берген маңызы зор.
Ортада әлі оқылатын бір кітап жоқ дәуірде, оқу-жазу білмейтін бір пайғамбарға Аллаһ тарапынан түскен ең алғашқы әмірдің: «Оқы!» - деген әмір болуы баса назар аударарлық жайт. Дініміз білім іздеуді әрбір мұсылман ер-әйелге бірдей жүктеген, ғылымға үлкен маңыз берген, әсіресе екі дүниенің бақыт кілті болған дін ілімін үйренуді міндеттеген.
Ислам мәдениетін құрайтын басты негіздерді қортындылайтын болсақ, Құран: «Адам мен жаратушы», «Адам мен қоғам» арасындағы қатынастарды реттейтін жалпы ережелерді ортаға қояды және олардың орындалуын талап етеді. Сондықтан ислам ғұламалары ислам мәдениетіне сипаттама бергенде, оның басты негізі ретінде екі нәрсені көрсетеді:
1. Жаратушының әмірлері мен тиымдарына мойынсұну, бағыну.
2. Жаратылған әрбір нәрсеге мейірім-шапағат, рахымшылық көрсету.
Ислам мәдениеті үлгілі адам қалыптастыруда алғашқы сатыға: «Адам мен Аллаһ» ал екінші сатыға: «Адам мен ата-ана», үшіншіге: «Адам мен туыс», төртіншіге: «Адам мен қоғам» арасын реттейтін принциптерді қояды. «Жаратушыға мойынсұну, жаратылғандарға мейірім-шапағат көрсету» -деп сипатталған ислам бұл ережелерді қою арқылы тұлғалардың жақыннан ұзаққа қарай толқын-толқын өзара ықпал етуі мен жауапкершілігін белгілеген.
Ислам діні – іріткі әрекеттерге емес, ынтымаққа қызмет етуі тиіс. Мешіттерде ислам құндылықтарын уағыздау, имандылық шараларын жүргізу, діни мерекелерді өткізу, діни сауат ашу, қайырымдылық жасау, жастарды ізгілікке тәрбиелеу, жылдан жылға көбейіп, басқа ұлт өкілдерінің ішінде Ислам дінін қабылдаушылар қатары да күн санап өсе түсуде. Мысалы қазіргі таңда Қазақстан дінаралық, ұлтаралық татулық берік орныққан алтын бесікке айналып отыр. Бұған барлық мемлекеттер де куә болуда.
Ислам діні бөтен мәдениеттерді жатсынған емес. Қайта олардың жақсы жақтарын алудан ешқашан тартынбаған. Исламның қайнар көзі - құран және сүннет. Құран -ислам мәдениетінің және құрылымдарының ең маңызды және басты қайнар бұлағы. Әлеуметтік топтардың мойынсұнуын қажет ететін заң. Әрбір адамның мемлекет пен халық алдындағы міндеттерін көрсетіп тура жолды меңзейтін қасиетті кітап.
Білім, ғылым - адамзат дамуының басты қозғаушысы. Хазіреті Алидің: «Малды сен қорисың, ал ғылым сені қориды» деген сөзінің астарында терең мән жатыр. Ендеше ғылымға бас қойып қана елімізді, ұлтымызды шыңдарға сүйрей аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет