Ойлаудың күрделі формаларының бірі – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі.
Ойлаудың күрделі формаларының бірі – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі.
Ой қорытындыларының үш түрі бар:
Индукциялық;
Аналогиялық;
Дедукциялық.
Индукция – жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы, мәселен, оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай-ақ оттегі жоқ ауада жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды. Аналогия – ұқсастық бойынша ой қорытындыла-рын жасау. Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тар-тылыс заңын топқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қоз-ғалуы, әсіресе құлауы мен аспан денелерінің қозға-луы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде анало-гияны келтіреді. Дедукциялық ой қорытындысында бала өзі білетін нақтылы фактілерді, байланыстарды, қатынас-тарды сол жалпы заңдылықтарға негіздей ұғуға тырысады.