Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бастапқы кезеңі


Зерттеудің жетекші идеясы мен болжамы



бет2/3
Дата31.07.2022
өлшемі20,19 Kb.
#147879
1   2   3
Байланысты:
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бастапқы кезеңі

2. Зерттеудің жетекші идеясы мен болжамы.
Зерттеудің нысанын және пәнін, мақсатын анықтаған соң, негізгі ойды, ниетті, ғылыми болжамды тұжырымдау керек.
Негізгі ой - түрлендіру, өзгерту туралы ой. Негізгі ойдың пайда болуы жеке үрдіс, оның негізі қисынды пысықтаулар, көкейкөзділік, ойша «сынама» және сынақтар болып табылады.
Ең алдымен, елеулі, бірақ бізді қанағаттандырмайтын жағдайды тіркейтін, бастапқы дерекке сүйену керек. Жиналуына қарай, түсіндіруге келмейтін деректерге жаңа теория жасау қажеттілігі туындайды.
Ниет - жүзеге асыру құралдарымен қаруланған ой. Бұнда ойша ниетті жүзеге асыруға, мақсатқа жету жолын жүріп өтуге болады. Бұл ойша ғылыми болжау, жорамалға алып келеді.
Сонымен, зерттеу мақсаты, нысаны және пәніне сәйкес, әдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза - бұл шынайылылығы элі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы. Ғылыми болжам жасау үшін зерттелетін нысан туралы жеткілікті мәлімет болуы қажет.
Ғылыми болжамға негізгі екі талап қойылады: нақтыланбаған ұғымдардың болмауы; болжамның қолда бар әдістер көмегімен тексерілуі қажет.
Болжам- фактілер негізінде объектінің бар екендігі, құбылыстардың байланыстары мен себептері туралы тұжырым жасалатын алдын ала болжау. Бұл ретте тұжырым толық дәлелденген деп есептеуге болмайды. Болжам шынайы емес, ықтимал білім. Оның шынайылығы мен шынайы еместігі элі анықталмаған. Болжамның шынайылығы немесе шынайы емес екенін анықтау - таным үрдісі.
Болжам ғылыми және жұмыстық болып ажыратылады. Істік болжам бар мәліметтерді жүйелеу үшін уақытша жорамал, ал ғылыми болжам деректер мол жиналып, мәселенің шешу «жобасын» ұсынуға мүмкіндік болғанда жасалады.
Ғылыми болжамның мазмұны зерттеу жұмысының қорытындысында дәлелденуі қажет. Мысалы, «Төменгі сынып оқушыларының ойын технологиясы қолдану арқылы шығармашылық белсенділігін дамыту» тақырыбындағы жұмыстың ғылыми болжамы былай тұжырымдалады: «тренингтік-ойын әдісінің негізінде жасалған технология төменгі сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамытуды қамтамасыз етеді».
Ғылыми болжам психологиялық-педагогикалық зерттеу қалыптастырушы экспериментке сүйенгенде, егер жорамалдар ғылыми негізделген бағыт түрінде жасалынса қажет етіледі. Жинақталған деректерді жалпылау салдарынан туындап, жаңа теориялық тұжырымдама қалыптастыруға, ғылыми білімді жүйелеуге, жаңа теория жасалынғанша деректердің жинақталуына белсенді ықпал етеді. Сәйкесінше, ғылыми болжам педагогикалық құбылыстардың себеп-салдарлық тэуелділігін түсіндіруге қолда бар білім жекіліксіз болған жағдайда аса қажет. Ғылыми болжам психология және педогогика тарихын зерттеуде, педогогикалық, психологиялық тәжірибені жалпылап қорытуда және психология және педогогиканы салыстырып зерттеуде қажет етілмейді.
Себебі себеп-салдарлық байланыстардың түсіндірмелері бұндай жағдайда қалаыптастырушы сынақ емес, тұрақтандырушы сынаққа, сондай-ақ, дәлелдемелердің қисынды және тарихи әдістеріне негізделеді.
Ғылыми мәселені шешудің бастапқы амалы, элі де болса, ғылыми болжам бола алмайды, оны тек қана жорамал деп атауға болады. Қандайда бір ғылыми болжам жорамал кезеңінен өтеді. Ол мәселе бойынша пікір, ақиқат немесе элі дәлелденбеген жалған формасында беріледі, дегенмен бұл пікірлер көп мөлшерде ықтималдылықтан тұрады. Себебі олар бұрын дәлелденген ілім-білімге негізделген.
Құрылымы бойынша ғылыми болжам қарапайым және күрделі болып ажыратылады.
Алғашқысын қызмет ету бағытына қарай сипаттаушы және түсіндіруші деп жіктеуге болады: бірі зерттелетін құбылыстарды қысқа түйіндейді, олардың жалпы байланысын сипаттайды, екіншісі белгілі бір фактордың және жағдайдың мүмкін болатын салдарын ашады, яғни соңғы нәтижені береді. Күрделі ғылыми болжамның құрылымы зерттелетін құбылыстарды сипаттау және байланыстардың себеп-салдарын түсіндіруден тұрады. Бұл қызметтен басқа ғылыми психологиялық-педагогикалық ойды болжау керек, дегенмен бөліп ажырату ақылға сыймайды, себебі қайсысының да алдын ала айту элементі болады.
Психологиялық-педагогикалық болжамның құрылымы үш құрамды болуы мүмкін:
пайым;
жорамал;
ғылыми негіздеме. Мысалы, осылай жасаған жағдайда, оқыту-тәрбиелеу үрдісі былай болады, себебі келесідей педагогикалық заңдылықтар бар: біріншіден..., екіншіден..., үшіншіден...
дегенмен, психологиялық-педагогикалық болжам басқаша болуы мүмкін,
негіздеме айқын тұжырымдалмаған жағдайда. Бұл ретте, болжамның
құрылымы екі құрамды болады: «бұл тиімді болады, егер біріншіден...,
екіншіден..., үшіншіден....» Бұндай болжам жорамал мен пайым бір
бірімен жорамалданған пайым түрде ұштасқан кезде мүмкін болады: бұл
былай болуы қажет, себебі келесідей себептері бар
Психологиялық-педагогикалық болжамды құрылымдаудың бірнеше сатысын бөліп көрсетуге болады. Алғашқыда зерттеуші мәселенің туындауын тіркейді, ғылыми зерттеудің белгілі құралдары мен тәсілдерінің көмегімен жаңа құбылыстың себебін түсіндіруге болмайтынын дәлелдейді, жаңа құбылыстарды жан жақты зерттейді, аталмыш құбылыстың пайда болуының мүмкін болатын себептері туралы ғылыми жорамал жасайды, бір уақытта жорамалданған себептен туындайтын қисынды салдарды анықтайды. Соңғы қорытынды сатыда бұл салдардың шындықпен сәйкестігін тәжірибелік-сынақтық әдіспен тексереді, яғни ғылыми болжам құбылыстың салдары шындықпен сәйкес келген кезде негізді деп танылады.
Бұл талаптарға сүйене отырып, зерттеудің ғылыми болжамын сипаттауға бірнеше ұсынымдарды тұжырымдауға болады:
өте көп жорамалдан тұрмауы қажет (маңызды бір жорама, сирек жағдайда ббірнеше);
зерттеушінің өзі түсінбейтін бір мағыналы емес ұғымдар мен категорияларды енгізбеу қажет;
ғылыми болжамды тұжырымдауда құнды пікірден аулақ болған жөн;
ғылыми болжам қойылған сауалға жауап беруі, шындыққа сәйкес келуі тиісті емес;
оның мінсіз және стильдік дайындалуы, қисынды қарпайымдылығы талап етіледі;
қолда бар біліммен сабақтастығын сақтау.
Негізгі ойды шығару, оны ойда іске асыру, одан кейін ғылыми болжамға айналдыру зерттеудің өте күрделі шығармашылық элементі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет