Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бастапқы кезеңі Педагогикалық зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері Зерттеудің жетекші идеясы мен болжамы Зерттеудің әдіснамалық негізі.
1. Педагогикалық зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтаған соң, оның нысаны мен пәнін анықтау керек.
Таным объектісі (нысаны)- бұл таным үрдісіне қатысатын шынайы объектінің байланыстары, қарым-қатынастары, қасиеттері. Педагогикада зерттеу нысаны - бұл зерттеушінің назары ауған үрдіс, немесе құбылыс. Бұл түсіндірмеде зерттеу нысаны мәні жағынан зерттеудің заттық саласына жақын болады. Сондықтан нысанды іздену саласы деп түсіндіреді. Зерттеу нысанын анықтай отырып, «Не зерттеледі?», «Қандай үрдіс және құбылыс?» деген сауалға жауап беру керек. Педагогикалық зерттеу нысаны мақсатты оқу-тәрбие үрдісінің шегінде болады. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не элі де күмәнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан.
Зерттеу пәні - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары. Зерттеу пәні - бұл нысанды зерттеудің белгілі бір аспектісі. Нақ осы пәннің зерттеу тақырыбын анықтайтынын атап өту керек.
Зерттеу нысаны мен пәні тұтас және бөлек, жалпы және дара болып, бір-біріне байланысты болады. Байланыстың бұндай анықтамасына сәйкес, пән - нысанның шегінде болады.
Зерттеу пәні - нысанның жеке аспектісі, нысан қарастырылатын көзқарас. Сұрақ түрінде оны былай тұжырымдауға болады: «нысан қалай қарастырылады, аталмыш зерттеу нысанының қандай болмысын, қасиетін және қызметін ашады?». Пән - нысанның шеңберінде болады. Шәкірттің бар назары дәл осы зерттеу пәніне бағытталған, зерттеу пәні шәкірттің соңғы жұмысының тақырыбын анықтайды. Мысалы, зерттеу тақырыбы: «ойын технологиясы арқылы төменгі сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамыту». Зерттеу нысаны - оқыту-тәрбилеу үрдісінде мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамыту. Зерттеу пәні -ойын технологиясында төменгі сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігінің даму үрдісі.
Мақсаттылық - адам қызметінің маңызды сипаты. Шынайы педагогикалық қызметке адам іс-әрекетінің мақсатты және мотивацияланған болуы шарт. Педагогикалық зерттеудегі мақсат- мақсат жасаушы іс-әрекеттің нәтижесі. Ол білім беру субъектілерінің (педагогтар мен оқушылардың) мақсатты іс-әрекетін жобалайды.Сондықтан зерттеу жұмысының басында, мүмкіндігінше, іздену нәтижесін, оның мақсатын айқын елестету өте маңызды. Мақсаттылықта зерттеудің есебі, талдауы, қиялы, көкейкөзділігі орын алады.
Зерттеудегі мақсат қою- бұл шынайы педагогикалық ақиқат тұрғысынан мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, оның қазіргі күйін жаңа, қажетті, болашақта тілейтін күйіне өзгерту тәсілдерін таңдау болып табылады. Осындай ойша өзгерту мақсат қою болып саналады.Сонымен, педагогикалық зерттеудің мақсаты - құбылыстар мен үрдістерді өзгертудің элеуеті мен педагогикалық мұраттарды салыстыруға негізделген сэуегейліктің нәтижесі.
Мақсат - зерттеу жұмысынан біз күтетін нәтиже, болашақтың бейнесі.
Зерттеудің анық және түсінікті тұжырымдалған тақырыбы жұмыстың мақсатын анықтауды жеңілдетеді. Зерттеуші алдына мақсат қоя отырып, қандай нәтижеге қол жеткізгісі келетінін, нәтиженің қандай болатынын шешеді. Мақсат - соңғы нәтиже және ғылыми ізденістің негізгі бағыты.
Мақсат қысқа-нұсқа тұжырымдалады, бірақ зерттеушінің ниетін анық көрсетуі қажет. Мысалы, «Төменгі сынып оқушыларының ойын технологиясы арқылы шығармашылық белсенділігін дамыту» тақырыбындағы зерттеу жұмысының мақсаты - балалардың шығармашылық белсенділігінің дамуы үшін ойын технологиясын жасау. Зерттеудің маңызды және қажетті кезеңі зерттеу міндеттерінің жүйесіндегі жалпы мақсатты нақтылау.
Міндет - мақсатқа жетудің бөлігі, қадамы, кезеңі. Міндет- бұл нақты ситуацияны өзгертудің мақсаты. Зерттеу міндеті зерттеу жұмысының алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін жасалатын қажетті іс-әрекеттер.
Көптеген маңызды міндеттер қатарынан В.И. Загвязинский, Р.А. Атаханов педагикалық зерттеу міндетін 3 топқа бөліп көрсетеді:
Тарихи-диагностикалық - мәселенің тарихы мен қазіргі жай-күйін зерттеумен, зерттеудің психологиялық-педагогикалық және жалпы ғылыми негіздемесін, уәжін анықтау және нақтылаумен байланысты;
Теориялық-үлгілі - зерттелушінің құрылымын, мәнін, әсер етуші факторларын және оны түрлендіру тәсілдерін ашады;
Тәжірибелік-түрлендіруші - педогогикалық үрдісті ұтымды ұйымдастыру құралдарын, ережелерін, әдістерін жасауға және пайдалануға бағытталған.
Басқа да жеке міндеттерді, көп жағдайда, ішкі, ұсақ міндеттерге кірістіруге болады.
Зерттеу міндетін шешудің жүйелілігі оның құрылымын анықтайды, яғни әр міндет жұмыс бөлімінің бірінен шешімін табуы тиіс. Мысалы, «ойын технологиясы арқылы төменгі сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамыту» тақырыбындағы зерттеу жұмысында келесілей міндеттер қойылған.
Осы мәселе бойынша психологиялық-педагогикалық эдебиетті талдау және төменгі сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамытуда ойын технологиясын пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру;
Төменгі сынып оқушылары үшін тренингтік-ойын әдісін қолдануға негізделген ойын технологиясын жасау;
Төменгі сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамытуға арналған ойын технологиясын эксперименттік тексеру.
Міндеттер жүйесін жасау үрдісінде қайсысының ғылыми эдебиетті зерттеуді талап ететінін, қайсысы қолда бар әдістерді жетілдіруді, талдауды, қиыстыруды қажет ететінін және қайсысы күрделі, оның шешімін осы зерттеуден табу керектігін анықтау қажет.