Оқу сауаттылығын дамыту мақсатында тұтас және тұтас емес мәтіндермен жұмыс түрлерін ұйымдастыру Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баримбекова А.Н.
Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Мәтінді жазу, айтудан гөрі, оған жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді. Яғни жазба тілдегі мәтінді түсіну, ақпарат алу, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.
Ол үшін оқушы мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуы қажет. Сонымен қатар мәтінде берілген ақпараттарды түсіну үшін оқушы өзінде бұрыннан бар ғалам туралы білімін қолдануы маңызды. Мәтінмен жұмыс жасау Оқылым дағдысы
оқу сауаттылығы оқырмандық құзыреттілігі
коммуникативтік дағдылар
Түсіну, қолдану және талдау дағдыларының танымдық қабілетке тікелей қатысы бар. Мәтіннің мазмұнын түсіну оның мағынасын анықтай білумен байланысты. Ал қолдану – мәтіндегі ақпарат пен идеяны тікелей мақсатына сәйкес қолдана білу дағдысын көрсетеді.
Көптеген жағдайда, оқырмандар мәтінді талдай отырып, оқығанын өзінің идеясымен және тәжірибесімен сәйкестендіреді.
Оқу сауаттылығының атқаратын рөлі– оқушының өз мақсатына жету, білімін және әлеуетін, ой-өрісін кеңейту, қоғам өміріне қатысу дағдыларының жағдаяттарға сай көрініс табуы.
Оқу дағдысы– тұлғаның толыққанды қарым-қатынас жасауы мен дамуы үшін қажетті және әлеуметтік ортада өмір сүруіне маңызды болып табылатын дағды.
Оқу сауаттылығы бойынша, оқылымды ұйымдастыруда үш аспектіге баса назар аудару қажет.
оқушылар оқитын түрлі мәтіндердің түрлері;
оқушылардың мәтінді оқудағы мақсаттары;
мәтінде қолданылатын мәнмәтіндер.
Оқуда нақты ақпарат алу үшін оқу (scanning) және аналитикалық оқу (кілт сөздерді белгілеу, дәйексөздерді іріктеу, кесте, график құру) тәсілдері қолданылады.