Семей 2018 жыл Жоспар: Кіріспе



бет1/13
Дата20.12.2021
өлшемі42,27 Kb.
#104267
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Мағына туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖƏНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШƏКƏРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

(Ғылыми мақала)



Тақырыбы:Сөз мағынасы мен ұғым,таңба арасындағы байланыс»

Тексерген:Калиева.С.Е

Орындаған:Құрманғали Ш.Б


Семей 2018 жыл

Жоспар:

1.Кіріспе

Сөз мағынасы

2.Негізгі бөлім

Сөздің лексикалық және граматикалық мағынасы

Сөздің лексикалық мағынасынығ негізгі типтері

Сөз мағынасынығ кеңеюі ме тарылу

Ұғым туралы түсінік

3.Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер


Сөз мағынасы. Тілдік жүйе негізінде қалыптасқан мағына өз ішінен парадигмалық және синтагмалық мағыналар болып бөлінеді. Парадигмалық қатынастар негізінде алынатын мағынаны парадигмалық мағына деп аталады, ал парадигмалық қатынас - бір деңгейдегі тіл элементтерінің арасындағы байланысқа негізделеді. Мәселен, тәтті, ащы, дәмді, ұзын, қысқа т.б. заттың сынын; жел, су, өзен, жұлдыз, үркер күн т.б. табиғат құбылыстарының атауы; бас, көз, құлақ, бауыр, жүрек т.т. дене мүшелері атаулдары адам санасында мазмұнның ортақтығына негізделген өзара белгілі бір байланысы бар сөздер тобын құрайды. Парадигмалық мағынаның сөздерді тақырыптық және лексика-семантикалық топтарға бөліп қарастыруда атқаратын рөлі үлкен.

Сөз мағынасы ұғымдық мазмұнға қоса, айтушының көзқарасын, көңіл-күйін, сезімін, сөздің грамматикалық сипатын білдіре алады. Бұған қарап, сөз мағынасының ұғымнан кең екенін көреміз. Сөз мағынасы ойды ғана білдірмейді, сезім мен әртүрлі көңіл-күйді білдіру үшін де жұмсалады. Мағынаның лексикалық және грамматикалық болып бөлінетіндігі белгілі. В.В.Виноградовтың анықтамасы бойынша, сөздің лексикалық мағынасы – тілдің грамматикалық заңдарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне тән жалпы семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-материалдық мазмұны. Демек, сөздің лексикалық мағынасы зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымның мазмұнын қамтиды. Сөздің лексикалық мағынасын түсіну үшін, сөздің заттық-логикалық мәнін, лексикалық мағынаны соған ұқсас басқа лексикалық мағыналардан ерекшелеп көрсететін белгілерін анықтау қажет. Мысалы, сиыр сөзі мынадай ұғымдық белгілерден тұрады:

1) заттық мазмұны жағынан төрт түлік малдың бірі екендігі;

2) сырт көрінісі жағынан ірі қара малға жататындығы;

3) табиғаты жағынан мүйізді ірі қара мал; айыр тұяқты мал; күйіс қайыратын мал.

Сиыр сөзінің осы белгілері оның басқа мал түрлерінен ерекшелігін білдіреді.

Профессор Б.Сағындықұлы: «Сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа, байланысқа түспей, жеке-дара тұрғанда тікелей түсінілетін халық таныған логикалық-заттық ұғымы, лексика-семантикалық түсінігі лексикалық мағына деп аталады», - деп жазады Осы қасиеті арқылы сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы негізгі мағына ретінде танылып, сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады. Сөз мағынасынан әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы айқын көрінетіндіктен, мағынаны таным категориясы ретінде сипаттаймыз. Мысалы, ми – бас миды білдірсе, орыс тілінде бас миымен қатар, жілік майын да білдіреді. Малай сөзі қызметші, жалшы мағынасында қолданылса, башқұрт пен татар тілінде бала мағынасында қолданылады.

Сөз мағынасы әрқашан бірқалыпта тұрмайды. Сөз семантикасының дамуына тіл жүйеісінің ішкі заңдылықтары мен ақиқат өмірдегі мәдени-тарихи, әлеуметтік өзгерістер әсер етіп отырады. Сөз мағынасының дамуында мағына не кеңейіп, не тарылып отырады. Мысалы, қыз-қырқын қос сөзінің құрамындағы қырқын сөзі о баста «күңнен туған қыз» мағынасында қолданылса, қазіргі тілімізде мағынасы ұмыт қалып, жалпылама ұғымды білдіруде қолданылады. Сол сияқты кіндік сөзі де ертеректе 1920 жылдары «белгілі бір ел, мемлекет не ұйымға тән орталық» деген мағынада қолданылған. Омбы – мәдениет кіндігі. 1930 жылдардың ортасынан бастап бұл сөз ауыс мағынада қолданылмайтын болды.

Сөздің грамматикалық мағынасы деп грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән, жинақталған дерексіз мағынаны айтамыз. Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасының негізінде туады, бұл екеуінің арасында тығыз байланыс бар.

Мағынаның семантикалық құрылымы. Сөз мағыналары құрылымдық тұрғыдан денотаттық мағына, сигнификаттық мағына және коннотациялық мағынаны құрайды. Денотаттық мағына деп сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып жататын мағынасын айтамыз. Тілтанымда денотаттық мағынаның өзін материалды денотат (референт) және идеалды денотат деп бөлушілік бар. Денотаттық немесе референттік мағына белгілі бір сөзді айтқан кезде көз алдымызға, ойымызға келетін заттар мен құбылыстардың басты белгілеріне, бейнесіне негізделеді.

Ал сөз мағынасында өмір сүретін идеалды денотат санадағы ұғыммен байланысты. Яғни материалдық денотат арқылы қоршаған ортадағы заттармен, құбылыстармен байланысып жатады. Мәселен, тас қарапайым адам үшін «формасы әртүрлі, өзі қатты тау жыныстарының үлкенді-кішілі бөлшектері», тау - «жер бетінен жоғары да көтеріңкі жатқан биіктік» деген нақты денотаттық мағынаға ие болса, геолог мамандар үшін «тас - кристалды минералдардың жиынтығы», физикалық географияда «тау – айналасынан оқшау, айқын байқалатын беткейі, етегі және шыңы бар, теңіз деңгейінен биіктігі кемінде 200 м болатын көтеріңкі жер» деген ұғымдық (идеалды денотат) мағынаны білдіреді.

Сөздің лексикалық мағынасының құрамдас бөліктерінің бірі – сигнификаттық мағына. Денотатты мағына көрнекі нақты ойлау негізінде қабылданып, ұғым негізінде қалыптасқан ақиқат дүниенің обьект бейнесі болса, сигнификативті мағына - абстракті, дерексіз ойлау негізінде пайда болған субьект бейне. Сондықтан мұны қазақ тілінде пайымдық мағына деп те атауға болады Пайымдық мағына – сөздің білдіретін тұрақты мағынасы. Кей сөздердің мағынасынан заттық мағына, кей сөздерден сигнификативті мағына айқын танылады. Мысалы: бақыт – адамның тілегінің орындалып, қуанышқа кенелуі (сигнификативті мағына). Професор Б.Сағындықұлының айтуынша, зат есімдерден денотаттық мағына, сын есім, сан есім, етістіктерден пайымдық мағына анық та айқын сезіліп тұрады. Коннотатты мағына жоғарыда айтылған екі мағынаның үстіне қосылған үстеме мағына. Бұл үстеме мағынада стильдік бояу, сезімдік бағалау, экспрессивтік мағына бар. Коннотатты мағына эмоция мен бағалаудан тұрады. Мәселен, зат есімдер мен сан есімдерде, есімдіктерде сезімдік мағына сирек кездеседі, ал одағайлар мен сын есімдерде, етістіктерде бұл мағына жиірек кездеседі. Мәселен, сымпыс - 1. Құйрық қылшығы селдір, сымпыйған; 2. Ауыс. Зып-зып етіп, аннан-мұнан бір шығатын, шаруаға қыры жоқ, берекесіз, сұйық адам.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет