Қазақстанның болашағы қазақ тілінде



Дата15.09.2017
өлшемі9,94 Kb.
#33601
  • Қазақстанның
  • болашағы -
  • қазақ тілінде
  • Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілі – мемлекеттік
  • тіл…Тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде
  • Қазақстан барлық азаматтарына
  • мемлекеттік тілді меңгеруге тең мүмкіндік
  • берді». Нұрсұлтан Әбішұлы отаршылдық
  • саясаттың қарғысынан құтылмаған құлдық
  • психологиядан арылатын кездің келгенін де
  • ашық айтты. «Біз Кеңестік кезеңде жалғыз орыс тілді адам ортамызға түссе, жаппай орыс тілінде сөйлеуге тырысатын әдеттен әлі күнге арыла алмай келеміз.Содан құтылуымыз керек» деді.
  • Қазақстандағы ортақ тіл –мемлекеттік тіл. Ортақ тілді білу қай-қайсымызға да қажет. Ортақ тіл деген барша халық тұтынатын тіл деген сөз.
  • Қазақ тілі поэзия көзімен
  • Мен қазақтың тілімін
  • Мен қазақтың тілімін,
  • Беретін көп білімім.
  • Достасатын сендермен
  • Жаңа пәннің бірімін. 
  • Үйретем тіл заңдарын,
  • Сөзіме құлақ сал бәрің.
  • Менімен тез іске асар,
  • Ойға алған арманың.
  • О.Асқар.
  • Үйрен ана тіліңді
  • Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
  • Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
  • Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
  • Білмей тұрып туған ана тіліңді. 
  • Әлде қалай жоғалтса ана баласын,
  • Бала іздеп таппай ма өз анасын.
  • Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,
  • Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.
  • О.Асқар
  • «Адамға екі нәрсе
  • тірек тегі,
  • Бірі – тіл, бірі – ділің
  • жүректегі», – деп
  • Жүсіп Баласағұн
  • бабамы айтқандай кез-
  • келген мемлекеттің,
  • елдің ең негізгі рәмізі
  • де, ұраны да,тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана
  • тіліміз – қазақ тілі. Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар. Тіл – халық тарихы, тіл – біздің намысыз, арымыз, байлығымыз.1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның
  • 4-ші бабында Қазақ тілі – Қазақстан
  • республикасының мемлекеттік тілі-делінеді.
  • Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлкеттік тілі
  • .
  • Радлов В.В. /ресейлік шығыс зерттеушісі/. Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен сауатсыздарының өзі, ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дәрежесінде сөйлей біледі.
  • Мелиоранский П.М. / 1868 – 1906, шығыс зерттеушісі, профессор/. Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан ең бай, ең таза түркі тілдердің бірі деп таниды. 
  • Ильинский Н.И. /1822-1892, Қазан университеті, профессор/. Ертедегі түркілер тұрмысының көптеген іздерін өзінде сақтап қалған қазақ тілін мен ерекше ұнаттым. Қазақ даласы менің халық тіліне деген сүйіспеншілігімді мүлде қалыптастырды, оған мен тілдік зерттеу үшін нағыз таптырмайтын құжат ретінде қарай бастадым. 
  • Дулатов М. / “Қазақ тілінің мұңынан” үзінді/. “Мен заманында қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
  • Байтұрсынов А. Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат  тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айрылып қалуы мүмкін. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады.
  • Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
  • Пайдасын көре тұра тексермедім.
  • Ержеткен соң түспеді уысыма, 
  • Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 
  • Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, 
  • Қолымды дәп сермесем, өстер ме едім? 
  • Адамның бір қызығы бала деген, 
  • Баланы оқытуды жек көрмедім. 
  • Қазақы құндылықтар
  • .

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет