Ана- біздің күніміз, Біз- ананың гүліміз Тақырыбы: Ана- біздің күніміз, Біз- ананың гүліміз Мақсаты



Дата17.06.2018
өлшемі21,95 Kb.
#42299
Ана- біздің күніміз, Біз- ананың гүліміз

Тақырыбы: Ана- біздің күніміз, Біз- ананың гүліміз

Мақсаты:

1)Балаларға ананың өмірдегі орнын танытып,

оның еңбегін ақтауға, қадірлеуге үйрету.

2)Өнері мен білімдерін дамыту.

3)Адамгершіліке, сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд

Мұғалім: Бүгін — 8- наурыз халықаралық әйелдер күні. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені көктем секілді, әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе! Ана. Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде бұл қасиетті сөз, нәзік, мейірімді жылы естіледі. Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген. Сол дәстүр қазір жалғасуда. Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа!

Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8- наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына қуаныш пен амандық тілей отырып бүгінгі мерекені ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!



Аяулым: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Бақытқа толы өмірі-

Шаттыққа шаттық ұлассың.



Максим: Бақытты ғой шынында

Анасымен балалар.

Құтты болсын мереке

Аман болсын аналар!



Әмір: Сіздерменен жадырайды өңіміз

Сіздерменен жадырасады сәніміз

Ұзақ болсын мерекеңіз

Құттықтаймыз бәріміз!



Даниял: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.



Алуа: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсің солай әрбір күнің, әр айың



Алихан : Ана – өмірдің қуанышы тірегі,

Бала оның жұбанышы жүрегі.

Ана алдында ел жауы да бас иген,

Олар дәйім тыныштықты тіледі.


Тамирис: Әлпештеген баласын,

Ана –бақыт, ана-күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын.



Адель: Ана деген асқақ ән,

Орындайтын әрқашан.

Одан қымбат адамды,

Таба алмайсын ешқашан.



Есенғали: Ақыл құйған санама,

Алғыс айтам анама.

Күн алыста ал анам,

Үнемі менің жанымда.



Алмас: Кеменгерсің, данасың,

Арқа тұтар панасың,

Еңбегінді ақтаймын.

Аман болшы, анашым!



Хор: «Анашым »

Камила: Мейірімі- жел жібек,

Күндей ыстық құшағы.

Ет жүрегі елжіреп,

Құлыным деп құшады.



Асылхан: Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.



Даяна: Менің әжем әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.



Ерасыл: Баршаның мәңгі жадында,

Атыңыз сіздің- нұрлы аңыз.

Жаралған мына өмірде

Асқардай биік тұлғаңыз.



Көрініс: Әжесі мен немересі

Көрініс: Ақ жаулықты әжелеріміздің құрметіне « Әже мен немере» арасындағы көріністі тамашалаңыздар. 
Қазақша киінген әже іс тігіп отырады, немересі қасында ойнап жүреді. 
Әже: Жүрегім кім менің? 
Немере: Мен! 
Әже: Тірегім кім менің? 
Немере: Мен! 
Әже: Жаным кім менің? 
Немере: Мен! 
Әже: Сәнім кім менің? 
Немере: Мен! 
Әже: Ботақаным бағлан қозым 
Не деген тәтті баласың өзің 
Ой қарғам, менің 
Немере: Жоқ, әже қарғаң мен емес! 
Жо... жоқ, қарға болмаймын 
Керегі жоқ ондайдың 
Қарға қарқ – қарқ етеді 
Алысқа ұшып кетеді 
Қасыңда боп әрдайым 
Мен ешқайда бармаймын 
Хор: «Анашым »

Ән: «Әже»

Ш. Аружан:Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.



Алуа: Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген анашымды,

Жүрсем деймін шаттандырып.



Алихан К: Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат анамыз!



Ән: «Анашым »

Көрініс: «Мама-мама

Сырт жақтан «мама-мама « деген үн шығады.

Тәрбиеші : Бұл не дыбыс ? кім екен мамасын жоғалтқан?

Залға қоян кіреді.

Қоян: Мама, мама! Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім. Адасып қалдым. Енді қайдан табамын?

Түлкі кіреді: Мен ешкімнен қорықпаймын. Мен бәрін де алдаймын. Қоянның қасына келіп: Әй қоян, сен неге жылайсың?

Қоян: Мен мамамды жоғалтып алдым.

Түлкі: Мамаң қандай?

Қоян: Менің мамам бәрінен де сұлу, әдемі.

Түлкі: Өтірік айтпа, менің мамам бәрінен әдемі. Нанбасаң қара! (артына қарайды. Мамасы жоқ)Ой , менің мамам қайда? (басын ұстайды)Мен мамамды жоғалттым. Екеуі жылайды..

Аю келеді: Бұл не шу, Ұйқымнан ояттыңдар ғой.

Екеуі: Біз мамамыздан адастық.

Аю: Мамаларың қандай еді?

Екеуі: Сұп-сұлу, әп-әдемі!

Аю: Өтірік айтпаңдар, менің мамам әдемі.

«Жоқ , менің мамам әдемі»-деп үшеуі дауласады. Осы кезде қарға ұшып келеді.

Қарға: Қарқ,қарқ, бұл не айқай –шу? Сендер мында екенсіңдер ғой! Сендерді мамаларың іздеп жатыр.

Аңдар: Рахмет, қарға! Біз мамаларымызға кеттік, алақай!

Қарға: Сендер мамаларыңнын айтқанын тыңдаңдар. Әйтпесе жоғалтып аласыңдар. Барлығы шығып кетеді.

Тәрбиеші: Кейде осындай айтқанды тыңдамай, мамасынан адасып кететін балалар кездеседі. Бірақ , біздің арамызда ондай бала жоқ. Біздің балалар мамаларының айтқанын тыңдайды.

Мұғалім: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Ананың өмір жолы басқа. Яғни, ол бәрінен ерекше, ешкімге ұқсамайды. Ол бізге жарық өмір сыйлайды. Сондықтан, өмірде ананың орны бөлек. Ананы ешкіммен теңестіре алмаймыз. Ана- құдіретті ұғым.

Ойын: «Қай ана қанша жылы сөз айтады?»

Н.Алихан: Оқуды да ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды аялап,

Мерекесін тойлаймыз.



Ағзам: Мерекеде көктемгі,

Құттықтаймыз сіздерді.

Жайнап өскен қызғалдақ,

Қыздар әсем ел гүлі.



И. Аружан: Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ, ақ анам.

Менің анам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.



Досхан: Біз өнерлі баламыз,

Суретті де саламыз.

Суреті менің анамның,

Көрікті ме, қараңыз!



Тимур: Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын,

Апашымды сыйлаймын.



У.Аружан: Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным тампаған.

Бақыты үшін балаңның,

Аман –сау бол, ақ анам.



Алтынбек: Анашым анам,

Қымбатсың маған

Тәрбие бердің,

Көп алғыс саған.



Көрініс;

Жүргізуші: Көрініс. Ортаға 2 қыз бен 1 бала шығады. Бала екі қыздың ортасында тұрады. 
Бірінші қыз: Тамақты кім жейді? 
Бала: Мен. 
Бірінші қыз: Шайды кім ішеді? 
Бала: Мен. 
Бірінші қыз: Бананды кім жейді? 
Бала: Мен. 
Бірінші қыз: Ыдыс аяқты кім жуады? 
Бала: Манадан бері мен, мен деп тұрмын ғой енді Нұрсая мен десін. 
Нұрсая: Жейтін, ішетін заттың бәріне мен, мен деп алып, жуатын ыдысқа келгенде неге мен демейсің. 

Хор: «Құттықтаймын, мама!»

Қорытынды:

Ана менен баланың айырмасы,



Бірі- ән де, бірі- оның қайырмасы- дей келе аналарымызға ұзақ өмір, әрқашанда көктемдей құлпырып, жаздай жайнап, күздей күлімдеп, қыстай қатты денсаулық тілеймін. Құттықтау сөзі ата- аналар мен ұлағатты ұстаздарға беріледі. «Ана- біздің күніміз, біз- ананың гүліміз»- атты ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға көп- көп рахмет!!!

Хор: «Атамекен»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет