Баланы кітап оқУҒа баулудың жолдары



бет1/5
Дата09.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#171679
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Баланы кітап о У а баулуды жолдары


БАЛАНЫ КІТАП ОҚУҒА БАУЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

PEARSON компаниясының мәліметтері негізінде жасалған


ТЕГІН таратылады



Әрбір ата-ана өз перзентіне ең жақсыны қалайды. Бала өмірде жетістікке қол жеткізу үшін сауатты, білімді болып өсуі шарт, яғни ақпаратқа толы мына әлемде өз-өзіне сенімді болуы қажет, өзін еркін сезінуі керек.
Алайда баланың кітап оқуға құмарлығын, үнемі ізденісте болуын, жаңа білім алуға талпынуы мен дұрыс ақпа- ратты таңдауын, қоғамда баланың теріс ағымның ықпа- лына түсіп қалмауын, жеке ойының болуы мен дұрыс құндылықтар жүйесінің болуын қалай қалыптастыра аламыз?
Бұл сұрақтардың бір ғана жауабы бар: баланы кітап оқуға көбірек баулу және ең бастысы балаларға кітапты сүюге көмектесу керек.



Кітап оқудың пайдасы неде?
«Кітап оқуды сүйетін балалардың сөздік қоры бай, әртүрлі салада білімі мол, мектептегі оқу үлгерімі жоғары болады, өмірде жетістікке жетеді, заңбұзушылықтарға бармайды, тәртіпті әрі тәрбиелі болып қалыпта- сады» – дейді зерттеушілер.

Мен ата-ана ретінде не істей аламын?
Жауабы: Қосар үлесіңіз мол! Ата-ана – баланың өміріндегі ең басты ұстаздар. Кітап оқуды бастау ешқашан кеш емес. Балаңызбен күніне бірнеше минут оқысаңыз – жеткілікті!

Сөздік қорды кеңейту және мәтінді түсіну
Оқу дегеніміз – ата-ананың дауыстап оқығанын тыңдау емес, мұқият тыңдай отыра, сөздерді есте сақтау, жаттау. Осылайша көп сөздің мағы- насын білетін балаға мәтіннің мағынасын түсініп, оқиғалар желісін бақылау оңайға соғады.
Бала оқып үйрене бастаған кезде сіз ата-ана ретінде баланың дамуы мен кітапты құрметтеуіне, кітапты сүюіне әсер ете аласыз. Бастысы балаңыздың нені қалайтынын түсініп, дұрыс кітап табуға көмектесу. Сонымен қатар, балаңызға үй тапсырмасын орындауға көмектесуді естен шығармаңыз.



Менің балам өздігінен кітап оқу үшін әлі кішкентай, бірақ мен оны кітап оқуға, кітапты сүйюге баули аламын

Кітап балаға түсінікті тілде жазылғанына көз жеткізіңіз. Бала кітап оқуды әдетке айналдыру үшін келесідей әрекеттерді орындауыңыз қажет:



керек (!!!), кітаптағы суреттерді талқылап, кітап жайлы пікірлерімен бөлісуі керек.

  • Ата-аналар кітап оқу керек! Баласы ата-анасының кітап оқығанын көрсе, өзі де қызығып, оқитын болады.

  • Баланың айналасын кітаптар қоршағаны жақсы, бірақ бұл үйге жүз кітап сатып алу керек деген сөз емес. Балаңызбен жергілікті кітап-

ханаға барып (мүмкіндік болса, кітаптар дүкеніне барып), уақыт өткізуге болады. Кітапханада баланы кітаптармен таныстырып, мазмұнын талқылап, осы жолы үйге қандай кітапты, келесі жолы қайсысын алатындарыңызды бірге шешуге мүмкіндік аласыздар.






Баламен кітапты қалай оқу керек?
Күнделікті дауыстап кітап оқып үйренбеген жандарға ертегілер мен оқиғаларды дауыстап оқу таңсық, жат нәрсе болып көрінуі мүмкін. Кітап оқу сізге жат көрінгенімен, кітап оқуды жақсы көрмесеңіз де, балаңызға кітап оқудан бас тартпаңыз. Балалар кітап оқығанды ұна- тады, олар оқиғаны тыңдап отырғанда көп қиялдайды, сондықтан сізді сынамайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет