Синтаксистік шартты мағына - сөздер сөйлеу үстінде, контексте қолданылу жүйесіне қарай өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туындайтын мағына. Мысалы: жемқор – өңеш, құлқын; аю – арбиған, ебедейсіз; құдық - мешкей, жалмауыз деген ұғымды білдіреді. Тілдік лексикалық жүйесіндегі кез келген сөздің фразеологиялық байлаулы мағынасы немесе синтакситік шартты мағынасы бола бермейді. Номинативті мағынаға ие болатын атауыш сөздердің көбіне-көп жұмсалу қабілеті күшті болады. Әсіресе зат есім, сын есім, етістік сөздер тура мағынада, әрі ауыс мағынада тілде белсенді қызмет атқарады. Мұндай сөздердің көпшілігі өзінің тура мағынасының үстіне қосымша мағыналар үстеп алған. Мысалы: түнеру (ренжу, кею), шатынау (көзі шарасынан шығып ашулану), соқыр (надан, топас), сору (аяусыз қанау).